Алаш үні

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

  • Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

    Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. 

Қаралы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты.

Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы 1 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген.

2006-2007 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.


«Жас жігер», «Көзқарас», «Алтыбақан», «Айна», «Заң мен заман», «Ақиқат пен аңыз», «Дидар», «Көкпар», «Ой-көкпар», «Бетпе-бет», «Дін мен діл», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» және т.б авторлық хабарларын жүргізді. Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы мен «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері.

«Алаш айнасы» сайтының ұжымы Нұртілеу Иманғалиұлының туған-туыстары мен жақындарына қайығырып көңіл айтады. 




Көрілген: 3683    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 10:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31