Алаш үні

Исламның әйелге көзқарасын берідегі қара ниеттілер бұрмалаған...

  • Исламның әйелге көзқарасын берідегі қара ниеттілер бұрмалаған...

    Исламның әйелге көзқарасын берідегі қара ниеттілер бұрмалаған...

Қазір әлемде гендерлік саясат, гендерлік теңдік деген көлемді науқан жүріп жатыр. Сұрайтындары – әйел теңдігі. Билікте де, қоғамда да теңдік болуын талап етеді.

Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселесінің ауқымды көтерілгеніне, ресми сөз бола бастағанына көп бола қойған жоқ. Осыған орай, Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алаш қайраткері – Сәбит Дөнентаевтың 1918 жылы әйел теңдігі мәселесі турасында не айтқанын оқырман назарына ұсынбақ. Мақала "Қазақ әйелдері туралы" деген атпен "Абай" журналының бетінде жарық көрген.

Оқырманға қолайлы болуы үшін Алаш арысының мақаласындағы өткір пікірлерді қаз-қалпында беруді жөн көріп отыр. "Біз көреміз, шежіре жүзінде де, тұрмыс жүзінде де еркін әйелден елеулі кісілердің шығуға мүмкін екендігін.

Біз көреміз, дін көзілдірігімен қарағанда да, исламның нағыз аузынан жалыны шығып тұрған күндегі әйелдегі еріктің қандай екендігін.

Мысалы, Пайғамбардың қатындары Хадиша мен Айшаның, біреуі үлкен сауда жұмысын басқарып, бірі Пайғамбардың өзіменен неше соғыста бірге болғандығы. Имам Ағзамның Ханифа деген қызының данышпан оқымысты болғандығынан, аты шығып, тіпті Имам Ағзамның өзін де "Ханифаның әкесі" (Әбу Ханифа) деп кеткендігі, қарун Рашид халифаның қатыны Зұбайда ханымның Бағдаттан Мекке-Мединеге дейін арық жүргіздіргені һәм басқалар ілгеріде исламның әйелге қай көзбен қарағандығын көрсетуге жараса керек.

Бірақ берірек келген соң кәдімгі пайғамбардың мирасқорлары анау тарихтан да көз жұмды, мынау исламды да бел шалғыға бұрды. Бұған себеп: әм мә халифаларынан бастап ислам күшінің Иран қолына көшкендегі кейбір қара жүрек өмір әлмүминдердің өздерінің жауыз нәпсілерінің қызығы үшін ханым сарайы деп ат қойып, ыңғай сұлуды үйірлеп оңаша бөлек ұстауларына исламды құрал қылғандықтарынан".

Дайындаған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

 




Көрілген: 616    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.12.2019, 12:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қаңтар, 12:43
    Бір видеоның «сыры»...
    28 Қаңтар, 11:06
    Мағауин мифі
    6 Қаңтар, 14:50
    28 жыл бойғы құпия
    26 Желтоқсан 2019
    Абай бай болған ба?
    23 Желтоқсан 2019
    Қажымұқанды жеңген қазақ
    23 Желтоқсан 2019
    Абайдың саяси қызметі
    12 Желтоқсан 2019
    Желтоқсанның батырлары

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29