Алаш үні

«Қазақ неге өз елінде келімсектің күйін кешіп жүр?» - Ахметбек Нұрсила

  • «Қазақ неге өз елінде келімсектің күйін кешіп жүр?» - Ахметбек Нұрсила

    «Қазақ неге өз елінде келімсектің күйін кешіп жүр?» - Ахметбек Нұрсила

Айтпақшы, әлеуметтік дертті тауып, диагнозын анықтаған Ахметбек Нұрсила, оның емдеудің де әдісін тауыпты. Қалай дейсіздер ғой!? Ол бұл дәрменсіздікті ғылым мен білімнің көмегі арқылы жұлып тастау болады деп тұжырымдап отыр.
Өз жерінде тұрса да қазақтардың келімсектің күйін кешіп жүргенін сирек ғасырдан астам уақыт бойы ойланып-толғанып жүрген Ахметбек Нұрсила оқырмандарына жақсы жаңалығын жеткізді. Сөзінің әлқиссасын "Қазақ неге өз елінде келімсектің күйін кешіп жүр?" деп бастаған ол осы сұрақтың нақты жауабын білімнің көмегімен тапқанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Осы сұрақты мен алғашқы рет 1986 жылы 25 жасымда қойған едім.
30 жылдан астам уақыт осы сұрақтың жауабын іздеумен келдім. Іздеген адам түбі сұрағына жауап табады ғой. Әне-міне тапқандай боламын, бірақ дұрыс болмай шығады. Жақында ғана сол сұрағыма нақты жауап таба алдым! Себебі табылса емі де табылады. Кез келген сырқаттың себебі нақ анықталса 99% емі де табылатыны даусыз ғой. Көлік бұзылады ма, басқа нәрсе бұзылады ма бастысы себебін нақты, дұрыс анықтай алуда. Жауабын және де енді сол Келімсектің күйінен қалай осы жердің ИЕСІ күйіне жетуге болатыны жайлы жазып жатқан "Дерт пен Дауа" кітабымда толықтай жауап беремін", - деп facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған белгілі бизнес-тренер қазақтардың қазіргі ахуалының себебін ғылымдағы "Үйретілген дәрменсіздік деген" түсінікпен байланыстырды.

Оның ойынша, қазақтардың болмысы соңғы 300 жылда орысқа бодан болған заманда осы дәрменсіздік санаға сіңіп кеткенге ұқсайды.

Айтпақшы, әлеуметтік дертті тауып, диагнозын анықтаған Ахметбек Нұрсила, оның емдеудің де әдісін біледі екен. Қалай дейсіздер ғой!? Ол бұл дәрменсіздікті ғылым мен білімнің көмегі арқылы жұлып тастау болады деп тұжырымдап отыр.

"Ендігі қалған ғұмырымды сол жұмысқа арнаймын деп шештім. Әрине сіздердің көмектеріңіз керек болады. Халық болып істейтін жұмыс қой, елді ояту деген", - деп елді ауызбіршілікке шақырған оның ендігі кезекте ғылымға толыққанды бетбұрмақ ниеті бар секілді.

Естеріңізде болса, осыдан біршама уақыт бұрын «Ірітіп-шірітіп өлтіре гөр!» деп теріс бата беріп, елді шошытып, одан қала берді «Ақшасы тамағына, киіміне, баспанасына жетпеген адам – хайуан деңгейінде» деген пікірімен елдің наразылығын туғызған бизнесмен жайлы Skifnews.kz ақпарат порталының атынан ақпарат жариялаған болатынбыз! 




Көрілген: 1109    Пікірлер: 0

сенбі, 04.01.2020, 12:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Сәуір, 23:56
    МҰХАҢНЫҢ МҰҢЫ
    31 Наурыз, 11:36
    Абайдың үш бейнесі
    4 Наурыз, 17:28
    Алаш-арман
    31 Қаңтар, 12:43
    Бір видеоның «сыры»...
    28 Қаңтар, 11:06
    Мағауин мифі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30