«Jas Fund» дарынды жастарды қолдайды

19 қазан 2021, 17:38

«Jas Fund» Қарағанды облысының дарынды жастарын қолдау қоры республикалық және халықаралық шығармашылық іс-шараларға қатысу үшін, сондай-ақ ғылыми бастамаларды іске асыру үшін қаржылық қолдау алуға өтінімдер қабылдаудың басталуы туралы хабарлайды.
 Жобаның мақсаты - ғылыми және шығармашылық клубтарды, жастар қоғамдастығын дамыту үшін жағдай жасау.


 Өтінімдер 2021 жылдың 19 қарашасынан бастап қабылданады.
Өтінімді жастардың ғылыми қоғамдастықтары, жастардың шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ 14 жастан 28 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастардың жекелеген өкілдері бере алады.
Ниет білдірушілер jasfundkrg@gmail.com электрондық поштаға
бірыңғай PDF-файлмен өтінім беруі қажет.
Қаржылық қолдау алу ережелерімен және өтінім формасымен JasProKrg Bot Telegram-ботында танысуға болады.


 Қатысу алгоритмі:
1) https://t.me/JASPROKRG_Bot сілтемесі бойынша өтіңіз;
2) Ботты қолдануды бастаңыз «Start»;
3) Қалаған тілді таңдаңыз;
4) «Jas Fund» айдарына өтіңіз;
5) «Қаржылай қолдау көрсету қағидасын» басыңыз;