Алаш үні

Қазақ «статистикадағы сайқалдықтың» алдауына түсіп қалып жүр

  • Қазақ «статистикадағы сайқалдықтың» алдауына түсіп қалып жүр

    Қазақ «статистикадағы сайқалдықтың» алдауына түсіп қалып жүр

Қазақ елінің экономикалық даму көрсеткішін, әлеуметтік-саяси жағдайын танытуда цифрлық құйтырқылықтың басты кілті – статистиканың қазанының қақпағын ұстағандардың қолында болып отыр. Бұл орайда ана тілімізде нақты ақпарат алу әзірше еш мүмкін емес. Ел қауіпсіздігінің басты кепілі болып табылатын сала бүтіндей бұрынғы отарлаушылардың тілінде сайрап келеді. Әрі осы саламен айналысатын қазақ тілді үкіметтік емес ұйымның құрылуына, оған бюджеттен арнайы қаржы бөлінуіне ешкім құлықты емес.


Қайта бұл салаға қазақ тілді ағайынды жолатпаудың сан алуан тосқауылын ойлап тауып қойған. Сондықтан арнайы кейбір экономикалық білім жоқ халық қалаулылары «Статистикадағы сайқалдықтың» алдауына түсіп қалды да, көп жағдайда осы саладағылардың ойдан опырып, қырдан қымқырып жазып сызып берген мәліметіне ғана сенеді.


Ең басты өтірік қазақ елі тұрғындарының жанбасына шаққандағы табысынан бастау алады. Кез келген қоғам бай, орташа және кедей сынды үш әлеуметік таптан тұрады. Олардың табыс көздері әрқилы. Әлеуметтік жақтан аз қорғалған топқа түрлі саладағы ең төменгі жалақы алатын қызметкерлер жатады. Олардың орташа жалақасы қанша екені жұртқа аян 28-35 мыңның ар жақ, бер жағы. Әрі үкімет ең төменгі жалақы көлемін 2018 жылы 28 284 теңгені құрайды деп бекіткен болатын. Оны алушылардың санының елімізде қанша екені де статистиканың сандығында сайрап жатыр.


Ресми деректерге сенер болсақ, 2018 жылғы екінші тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 162 751 теңгені құрапты. Осыған сенуге бола ма!? Міне, осы айтылған орта жалақыға еліміздің қанша тұрғыны қол жеткізіп отыр. Гәп осында. Статистикадағылар қазір ең ұтымды тәсіл тауып алған белгілі бір аймақтың барша жұмыс істеушілерінің жалқасын мидай былықтырып қоса салады да, міне орташа жалақы деп өтіріктің кәмпитін қолымызға ұстатып балаша мәз етеді.


Атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметі, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, өнеркәсіп пен құрылыс саласында, ақпарат және байланыс саласында, ауыл, орман және балық шаруашылығында т.б. қызметкерлерінде түрліше белгіленген. Әрі онда істейтіндер өте жоғары, жоғары және орта мен төменгі табыс табады.


Ең бастысы әр саладағы табыс көзін аз табатындар, орташа ақы алатындар және көп табатындардың орташа айлығының көрсеткіші бойынша жіліктеген орынды. Осы арқылы халыққа қызмет көрсететін бизнес өкілдері өз өнімдерін жұртқа ұсынуда көп жағдайда опық жеп қалмайды.


Сөз соңында айтарымыз статистика саласын бірыңғай қазақшалау – тәуелсіздігіміздің басты кепілі. Әрі қазір туған тілімізге мұрын шүйіретін шетелдік фирмалар ана тілімізде ақпар беруге мәжбүр болады.


Әбіл-Серік Әлиакпар


Abai.kz




Көрілген: 594    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.01.2019, 12:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30