Алаш үні

Жер тұтастығы жайлы архивтің бір бөлігі Кенесарының қылышына айырбастала жаздады – архив өкілі

  • Жер тұтастығы жайлы архивтің бір бөлігі Кенесарының қылышына айырбастала жаздады – архив өкілі

    Жер тұтастығы жайлы архивтің бір бөлігі Кенесарының қылышына айырбастала жаздады – архив өкілі

Бұл туралы Орталық мемлекттік архив директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына орай өткен жиында айтты.

Оның айтуынша, 1921 жылғы 1 қыркүйекте Орынбор қаласында орталық мемлекеттік бірінші архив құрылған. Ол кезде Орынбор қазақ елінің астанасы ретінде саналған. Кейін көптеген құжаттар астана болған басқа қалаларға көшіріліп отырыпты.  

Ол құжаттарды алып келу үшін сыртта жүрген қазақ азматтары көп тер төкті. Сәкен Сейфеллиннің айтуынша, қазақ даласында революцияға дейін де барлық облыстық деңгейде архивтер болған. Оның үстіне бізде Омбы қаласындағы Степной генерал-губернаторство деген үлкен қор бар. Осы күнге дейін Орыс мемлекеті осы қорды алу жөнінде талпыныс жасап келді. Алдыңғы жылдары үлкен бір қателік жасалып кете жаздады. Әрине, оны біз архивистер дер кезінде ұстап қалдық. Біздің министрлік тарапынан Кенесары ханның қылышына сол бір қорды айырбастау жөнінде мәселе көтерілді. Біз әбден жаманатты болып, сол қорды алып қалдық. Ол қордың маңыздылығын ешкім бағамдап жатқан жоқ. Егер ол кетсе біздің бүкіл солтүстігіміз кетеді, еліміздің жері түгелдей кетуі мүмкін,-деді М. Жылысбаева. 

Сондай-ақ ол қазіргі тарихшылар алашордашылар мен Совет үкіметі құрамында қызмет еткен ұлт зиялыларын бөліп-жарып қарайтынына қынжылатынын айтты.  

Ол дұрыс емес, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Сәкен  Сейфуллин болсын барлығы қазаққа қызмет ектен азаматтар. Оларға қатысты деректер 100 жыл толайын деп отырған біздің орталық мемлекеттік архивте сақтаулы,-дейді ол. 

Айта кетсек, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл жиын Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  Н.Дәулетова атындағы залында өтті.


Әділет МҰСАХАЕВ

BAQ.KZ




Көрілген: 2831    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 22:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31