Алаш үні

Жүргеновтанушы Иманғалиев «әруақтармен» соттаспақ па, ректор мырза?!

  • Жүргеновтанушы Иманғалиев «әруақтармен» соттаспақ па, ректор мырза?!

    Жүргеновтанушы Иманғалиев «әруақтармен» соттаспақ па, ректор мырза?!

  • Жүргеновтанушы Иманғалиев «әруақтармен» соттаспақ па, ректор мырза?!

    Жүргеновтанушы Иманғалиев «әруақтармен» соттаспақ па, ректор мырза?!

Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің
ректоры Ерлан Сыдықовқа

Құрметті, Ерлан Бәтташұлы!

Сіз ғылыми еңбектің – мол білім мен тынбай зерттеуді талап ететін жауапты жұмыс екенін жақсы білесіз. «Әдебиет – ардың ісі» дегендей ғылыми жұмыс та атаққұмарлықтан ада адалдықты қажет етері анық. Егер зерттеу нысаны тарихи тұлғалар туралы болса бұл талап тіптен жоғарылайды. Ғалым қолындағы ғылыми жұмысын өз атағын шығару үшін емес, сол ұлы тұлғанының еңбегін ұрпаққа жеткізу үшін жасауы керек емес пе? Ал, Сіз басқарып отырған университет оқытушысы Бауыржан Иманғалиев «Ел-шежіре» қоғамдық қорына негізсіз айып тағып, қордың қазіргі президенті маған бопсалау сипатындағы талаптар қойып отыр.
Әңгімені түсінікті болу үшін әріден бастасақ... 2013 жылы бүгінде мен басшылық етіп отырған «Ел-шежіре» қоғамдық қорынан «Темірбек Жүргенов шығармалары» атты кітап жарық көріпті. Кітапқа аты айтып тұрғандай Жүргеновтің өз шығармалары топтастырылған. Кітаптың құрастырушысы (авторы емес) – белгілі жүргеновтанушы ғалым Бекарыстан Мырзабай деп көрсетілген. Бұл кітапты авторлық еңбек немесе монография деуге мүлде келмейді.

Сонымен аталған кітап 2013 жылы басылып шығып, Қазақстанның бүкіл кітапханаларына тарайды. 2013 жылы «Ел-шежіре» баспасын жазушы Дидахмет Әшімханұлы (әкем) басқаратын. Әкем Дидахмет Әшімханұлының бастамасымен «Ел-шежіре» баспасынан қазақтың талай алыптарының еңбегі жарыққа шықты. Солардың біреуіне қатысты мұндай дау туатын жағдай болған емес. Бірақ, жақында сіз басқарып отырған университеттің оқытушысы Бауыржан Иманғалиев осы кітапқа байланысты дау туғыза бастады. Араға алты жыл салып атқа қонған ғалым бұл кітаптың құрастырушысы өзі екенін айтып, баспамызды сотқа берді.
Біріншіден, алты жыл аз уақыт емес. Осынша уақыт жүргеновтанушы ғалымның Жүргенов жайлы 580 беттік кітаптың шыққанын білмей жүруі мүмкін бе? Бұл сәл ақылға қонымсыздау әңгіме...
Екіншіден, Бауыржан Иманғалиев сотқа жазған талап арызында «Жақында кітапхана сөрелерін аралап жүріп, бір сұмдыққа тап болдым. 2013 жылы «Ел-шежіре» баспасынан екі мың данамен шыққан «Темірбек Жүргенов шығармалары» атты кітабымды Бекарыстан Мырзабай деген біреудің атынан шыққанын көріп таң қалдым» деп жазады. Бұл расында солай ма?
Үшіншіден, жаңағы талап арызда «баспа екі мың дана кітаптың 50 данасын ғана менің атыммен, ал қалған 1950 данасын басқаның атымен шығарған» дейді. Бұл кітаптың екі мың данамен шыққаны анық. Енді қызығы, алты жыл бойы бұл кітаптың бар-жоғынан «хабарсыз» Бауыржан мырза сол кітаптың қанша данасы өз атынан, қанша данасы өзгенің атынан шыққанын қайдан біліп отыр?
Төртіншіден, жоғарыда жазғанымыздай, талап арызда «кітабым Бекарыстан Мырзабай деген біреудің атынан шығыпты» деп жазды. Бірақ Бауыржан Иманғалиев Жүргенов жайлы кітабында дәл осы Бекарыстан Мырзабайды «жүргеновтанушы ғалым» деп бағалаған. Сонымен Бекарыстан Мырзабай Иманғалиев өзі мойындағандай ғалым ба, әлде екінші сөзіндегідей жай біреу ме?!
Қош! Негізсіз тағылған айыптағы мұндай қисынсыз деректерді тізбелемей негізгі жайтқа келейін. Дидахмет Әшімханұлы қайтыс болғаннан кейін, әкемнің ісі жалғастырайын деген ниетпен «Ел-шежіре» қоғамдық қорының жұмыстарын өз қолыма алдым.
Мен 2013 жылы бұл қорда жұмыс істеген жоқпын. Сондықтан бұл кітаптың басылу барысындағы мәселелерді білмейтінмін.
2019 жылы ақпан айында Бауыржан Иманғалиев деген азамат хабарласып «Темірбек Жүргенов: Шығармалары» атты кітаптың авторы мен едім, бұнда Бекарыстан Мырзабай деп жазылып кетіпті. Енді екеуміз кездесіп, сөйлессек» деді. Алғашқы кездесуімізде Бауыржан Иманғалиев әкемнің атына мақтау сөздерін айтып, «жақсы адам еді» деп жылы еске алды. Әкеммен сыйлас адам екенін айтқан соң, шынымен де қателік кетті ме екен деген оймен, «енді не істеу керек?» деген кезде ол кісі «Бірінші маған қате кетті деп хат жазып бер, мен студенттерге көрсетуім керек» деді. Осы әңгіменің барлығы уатсап желісінде тұр. Сонымен осы хатты алып алған Иманғалиев өзінің талаптарын күшейте бастады. Мәселен 1000 дана кітапты Рухани жаңғыру эмблемасымен шығару және оның презентациясын жасау жөнінде маған ұсыныс тастады. Осы сөздерінен дереу күмәнданған мен Алматыға қайтып келген соң құжаттарды ақтардым. Сөйтсем барлық құжаттарда кітаптың құрастырушысы Бекарыстан Мырзабай деп тұр (Авторлық келісім-шарт, Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісім-шарты). Осыған қарамастан «өзі жоқтың – көзі жоққа» салып, әкем басқарған кездегі баспаны кінәлі етуден таймады.

Артынша, Бауыржан Иманғалиев бұл мәселені бұрыннан білмейтін адамдай біздің қорға Сотқа дейінгі талап арызын берді. Сол жерде бағанағы 1000 дана кітапты шығару жайына қалып, 11 600 000 теңгеге (он миллион) дейін өсіп кетті. Соның ішінде 2 000 000 теңге моральдық зиян келтіріппіз мыс. Қалған 9 600 000 теңге қалай пайда болғаны бізге белгісіз?! Олай дейтін себебіміз «Деловой Мир Астана» деген баспадан әдейі қате форматпен және ішкі беттерін «глянецпен» есептеткен Бауыржан Иманғалиев 4 800 000 теңге деген баға ұсынымын алады. Артынша соны екіге көбейтіп, 9 600 000 теңге боп шыға келді.
Сондай-ақ, сотқа жазған талап арызында өзін кітаптың авторы ретінде көрсеткен. Анығында таласқан күннің өзінде кітап құрастырушысы деген атқа ғана таласа алады. Себебі бұл кітап толықтай Темірбек Жүргеновтің өз еңбегі. Ешқандай да монографиялық еңбек емес. Сол үшін өзін кітап авторы ретінде көрсетуі артық әңгіме.
Екіншіден, «Ел-шежіре» қоғамдық қоры коммерциялық емес ұйым. Баспа өз өнімдерін сатудан пайда табуды мақсат тұтпайды. Бұл кітапты да сатып, пайда көрген жоқ. Сол үшін бізден материалдық шығын талап етуі не логикаға, не миға сыймайды.
Ең маңыздысы, біздің қолымыздағы барлық заңды құжаттарды кітаптың құрастырушысы Бауыржан Иманғалиев емес, Бекарыстан Мырзабай деп көрсетілген. Ал талапкердің «менің Жүргеновті зерттеп жүргенімді елдің бәрі біледі, сол себепті менің авторлық құқығым бұзылды» деген бір ауыз сөзі ешқандай да заңды құжатты алмастыра алмайды емес пе? Иә болмаса Зияткерлік меншік туралы бірде бір заңды қағазы жоқ. Оның Жүргеновті зерттеп жүргенін елдің бәрі білген күннің өзінде, бұндай зерттеумен кез-келген адамның айналысуға құқығы бар, Жүргенов мұраралы ешкімнің жеке меншігі емес екенін Бауыржан Иманғалиев білмей ме?
Тіпті Жүргеновтанушы ғалым Тынышбек Дайрабай бұл кітаптағы 70 пайыз материалдарды өзі тапқанын айтады. Осылайша, әр ғалымның там-тұмдап жинаған еңбегін иеленіп, бүгінде онымен таласып, соттасу қаншалықты әділетті? Оны былай қойып, «маған мың дана кітап шығарып, тұсаукесерін өткізіп бер» дейтіндей қандай хақысы бар?
Сонымен бірге осыған қатысты Фейсбуктегі пікір-таласта Бауыржан Иманғалиев соттың атынан жалған сөйлейді. Мәселен былай жазған: «Авторлық келісім-шарттыңның түпнұсқасы (оригинал) болмағандықтан сот күмәнданып заңсыз деп таныды» делінген. Әу, бұл Бауыржан Иманғалиев соттың атынан өткен шақта заң шығаратын кім еді?
Сөз соңында айтарым, өткен ғасырда қызыл империяның құрбаны болған ұлт зиялыларының еңбегін оқырманға жеткізу абыройлы жұмыс. Осы бағытта қаншама ғалымдарымыз көз майын тауысып жұмыс істеді. Шаң басқан архивтерді қопарды. Сондағы бар мақсаттары ұлылардың өмір мен шығармаларын болашақ ұрпаққа ұсыну болатын. Сол ғалымдардың бірде-бірі алаш зиялыларының арқасында өз аттарын шығаруды мақсат тұтқан жоқ.

Құрметті, Ерлан Бәтташұлы!

Сіз басқарып отырған университеттің оқытушысы Бауыржан Иманғалиевтің жүргеновтанушы ғалым екеніне күмәніміз жоқ. Бірақ шыққанына сонша көп уақыт өткен кітапқа таласып, бітпейтін істі даулап отырғаны абыройлы әрекет емес. Бұл жерде сот алдында мүлде жауап бере алмайтын екі адам – Темірбек Жүргенов пен Дидахмет Әшімханұлының әруағын мазалап отырмыз. Себебі, кітап шыққан кездегі баспа директоры Дидахмет Әшімханұлы 2015 жылы бақилық болып кетті. Ал қазіргі президенті мен Дәулет Әшімхан ол кезде қорда жұмыс істемегендіктен алты жылдың алдындағы іске қалай жауап беруім керек. Мен тек құжаттарға сүйенемін. Мұның сыртында менің қолымда Бауыржан Иманғалиевтің «маған кітабымды шығарып бер» деген бопсалау сипатындағы әңгімесінің аудио-жазбасы бар. Мұны Сізге айтып отыруымның бір ғана себебі бар. Л.Н.Гумилев атындағы «Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы «рэкетерлер» секілді бопсалаумен айналысып жүр» деген сын Сіз басқаратын оқу орнына абырой әпермесі анық.
Бауыржан Иманғалиев мырза менің қатысым жоқ мәселеге негізсіз сотқа сүйреуін тоқтатпайтын болса, мен Л.Н.Гумилев атындағы «Еуразия ұлттық университетінің оқытушысының «кітап шығарып бересің» бопсалап жүргенін айтып, сотқа арыз беруге мәжбүр боламын.

Құрметпен, «Ел-шежіре» баспасының директоры

Дәулет Әшімхан




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 14:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қаңтар, 12:43
    Бір видеоның «сыры»...
    28 Қаңтар, 11:06
    Мағауин мифі
    6 Қаңтар, 14:50
    28 жыл бойғы құпия
    26 Желтоқсан 2019
    Абай бай болған ба?
    23 Желтоқсан 2019
    Қажымұқанды жеңген қазақ
    23 Желтоқсан 2019
    Абайдың саяси қызметі
    12 Желтоқсан 2019
    Желтоқсанның батырлары

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29