Алаш үні

Хан Кененің бас сүйегі табылды

  • https://kaz.orda.kz/

    https://kaz.orda.kz/

Бір-біріне тәуелсіз үш дереккөз Orda.kz-ке Кенесарының бас сүйегі ілеспе құжаттарға сәйкес табылып, генетикалық сараптамадан кейін Қазақстанға қайтарылатынын растады.

 

Соңғы қазақ ханы Кенесарының бас сүйегі Омбы қаласындағы музейлердің бірінен табылды. Оның түпнұсқалығын құжаттар, атап айтқанда экспонаттың төлқұжаты растайды. Онда шығу тарихы: бұл экспонат қайдан және қандай жағдайда келгенін, кімге тиесілі, сыртқы түрі мен мөлшері жазылады. Бірақ Орда дереккөздерінің түсіндіруінше, нақтылау үшін кейбір құжаттар аздық етеді. Қазір жүргізіліп жатқан генетикалық сараптама қажет. Ол аяқталғаннан кейін, оң нәтиже болған жағдайда, тарихи оқиға ресми түрде жарияланады. Егер, әрине, айтулы оқиға Кенесарының келесі жылы болатын 220 жылдық мерейтойына тұспалдап қоймаса….

 

Бас сүйек бірнеше ондаған жылдар бойы көптеген қоғамдық ұйымдардың өтініші бойынша ізделген еді. Негізінен іздеу жұмыстары Санкт-Петербургте жасалды. Аңыз бойынша революциядан кейін ханның басы сонда көшірілген. Бұл деректердің жалған болуы да мүмкін, себебі кейбір ақпарат көздерінің айтуынша, экспонат Омбыдан ешқайда шығарылмаған.

 

Бас сүйектің өзі де, оны іздеу де көптеген жылдар бойы құпиялар мен аңыздарға толы болды. 7 сәуір Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов Facebook парақшасында Кенесары ханның бас сүйегі табылып, Қазақстанға қайтарылатыны туралы жазған болатын. Бірақ бірнеше сағаттан кейін жазба өшіріліді. Біз анықтағандай, ол шындықты жазған. Ол Қазақстандық тарихшылар тобының құрамында Омбыға шақырылды. Сапар жасырын түрде өткізілді. Ғалымдарға құнды экспонат пен оның түпнұсқалығын растайтын құжаттар көрсетілді.

 

Содан кейін шілде айында Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесуде күтпеген жерден Ресей президентінен қазақтар үшін қасиетті жәдігерді іздеуге жәрдемдесуді сұрады. Осындай жоғары деңгейде бұл мәселе алғаш рет көтеріліп, бұл бас сүйек әлі де табылды деген үміт оянды.

 

Неліктен көп жылдар бойы табылмаған бас сүйек дәл қазір табылды? Бұл кездейсоқтық емес. Іздеу жұмыстарына премьер-министр болған кезінде Кәрім Мәсімов жеке қызығушылық танытып, демеушілік етті. Яғни, жұмыс көптеген жылдар бойы жүргізілді.

 

Енді соңғы және шешуші сөз генетиктерте. Тек олардың сараптамасы ғана Омбы мұражайларының бірінен табылған бас сүйек шын мәнінде Қазақ хандығының соңғы ханы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлына тиесілі екенін растайды.

 

Біз зерттеуге қандай зертхана тапсырыс бергенін және генетикалық материалды нақты немен салыстыратынын анықтай алмадық.

 

 

 

 

 




Көрілген: 4161    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.08.2021, 19:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31