Алаш үні

Жарғанаттан жаралған, жауапсыздықтан нәр алған

  • Жарғанаттан жаралған, жауапсыздықтан нәр алған

    Жарғанаттан жаралған, жауапсыздықтан нәр алған

 Кеше Қытайда корона­вирустан бір адам көз жұм­ды. Осының алдында, 9 сәуірде тағы екі адам қайтыс болды. Екі күнде шың елінде COVID-19 жұқтырудың 100-ден аса жаңа оқиғасы тіркелді. ҚХР-дың «қаралы көрсеткіші» қайта­дан өсе бастады және 82 мың адамға таяды. 1 мил­лиард 400 миллионнан көп хал­қы бар ел үшін бұл – теңіз­дегі тамшы. Әйтсе де, әлгі дерек жа­һандық пандемия­мен күресте ұлы жеңістің ауылы әзір­ге алыс екенін көрсетк­ендей.

10 сәуірде әлемде үрейлі ін­дет­ке шалдыққандар саны 1 мил­лион 605 мыңнан асып жығылды. Оның 95,7 мыңнан астамы жантәсілім етті. Алғашқы ондықта: АҚШ (науқастар – 469 мыңдай, қаза тапқандар – 16 мың 697), Испания (тиісінше, 153,2 мың; 15 мың 447), Италия (144 мыңдай; 18 мың 279), Германия (118,2 мың; 2 мың 607), Франция (118 мыңдай; 12 мың 210), Қытай (82 мыңдай; 3 мың 336), Иран (66,2 мың; 4 мың 110), Ұлыбритания (65,1 мың; 7 мың 978), Түркия (42,3 мыңдай; 908) және Бельгия (25 мыңдай және 2 мың 523).

Испан ақпарат құралдары ел еңсесін көтеру үшін «оптимистік» жаңалықтар көрсеткен: ауру­ханалардың жансақтау бөлім­дері бұрынғыдай лық толы емес екен, өткен аптадағыға қара­ғанда бос орындар пайда бо­лыпты. Тіп­ті, қол­дары сәл боса­ғанына қуан­ған меди­цина маман­дарын да жария­лаған. Бірақ сарап­тамалық порталдар «медальдің екінші жағына» үңіл­ді: ауру­ханалардың босауы ис­пан билігі­нің коронавирус ин­фек­циясын (КВИ) жеңгенінің белгісі емес, ауырғандардың көбінің дүние салуы салдары көрінеді. Бір тәу­лікте ғана Испанияда 655 науқас өмірден өтті. Енді Мадрид мәйіт­ха­налары шектен тыс толды.


Әсіресе, әлемдік державалар ауыр жағдайды бастан кешіріп жатыр: АҚШ-та тек 1 тәулік ішінде бірден 33 мың 536 адам дертке душар болып, бір күн ішінде 1 мың 900 америкалық бақиға аттанды. Еуропа көшбасшысы Францияда бір тәулікте ғана кеселдің 4 мың 799 жаңа дерегі тіркеліп, 1 мың 341 француз құрбан болды. Іргедегі алпауыттың жағдайы да мәз емес: Ресейде бір апта бойы күн сайын 1-1,5 мың вирус жұқтырған адам тіркеледі. Осыдан үш апта бұрын ғана, яғни 23 наурызда солтүстік көршіде небәрі 438 адам COVID-19 құрсауына ілікті және бірде-бір адам шығыны болмады! Ал 10 сәуірде РФ-да науқастар саны 12 мыңға жетті. 94 адам көз жұмды. Сөйтіп, бірнеше апта бұрын ғана «қара тізім» соңында болған Ресей 17-орынға дейін көтерілді.

 

Карантиннен құтылар күн таяу ма?
Қытай атышулы Ухань қала­сындағы карантинді жойғанда барша адамзат үшін жеңіс күні жақын қалды деген берік үміт пай­да болғандай еді. Әйткенмен, өзге елдерде шектеу шараларын жою туралы сөз қозғау ерте. Мысалы, Испанияда бір айға енгізілген карантин аяқталуға жақындады. Алайда 26 сәуірде де ресми шек­теулер жойылмайтын түрі бар. Сарапшылар испан елінде тек мамыр айында ғана эпидемиямен күресте ілгерілеу болуы мүмкін деп отыр.

Әзірге коронавирустан көз жұмғандар саны жөнінен Испания әлемде Италиядан кейінгі екін­ші орында тұр. Мемлекетте қозғалыс барынша азайтылды: азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға, қарт ата-анаға күтім жасап және итті серуендету үшін ғана сыртқа шығуға рұқсат. Басқа тірлікпен көшеде сенделгендерді полиция аяусыз жазалауда: жарты миллиондай адамға айыппұл салынған, бұл ауырғандар санынан үш еседей көп. Кәсіпорындар жұмысының тоқтауы кесірінен Испанияда жұмыссыздар армиясы 3,5 миллионға жеткен.

Испандықтардың жігерінің жаситын жөні бар. Испания тұр­ғын­дарының адамзаттың жалпы са­нындағы үлесі 0,6%-ды, ал эпидемиядан қаза болған­дар санындағы үлесі 18%-ды құрайды. Оның үстіне, бұл ел дертке ұшыраған медицина қыз­мет­керлері саны жөнінен дүние­жүзінде бірінші орында: шама­мен 20 мың ақ халатты абзал жан кесел жұқтырыпты. Испан ауруха­наларында қорғаныш құралдары – респиратор, халат, сани­тарлық жабдық жетіспейді. Сарапшылардың байламынша, егер КВИ пандемиясын соғысқа теңесек, испан генералдары солдаттарды жауға қарсы қарусыз, каскасыз жіберген.

Негізі, бүкіл планета көлемінде пандемия тойтарылмай, ешбір ел шектеу шараларынан бас тар­та алмаса керек. Мысалы, Вашинг­тондағы Ақ үйде өткен бри­финг­те коронавируспен күрес жөнін­дегі президенттік жұмыс тобы статис­тикалық модельді таныстырды: оған сәйкес, егер америкалықтар бір ай бойы каратин шараларын мүлтіксіз сақтамаса, маусым айы­ның ортасына қарай АҚШ-та 100 мыңнан 240 мың адамға дейін көз жұмуы ықтимал.

Президент Дональд Трамп елде 13 наурызда төтенше жағдай жариялады. Дегенмен бүкіл мем­лекет көлемінде карантин енгізу­ден бас тартып, бұл құқықты әр штаттың құзырына қалдырды. Салдарынан, штаттардың бір бө­лігі Қазақстандағыдай көшеге аса қа­жеттіліксіз шығуға тәулік бойғы шектеу қойса, қалған штат­тар коменданттық сағатпен шек­телген: яғни, таңнан кеш­ке дейін сыртқа шығуға бола­ды. Прези­денттік топ америкалықтарға үй­лерінде оқшаулануға кеңес берді. Бұл ұсынымның заңды күші бол­мағандықтан, шектелгісі келмейтіндер оны құлағына да ілмейді. Сондықтан CNN бүкіл әлем жазылса да, Америка SARS-CoV-2 вирусын әрі қарай тара­татын жаңа ошаққа айналуы ықтимал дейді.

Бірқатар сарапшы Трамптың тірлігін ұлы депрессия кезіндегі президент Герберт Гувер саяса­тымен салыстырады: респуб­ликалық партия атынан сайланған президент өткен ғасырдың 30-жылдары федералдық дең­гей­де дағдарысқа қарсы шаралар ен­гізудің қажеті жоқ деп табанд­аумен бол­ған. Нәтижесінде, алып елді жай­рата жаздады.

 

Үндістанның қаталдығы неге әлемді сүйсінтті?
Жаһандағы интернет пай­даланушылар Үндістандағы шараларға сүйсінуде: 1,3 миллиард адам тұратын елде 6 мың 771 адам ғана КВИ жұқтырды. Бұл мысалы, осыдан он еседей аз хал­қы бар Ресейдегіден екі есеге, 5 мыңға аз. Ғаламтор үнді поли­цейлерінің карантин режимін бұзғандарды үйлеріне дүрелеп, таяқпен қуып тығатыны туралы видеороликтерге толып кетті. Қа­тал тәртіп сақшылары тіпті қозға­лысына рұқсат етілген жур­налис­терді де аямайтындарын бай­қатты. Үн­діс­тан көшбасшысы – премьер-министр Нарендра Моди 24 наурызда барлық штатта қатаң шектеу енгізді. Үнді үкіметі жұртшылық алдында әрбір үндінің өмірін сақтауға уәде берген.

Азиялық елдегі қаталдық өзін-өзі ақтады: халқы тығыз ел пан­демияның кең жайлауына жол берсе, оның кесапаты бар­ша әлемге тарамақ. Онсыз да қайыр­шысы басым Үндістан тұрғындары аман қалу үшін өзге елдерге жаппай босып, азық-түлік тапшылығы туындап, қылмыс өршуі мүмкін. Үндістан қаржы министрлігі үйлерінде оқшауланатын осал топтарға тамақ жеткізу үшін 22,5 млрд доллар бөлді. Бұл тұрмысы күнкөріс шегінен төмен 300 мил­­лион адамға қанша күнге жетері бел­гісіз. Сонымен бірге саясат­керлер демократияға үйрен­ген үнділердің үйде көп отыруға шы­дамы жетпейтініне алаңдайды. Мысалы, Н.Моди дәрігерлердің ерлігіне тәнті болып, халықты кешкі сағат 5-те медицина ма­ман­дарына бір мезгілде қошемет көрсетіп қол соғуды сұрады: белгіленген уақытта барлық көше тұрғындары қол шапалақтап, мәз-мейрам болған.

Осы орайда, еш карантин енгіз­бей күресіп жатқан Швецияның тәжірибесі қызықты. КВИ тізімін­де Үндістанның алдында орна­ласқан осы мемлекетте ин­фекция­ны жұқтыру оқиғалары бір­шама ке­міпті. Нәтижесінде, оны Ресей, Израиль «басып озды». Сарапшылар ауқатты швед мемлекетінде азаматтар еш ка­­рантинсіз-ақ өз бетінше оқшау­­ланып алғанын айтады. Кейін­гі он­жыл­­дық­тарда матриархат дәуірле­­ген Швеция­да үл­кен отбасы­лар тым аз. Жалғыз­бастылар басым. Адамдар бір-бірі­мен араласпайды. Скандинавия­ның өзге елдері де осы себепті ін­дет­пен табысты күресіп жатыр. Әрине, қонақжай қазақ халқына бұл үлгі бо­ла алмас. Алайда бүгінде оқшаулану­дың маңызы зор.

Өйткені ұрпақтар сабақ­тастығы тығыз, немерелері мен ата-әжесінің әр жексенбіде дастарқан басында кездесуі дәстүрінен көпке дейін бас тартпаған Испания мен Италия «саяқтарды» сүйетін вирустан қатты зардап шекті, қа­риялар қатары селдіреді. Бүгін­де абзал ақсақалдар мен ақ жау­лықты әжелерге жас ұрпақтың қамқорлығы – алыстан араласу, қашықтан көмек көрсету болмақ.

 

Айхан ШӘРІП

aikyn.kz

 




Көрілген: 781    Пікірлер: 0

сенбі, 11.04.2020, 14:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30