Алаш үні

Қазақ тілінің жанашыры, түркітанушы ғалым Әбдуәли Қайдар өмірден озды

  • © twesco.org

    © twesco.org

95 жасқа қараған шағында көрнекті қазақстандық ғалым, лингвист-түркітанушы Әбдуәли Қайдар дүниеден озды.


Бүгін таңертең академик қайтыс болғаны туралы ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне Білім және ғылым министрлігінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек растады.


Әбдуәли Қайдар 1924 жылы 13 желтоқсанда дүниеге келген. Ол Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор болды.


Әбдуәли Қайдар 400-ден астам ғылыми еңбек жазған, олардың 40-ы - монография, оқулық, сөздік, жинақ.


Ол сондай-ақ – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Оның ғылыми жетекшілігімен 65 жоғары білікті ғалым даярланды, арасында 10-ы ғылым докторы бар. Он бес жыл бұрын "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде академик Әбдуәли Кайдар әзірлеген латын әліпбиіндегі жаңалықтар алғаш рет жарияланды.


Ғалым Қайдар ұсынған латын қарпіндегі әліпбиді әлемнің 30 елінің филологтары қолдады.


Ерден Қазыбек ұстаз Қайдар жан-жақты, өте талантты, қарапайым және шынайы адам болғанын еске түсірді. Айтуынша, сурет салуды, ағаштан бір нәрсе жасауды жақсы көрген.


Академик Әбдуәли Қайдарды жерлеу рәсімі 1 наурыз, жұма күні өтеді. Таңертеңгі сағат 09.00-де үйінен (Ғылым академиясының жанында) жаназасы шығарылады, Ғылым академиясының ғимаратында да қаралы митинг болады.


Sputnik


 




Көрілген: 1558    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.02.2019, 17:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31