«Халық қарғысы» деген медаль шығарып, тарату керек» - журналист
Артына ит қосып қуатын жемқорлар ішкі де сыртқы саясаттағы інішектерінен «Халық алғысын» алып, бір-бірінің май басқан қолын қаттырақ қыса құттықтап, мәз болысып жүр.
Тәртіп сақшылары полиция формасын киген адамның тамада екенін анықтады.
"Полиция әзілге, пародияға және орынды сынға қатысты әрдайым дұрыс көзқарас танытады. Бірақ мұндай видеолар ішкі істер органдарының санитарлық дәрігерлермен бірге карантинді cақтауға жасап жатқан еңбегін далаға кетіреді.
Белгіленген ережелер мен шектеулерді сақтау өте маңызды. Ал отбасылық іс-шараларды айналасындағыларға қауіп төндірмей, аз адамдармен өткізуге болады" - деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.
Қазіргі уақытта "Айыру белгілері және (немесе) символикасы бар әскери нысанды киімді, сондай-ақ нысанды киімді және арнайы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану)" ҚР ӘҚБТК-нің 675-бабы бойынша жалған полицейлік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралуда. Мерекені ұйымдастырушыға қатысты ашылған іс ҚР ӘҚБТК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін СЭС-ке қарауға жіберілді.