Алаш үні

Қасым Қайсенов Ақжардағы мектепте директор болған

  • Қасым Қайсенов Ақжардағы мектепте директор болған

    Қасым Қайсенов Ақжардағы мектепте директор болған

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары, атап айтқанда, 1995 жылы ЮНЕСКО көлемінде Абай атамыздың 150 жылдығы, 1996 жылы ел ішінде Жамбыл атамыздың 150 жылдығы, 1997 жылы Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығы атап өтілді. Осылайша, тәуелсіз қазақ халқының әр жылы тарихи тұлғаларымыздың мерейтойларына арналған атаулы жылдар болды.


Биыл да осындай мерейтойларға толы жыл болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл, Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығы, Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығымен қатар республика бойынша барлық ауданның құрылғанына 90 жыл. Сонымен бірге биыл Қазақстанның Халық қаһарманы, халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, әйгілі партизан, көрнекті жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың ержүрек батыры, көзі тірісінде аты аңызға айналған, халқымыздың біртуар перзенті Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл .


Қасым атамыз Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында бірнеше рет болған. Алғаш рет 1968 жылы ауылымыздың ардагері, әйгілі партизан Шапатов Манап атаның шаңырағында болды. Манап ата екінші дүниежүзілік соғыстың батыс майданында, Беларусь жеріндегі Гомель облысын азат етуге қатысқан партизан отрядының белді мүшесі болған. Манап атаның жолдасы Дарабаева Қанипа апамыз Қасым атамыздың жерлесі, бірге оқыған сыныптасы болған екен. Қаһарман Қасымның Манап атаның үйінде болғандығын бүгінде ауыл ақсақалдары аңыз етіп айтады.


Екінші рет Қасым ата 1991 жылы ауылымызда өткен үлкен мерейтой - Қаракерей Қабанбай батырдың 300 жылдығына келді. Ал үшінші рет батыр атамыз 1999 жылы Парламент Мәжілісінің сайлауы науқанында, Мәжіліс депутаттығына үміткер, белгілі ақын, бүгінде Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет ағамызға облыстан сенімді өкіл ретінде келген еді. Сол сапарында ауылымыздағы киелі қара шаңырақ - Абай атындағы білім ордасында мектеп ұжымымен кездескен.


Қасым атамыздың Абай мектебіне келуі үлкен тарихи оқиға ретінде көпшіліктің есінде қалды. Ардагер атамыз ұжыммен кездесу барысында: «Мен соғыстың алдында 1938 жылы осы мектепте директор болғанмын» деп айтқан екен. Осы жайтқа орай біздің мақсатымыз - атамыз айтқан деректі мұрағаттан іздестіріп табу және демеушілердің көмегімен мектебімізде Қасым атаның атында пән бөлмесін жабдықтау.


Алапат қан майданның қаһарманы, қайсар тұлға Қасым атамызды еске алып, ол кісінің ауылымызда бірнеше рет болғандығы туралы айтқанда, атамызды өз көзіммен көрген кез есіме түседі. Бұл мұғалім қызметін енді ғана бастаған алғашқы жыл болатын. 2001 жылы шілде айында Ақсуат ауылында Қаракерей Қабанбай батырдың 310 жылдық мерейтойына арналған аудандық конференцияға қатыстым. Мәдениет үйінің көрермен залы салтанатты түрде безендіріліп, көтеріңкі музыка ойнап, конференция басталған сәтте аудан әкімі құрметті қонақ Қасым атамызға сөз береді. Батыр атамыз сахна төріне көтеріліп, көпшілікпен амандаса келе, Қабанбай батыр жайында дауыстап сөйлегенде бүкіл залды жаңғыртып жіберді. Залда отырған барша көрермен тым-тырыс болып, батыр атаның ерекше келбеті мен бітім-болмысына, әр айтқан сөзіне тамсанды. Міне, бұл қаһарман Қасым Қайсенов атамызды алғаш көруім болатын. Биыл еліміздің әр жерінде Қасым атамыздың 100 жылдығы аталып, ол кісінің ерен ерліктері туралы айтылғанда, есіме осы жайттар түседі.


Қуаныш Қабидолдин,

Абай атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Тарбағатай ауданы,

Ақжар ауылы.


didar-gazeti.kz




Көрілген: 1093    Пікірлер: 0

сенбі, 09.02.2019, 16:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30