Алаш үні

Катонқарағайда зираттардың құрылысы басқа өңірлерге қарағанда ерекше

  • Катонқарағайда зираттардың құрылысы басқа өңірлерге қарағанда ерекше

    Катонқарағайда зираттардың құрылысы басқа өңірлерге қарағанда ерекше

Бисмилляхи рахмани рахим деп бастайын...
Катонқарағайға ең алғаш келген адамның көңілі алдымен айналасындағы тамылжыған табиғатқа, одан кейін жол бойындағы ауылдарға, ондағы адамдардың тұрмыс ерекшелігіне ауары сөзссіз. Одан кейін келген жолаушының көңілін ерекше аударатын дүние, жол бойында кездесетін зираттардың құрылысы. Ия, Катонқарағайда зираттардың құрылысы басқа өңірлерге қарағанда ерекше, мұнда зираттардың көпшілігі ағаштан, ағаш болғанда Алтайдың қызыл қарағайынан жасалып, көбіне көк, көгілдір, жасыл түстермен боялады. Зиратар көбіне төрт, бес, алты қанатты болып жасалады, оның да өз мән-мағанасы бар, егер бала күнінде ертерек шетінеп кетсе ол баланың үйін 4 қанатты етіп жасайды, оның шатыры болмайды. Кейде олар ата-аналарының зираттарына жапсарлас та орналастырылады. Жастай қайтыс болған адамдардың басына бес қанатты зират орнатып, оған шатыр жасалады. Ал, орта жасқа, одан асып қайтыс болған адамдарға алты қанатты зираттар жасалады, көбіне қарт адамдардың зираттары екі адамға арналып жасалып жатады. Қайтыс болған адамдарды жерлегеннен кейін бастарына жас ағаш көшеттері оырғызылады, оның да өз мағанасы бар, ұрпақтары осы ағаштай өсіп-өркендесін деген ниетті білдіреді. Жалпы қайтыс болған мәйіттерді жерлеу кезінде тек табиғи материалдарды ғана пайдалануға тырысып жатады, ол да мәйітпен бірге шіріп топыраққа айналсын дегеннен болар. Әрине, соңғы кездері заман ағымына сай басқа өңірлердегідей зираттарды кірпіштен, темірден, мрамор тақталармен жасау белең алып келеді.

 


1926—1927 жылдары СССР Ғылым академиясының одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет мүшесі академик А.Е.Ферсманның және профессор С.И.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай экспедициялары Катонқарағай аймағына келіп, осы жердегі қазақтардың өмірін, салт-дәстүрін зерттеп, 1930 жылы С.И.Руденконың басшылығымен «Казахи» атты еңбек жарық көреді. Осы экспедицияның құрамында ХХ ғасыр бедеріндегі қазақ ғылымының Атилласы іспеттес Әлкей Марғұлан да болған еді. Осы еңбекте сол кездегі біздің өлкенің көптеген фото-суреттері кездеседі. Соның ішінде мені ерекше таңдандырғаны Топқайың ауылының маңындағы «Шыбынды бұлақ» бұлағының маңындағы Үйсенбай Өтебаевтың зиратының (бейітінің) суреті. Бұл зират сегіз қанатты етіп ағаштан қиылып жасалған. Ол туралы былай деп жазылған: «Совершенно исключительный интерес представляют надгробные сооружения, которые мы встречали в Чангыстайской волости. В редких случаях они четырехугольные, чаще всего пятиугольные, в некоторых, как мы это видим на прилагаемой фотографии (фиг. 44), они восьмиугольные. Если мы припомним, что у алтайских казаков мы встречаем многоугольные срубчатые жилища (обычно, пятиугольные), с пирамидальным верхом, то для нас совершенно очевидна будет связь их бейт с общераспространенным типом жилья. В этих намогильных сооружениях сказалось влияние и мусульманской архитектуры, проявляющейся в многочисленных минаретах с полумесяцами. Резьба по дереву ажурных стен этого художественного надгробного сооружения не типична для казакского искусства, но орнаментальные мотивы весьма характерны для искусства казаков. Насколько давно в Алтае стали сооружаться намогильные памятники этого типа—установить нам не удалось, но несомненно, что не ранее появления многоугольных срубчатых жилищ. Отметим только, что нам приходилось видеть целые кладбища истлевших памятников этого типа.»
Қазіргі күні Катонқарағай өңірінде ағаштан жасалып жүрген зираттар үлгісі сонау замандағы ата-бабаларымыздың зираттарының үлгісі екендігіне осы мәліметтерден көз жеткіземіз.

Дүйсен Бралинов
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1562    Пікірлер: 0

жұма, 10.04.2020, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30