Алаш үні

«Қазақ болып тізімге алынудың бағасы 1000 доллар» - ауғанстандық қазақ

  • «Қазақ болып тізімге алынудың бағасы 1000 доллар» - ауғанстандық қазақ

    «Қазақ болып тізімге алынудың бағасы 1000 доллар» - ауғанстандық қазақ

Егер виза проблемаларым шешілмесе, видео жасап бәрін айтамын. 

Ауғанстандағы жағдайды пайдаланып, кейбір пысықайлар әжептәуір ақша тауып жатқанға ұқсайды. Нақты айтар болсақ, қазақ жеріне қарап жәутеңдеп отырған ауғандық босқындардан "тізімге "қазақ" деп енгізіп береміз" деп біреулер ақша жинап жинауға көшкен. Қызметтің құны да аз емес - бақандай 1000 АҚШ доллары, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Дания елінде тұратын Қажи Аюби есімді отандасымыз хабарлаған. Оның айтуынша, елшілікте қазақтар үшін көптеген кедергілер бар.

«Қазақ болып тізімге алынудың бағасы 1000$» дейді бір ауғанстандық қазақ.
Егер бұл шын болса басқа ұлттар да Қазақ ретінде Қазақстанға келеді деген сөз және ақшасы жоқ Қазақ бауырлар Ауғанстан да қалып кетеді.

Елшілікте қазақтар үшін кедергілер де көп дейді.

Бұл жай сөз болмауы керек, баяғыда да "Қазақ" деген куәлікті елшілікте сатып жатыр деген сөз болған еді.

Егер виза проблемаларым шешілмесе, видео жасап бәрін айтамын дейді», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар ол тағы бір жазбасында елшілік қызметкерлерінің Ауғанстанда тұратын қазақтардан "сотталмады!" деген құжат талап етіп жатқанын айтқан. Ал ол құжатты алу мүмкін емес. Қазір Ауғанстанда мемлекеттік мекемелердің ешқайсысы да жұмыс істемейді. 
 




Көрілген: 2128    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 16:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31