ЖІГІТТІ ЖЕРГЕ ЖЫҚПАС ЖЕТІ МІНЕЗ

ЖІГІТТІ ЖЕРГЕ ЖЫҚПАС ЖЕТІ МІНЕЗ

ЖІГІТТІ ЖЕРГЕ ЖЫҚПАС ЖЕТІ МІНЕЗ


1. Сабырлы болу &ndash сабырсыз жігіттің табаны сазға, қолы тазға тиеді.
2. Табанды болу &ndash жігерсіз жігіт өзін де, өзгені де дегеніне жеткізбейді.
3. Тұрақты болу&ndash тұрақсыз жігіттің қонысы әрдайым бұлақсыз болады.
4. Талапты болу &ndash талапсыз жігіт табан астына өзі барып түседі.
5. Туысшыл болу&ndash туысына жат жігіт, ту көтеріп жарытпас.
6. Табысты болу&ndash табыссыз жігіт үйде есек, түзде тезек болады.
7. Намысты болу&ndash жігіт намыссыз болса, тірідей өлді, өзін-өзі көмді де.


ҚЫЗДЫ СҮЙІКТІ ЕТЕР ЖЕТІ БАЙЛЫҒЫ

1. Пәк болу &ndash қыздың пәктігі Алла берген ең үлкен қазынасы.
2. Әдепті болу &ndash қыз әдепті болса, көзің қуанып, жүрегің жылиды.
3. Таза болу &ndash бойы таза болмаса, жақсы әйел болмақ ойы да тазармас.
4. Пысық болу &ndash жеті жұт салақпен сегіз, олақпен тоғыз болады.
5. Ұстамды болу &ndash өзін ұстай алмаған, келген бақты ұстап тұра алмайды.
6. Ұқыпты болу &ndashжоқтан бар жасай алмаған, барды ұқсата алмайды.
7. Иманды болу &ndash иман осы алтауының түп негізгі бастауы, алтын тірегі.


ЖЕРГЕ ҚАРАУДАН ҚОРҒАП ҚАЛАР ЖЕТІ ҚАСИЕТ:
1. Көркем мінез - өміріңнің айнасы.
2. Ақ ниет &ndash Аллаһтан аларың.
3. Тазалық - иманыңның жартысы.
4. Ұқыптылық &ndash Аллаһтың аманаты.
5. Еңбек &ndash түбі зейнет.
6. Құлшылық - өзіңді қорғау.
7. Білім - жарық сәулең.

  • Мінезі жаман адамнан жақсы адамдар алыс жүреді, сол себепті көрер жақсылығы да аз болады. Мінезі қырыс болса жолы да қырыс, айналасы тар, арты құз, алды жар болады.
  • Ниеті бұзық пенде онысын айналасынан жасырғанмен Аллаһтан жасыра алмайды, ал несібе таратушы оның ниетіне сай етіп ырзық пен қайғы, қуаныш береді.
  • Тазалық бар жерде жақсылық бар. Лас жерден періштелер қашып, шайтан шырмау салады. Әр адам өзінің бойы мен айналасын таза ұстауы керек.
  • Маңдай теріңмен келген Құдайдың ризығын ысырап қылып, орынсыз шашу немесе тиімді жарата білмеу шөл далада ауызыңа тамызар суды аяқ астыңа ағызғанмен тең.
  • Еңбек ету мұратыңа жетудің жалғыз жолы. Еңбексіз масыл сананың өлген денеден айырмашылығы жоқ. Еңбек табысқа ғана емес тиімді нәтижеге бағытталуы керек.
  • Құдайыңа құлшылық жасау өзіңнің кім екеніңді, не істеу керектігіңді, кімге баратыныңды ұмытпаудың жалғыз анық жолы. Құлшылығы бардың, жүрегінде тыныштық бар.
  • Білім көзге көрінбес мықты қаруың, алысты жақын етер дүрбің, қараңғыңды жарық етер сәулең. Білім алдыңғы алты қасиеттің көкжиегін кеңейтер негізгі тірегі.


Ә. Ержан.

Maksat Skakov

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста