Алаш үні

Жерді жекеменшікке беру мәселесін түбегейлі шешу өте қиын - Айдос Сарым

  • https://informburo.kz/

    https://informburo.kz/

Қоғамда сенімсіздік туындаған жағдайда жерді жекеменшікке беру мәселесін түбегейлі шешу өте қиын. Мұндай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жер реформасы комиссиясының мүшесі Айдос Сарым білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Ауыл шаруашылығында, жер мәселесінде қордаланған, бұған дейінгі Жер комиссиясынан тыс қалып, шешімін таппаған мәселелерге қатысты нақты ұстанымдар қабылданып жатыр. Біз, Парламент ретінде үлкен заңдар легін, атап айтқанда, Жер кодексі мен ауыл шаруашылығына қатысты заңдарға өзгерістерді күтіп отырмыз. Оның ішінде, бүгінгі, бұған дейінгі 4-отырыста, одан тыс жұмыс топтарында айтылған деректерді алып, Құдай қаласа заңдық немесе тиісті нормативтік-құқықтық шешімге айналдыру ісімен айналысу керек болады. Мұның ішінде ең бастысы қоғамды әбігерге салған, мәселе тудырған жерді жекеменшікке беру жайына қатысты айтар болсақ, бүгінгі күні толық ақпарат жоқ, жер қыртысы егжей-тегжейлі зерделенбеген, қоғам ішінде сенімсіздік туындаған жағдайда бұл мәселені түбегейлі шешу қиын деп есептеймін», деді Айдос Сарым аталған комиссияның 5-отырысынан кейін.

 

Оның атап өтуінше, шешім қабылдаушы Үкімет, Парламент дейтін болсақ, онда бүгінгі күні сырттан көрсетіліп жатқан қысымды санаға емес, көңіл-күйге бағынған әрекет деп бағалауға болады.

 

«Сондықтан әр тарапқа да шешім қабылдау үшін нақты, шынайы ақпарат қажет. Сенімсіздікті жоюдың бір ғана жолы – факт. Шын мәнінде бір-екі жылдың ішінде жер кадастры ашылса, қай жердің иесі кім екені көрсетілсе, алдағы уақытта жайылымдар қайтарылса, пандемиядан кейін экономикамыз көтеріліп, әлеуметтік мәселелер шешіліп, халықтың еңсесі көтеріліп жатса, онда сол кезде жекеменшік мәселесін көтеруге болады. Сондықтан жерді жекеменшікке беруге қатысты мораторийді 5 жылға созу туралы мәселені Президентке ұсыну қажет. Бұл - Президент қабылдайтын үлкен шешім», деді Мәжіліс депутаты.

 

 

 




Көрілген: 1790    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 09:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31