Алаш үні

Кәсіпкер «цифрландырудың көпжылдық бос әңгіме әрі ұрлық» екендігін айтты

  • Кәсіпкер «цифрландырудың көпжылдық бос әңгіме әрі ұрлық» екендігін айтты

    Кәсіпкер «цифрландырудың көпжылдық бос әңгіме әрі ұрлық» екендігін айтты

Ақыры сол кезде қаражатты орынсыз жұмсаған екенбіз, енді соның орнын толтырып, "Экспо" орталығын аурухана етіп қайта жабдықтауды ұсынамын және ешкімге қажеті жоқ "Қаржы орталығын" қуып шығу керек.
"Цифрландыру деген бос әңгіме" дейді белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай. Оның пайымдауынша, көпжылдан бері елдің құлағын шулатып, "жыр болып" келе жатқан электронды үкімет саясатының астарында ұрлық пен жемқорлық жатқан көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Коронавирус көпжылдық цифрлы жемқорлықты әшкере етті" деген кәсіпкердің тұжырымынша "індет келгенде цифрандыру жұмыстары аясында жасалып жатқан небір қитырқы істердің "арты" ашылып қалған" секілді.

Мәселен ол, "жемқорлық - коронавирустан да бұрын түбімізге жетеді" деген пікірде.

"Үкіметіміз ақпараттандыру мен цифрландырудың дамуына жұмсаған қаражатқа әлемнің ең жоғары технологиялы компанияларының тізімінің жартысын құруға болар еді. Америкалықтарда "Тек су қайтқанда ғана кім дамбалсыз жүзгені көрініп қалады" деген жақсы мақал бар.

Өкінішке орай, Білім министрлігінің Күнделігі, Денсаулық сақтау министрлігінің үлестес DamuMedі, e-gov электронды үкіметінің "Цифрландыру" деп аталатын бағдарламасы көпжылдық бос әңгіме, жай ғана ұрлық болып отыр. Алайда, Белорусь елі секілді осындай тапсырыстарды жеке IT компанияларға берсе, Қазақстанның IT секторын толығымен, зор қарқынмен аяққа тұрғызуға болар еді. Олар осы жұмысты жүз, тіпті, мың есе арзанырақ жасайтындарына сенімдімін!

Көкке ұшқан қаражат, орны толмас жылдар, адасқан ұрпақ. Іс жүзінде жемқорлық бізде коронавирустан да мықтырақ, әрі тезірек біздің түбімізге жетеді. 




Көрілген: 876    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.04.2020, 15:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31