Алаш үні

Халқына жаны ашитын тұлғалардың көзін жою міндетті түрде жүргізіліп отырды

  • Халқына жаны ашитын тұлғалардың көзін жою міндетті түрде жүргізіліп отырды

    Халқына жаны ашитын тұлғалардың көзін жою міндетті түрде жүргізіліп отырды

Меніңше, Қазақстанда 30-шы жылдардағы Ашаршылық пен репресссиялар өзге республикалара қарағанда ауырырақ болған сықылды. Неге? деген сұраққа екі түрлі жауап алып жүрмін: А) Кеңес үкіметі КСРО-дағы ең үлкен, азатойлы, жаугер халық болып саналатын қазақтарды өзгелерге қарағанда қаттырақ тұқыртып алғысы келді Б) 30-шы жылдардың нәубеті қазақ халқының кейбір мінез-құлық ерекшеліктерінің кесірінен аса зардапты болды. Мен үшін А варианты (Б-ны түбегейлі жоққа шығармаймын) көңілге қонымдырақ. Өз басым, осы бүкіл қиянаттардың бәрі алдын-ала ойластырылған, жоспарлы түрде ұйымдастырылған деп санаймын. Егер Кеңес үкіметі, әуелі, қолдан ашаршылық ұйымдастырмай бірден репрессияға кіріскенде кәдімгідей үлкен қарсылыққа тап болатын еді. Сондықтан, олар бірінші таптық күрес деген желеумен ағайын арасына араздық-жаулық кірігізіп, әртүрлі қитұртқы тәсілдермен қазақтарды малдан айырып, дүние жүзі тарихында бұрын-соңды болмаған алапат ашаршылық ұйымдастырды. Әр жапай апатқа ат беріп отыратын қазақ халқының тарихында 30-шы жылдардың басындағы ашаршылық «Бала жеген» деген атпен қалды. Биологиялық заңдылықтарға сәйкес бұндай сұмдықты бастан кешірген елдің (және әрине жекелеген индивидтердің де) санасы буалдырланып, сағы сынып содан қанша уақыт өтіп, қарны қанша тойса да ерік-жігері қайта қалпына келуі екіталай нәрсе. Жекелеген адамдардың басынан өткен ашаршылықтан соң сол адамның мінез-құлқы қалай өзгергені туралы әлемдік әдебиеттен біраз мысалдар табуға болады. Ашаршылық кезінде есіл-дертін билеп алған азаптан арылғанан кейін де бұл «сыну» сын сәттерде өзін талай білдіруден талған емес – 37-ші жылдарда көп адамның тұяқ серпуге, жазықсыз жақындарына араша түсуге жарамауы да сондықтан.

Сонымен, хронологиялық тәртіппен:

1) Азамат соғысы мен Совет үкіметінің алғашқы жылдары біртұтас ағайынды бай-кедей деп жікке бөлді. Бұрын-соңды болмаған алауыздық туындады.

2) Кәмпеске қазақтың іскер адамдарын («Тегін адам таз болмайтыны» сықылды, тегін адам бай да болмайды) құртып жіберді. Би-бай институты тарих сахнасынан кетті.

3) Бай-кедей деп бөлместен көп қазақты олардың тіршілік көзі - малынан айырып, алапат ашаршылық ұйымдастырылды. Қазақтың сана сезімінде жойқын өзгеріс болды – діл өзгерді

4) Қазақтың қаймағы - бетке ұстар азаматтары түгелге жуық қудаланды: атылды, қалғандары ұзақ мерзімге қамалды. Генефонд рухани жағынан тұралады. Келесі ұрпақтардың бойында қазақтың табиғатында жоқ ынжықтық көрініс таба бастады.

5) ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде қазіргі заманғы соғыс өнерінен хабары аз, дайындығы жоққа жақын қазақ азаматтарын қайнап жатқан қазан – майданға лақтырып жіберді. Өзге де факторлармен (ашаршылық, репрессия) бірге қазақ ұлтының өз елінде азшылыққа айналуына алғышарттар жасалды.

6) Тың игеру – мыңғырған малдың қажетін қиналмай өтей алатын құйқалы жердің басын жарып, елге етене жақын тірлік - мал шаруашылығын екінші орынға ысырды. Тың игеру елге бұзылған адамдардың жаппай кіруіне, сөйтіп бұрын-соңды қазақ даласында болмаған қылмыстардың пайда болуына, алкоголизмді алып келді. Генефондтың азуы күшейді. Қазақ өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды

7) Қазақстан түрлі жойқын (атом, биологиялық, химиялық, т.с.с) қарулардың сынақ алаңына айналдырылды. Генефонд айтарлықтай ақау алды – туа бітті кемістер жаппай дүниеге келе бастады. Адамдар сынақ полигондарынан өзге өңірлерге зорлықпен көшірілді.

8) Қазақ тілінің қолдану аясы шектеле түсті. Азаматтар ана тілінен айрылу себебінен салт-дәстүрінен, тарихынан, өнерінен алыстады – жаппай мәңгүрттену басталды.

9) Қазақтың дін-ділі, дүниетанымына жат ағымдардың елде емін-еркін сезінуіне мүмкіндік берілді

10) Халқына жаны ашитын және ел арасында беделі бар тұлғалар пайда болған жағдайда олардың күйін не көзін жою міндетті түрде жүргізіліп отырды.

Біз Советтің қазаққа жасаған қиянатын азаматтардың санасына сіңіруіміз керек. Өйтпесек, ата-бабаларымыздың аруағы бізге разы болмайды. Өйтпесек, осындай не бұдан да бетер нәубеттер қайта оралуы мүмкін емес. Көзі ашық азаматтар айналасына деколонолизация жұмысын жүргізбей, біздің ел болуымыз екіталай. Өкінішке орай, Кеңестің күні әлдеқашан бітсе де олар бастаған озбырлық эстафетасы қазір әбден аяқталды деп әсте айта алмайсың...

Нұрлан Сәдір
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1429    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.12.2019, 12:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин
    26 Мамыр, 16:22
    Бозбала Бейсен
    19 Мамыр, 16:42
    Өнеге-өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31