Алаш үні

Қалың қазақты өң мен түстің арасында қалғандай есеңгіретіп кетіп барасың-ау, Жарық Жұлдыз...

  • Қалың қазақты өң мен түстің арасында қалғандай есеңгіретіп кетіп барасың-ау, Жарық Жұлдыз...

    Қалың қазақты өң мен түстің арасында қалғандай есеңгіретіп кетіп барасың-ау, Жарық Жұлдыз...

Журфакта оқып жүрген кезім. Тым-тырыс дәліздің қараңғылау жерлерін сағалап, далаға қарай беттеп бара жатқам.., "Інім, ассалаумағалейкүм!" деп ауыз толтыра амандасқан дауыстан селк ете қалдым. Онымды сездірмейін деп, "Уағалейкумассалам!" деп бұрылсам, ашаң келген жүзі жылы ересек жігіт екен, қос қолдап амандастым. Өзі де мен құсап ел көзінен қашқақтап жүргенге ұқсайды.., мені икемдеп кісі көзінен тасалау жерге бастай берді...
"Сенің юморың жақсы екен, сатиралық әңгімелеріңді оқып тұрамын" деп алды да, біраз кітаптарды атап, қай авторды зерттеп оқу керек екендігін айта бастады. Әңгіме арасында қолсағатына бір қарап қойып, арқамнан қағып қош айтысты да, жедел басып кетіп калды. Анда-санда сыртынан көргенім болмаса, беттесіп әңгімелеспеген, қолтықтасып сөйлеспеген адамым.
Кейін білдім. Өзінен кейінгі іні-қарындасқа қамқорлық танытып жүретін Бейсен Құранбек деген журналист екен. Өзі де сол кезде жоғарғы курс студенті. Үзілісте кездессе маңайы шүпірлеп, бүкіл студент қоршап алады екен. Мен де көрген жерде қос қолымды созып, "ағалап" тұра ұмтылатын болдым, кейін...
Соңғы рет Бейсен ағамен Маралтай ақынның 50 жылдық мерейтойында жүздестім. Ресторанды тарқатып, бәйбішені алға сап, көшеге шықсам, жолдың арғы бетінде талдың қалқасында Бейсекем тұр.., ел аяғы сиреп, көлік қарасы азайған кез. "Ағалап" жанына жетіп бардым. Аз-кем әңгімелестік. "Аға, қазір таксиге отырғызып жіберейін" деп қоям. "Ой, жоқ, інім, керек емес! Маған қазір мәшине келеді. Жүр, келін екеуіңді мен салып жіберейін!" деп, әдеттегі ағалығына басты...

"Бейсен Құранбек әжептәуір сырқат екен" деген суық сөз шыққанда, бүкіл қазақ даласы тілеуіңді тілеп еді-ау, қайран ұл...
...Қайран, Бейсен аға...
Өз басындағы ауыртпалықты сыртқа шығармай, өзгенің мәселесіне жәрдемдесуде алдына жан салмайтын ақжүрек аға.., қош бол...
...қалың қазақты өң мен түстің арасында қалғандай есеңгіретіп кетіп барасың-ау, Жарық Жұлдыз... қош, қош... 

 

Қанат Ескендір
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1541    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 11:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30