Алаш үні

Қазақ тарихшысы күтпеген мәлімдеме жасады

  • Қазақ тарихшысы күтпеген мәлімдеме жасады

    Қазақ тарихшысы күтпеген мәлімдеме жасады

Бауыржан Байтанаев Түркістанның 3000 жылдық тарихы бар екенін мәлімдеді. Ғалым мұндай қорытындыны тарихи жәдігерлер негізінде жасады. Археолог, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Бауыржан Байтанаев Түркістан қаласының үш мың жылдық тарихы бар екенін айтты.

Байтанаев түркітілдес мемлекеттердің БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен медиа форумда сөз сөйлеп, бірегей Түркістан тарихы "ежелгі заманнан және көптеген ғасыр бұрын басталғанын" мәлімдеді. Ол 2000 жылы қазақстандықтар Түркістанның 1500 жылдығын қалай тойлағанын еске түсірді.

"Бұл датаны біз кеңестік және кеңес дәуіріндегі деректер негізінде атап өттік. Ол кезде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жүргізілген іргелі зерттеулер жарияланған жоқ еді. Ежелгі Түркістанның тарихы өте терең болып шықты", -  деді тарихшы.

Байтанаев жиналғандарға қаладан табылған қабірлер мен артефактілер туралы айтып берді.

"Қала аумағында зерттеу жүргізіп, барлық жәдігерді бірнеше рет тексердік. Даусыз артекфактілер, қабір кешендері негізінде осындай тұжырымға келдік... Біз Түркістан қаласына үш мың жыл болған деп санаймыз", - деді Байтанаев.

Оның айтуынша, Түркістан "түркі әлемінің орталығы болған және болып қала береді".

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан 2000 жылы 1500 жылдығын атап өтті. Өткен жылдың басында жергілікті билік Түркістанның тарихы 2800 жылға дейін баруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Байтанаевтың Түркістан тарихы туралы сөйлеген сөзін мына жерден көріңіз (13-минуттан бастап).




Көрілген: 2813    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.03.2021, 12:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31