Алаш үні

Қазақи дарақылықтың құны қанша?

  • Қазақи дарақылықтың құны қанша?

    Қазақи дарақылықтың құны қанша?

Неге екенін бір Құдайдың өзі білсін, біздің елде өзге мерекелерден гөрі христиандардың жаңа жылына деген ықылас тым ерекше. Көк шыршалы сол датаны қарсы алу мерзімі жақындаған сайын бір шашылып қаламыз. Оны әсемдеп безендіруге асыққанымыз соншалық, ұлттық мерекеміз - Тәуелсіздік мейрамымызды мүлдем ұмытып кетеміз. Оның үстіне бұл мерекеге деген мырзалығымыз да шексіз. Әсіресе, «корпоративтік кеш» деген бір керемет шыққалы бұл «ауру» тым асқынып кетті. Ал оған міндетті түрде шетелден әнші алдырып, айды аспанға бір шығармасақ, арманымыз орындалмайтын секілді.

Сол «сырқат» биыл да асқынды. Жақында елдегі ақпарат құралдары жазғандай, біздегі байшыкештер жаңа жыл кешіне Украинаның шын мәнініндегі күміс көмей әіншісі София Ротаруды шақырыпты. Ол үшін анау-мынау емес, 100 мың доллар шамасындағы қолақпандай 43 миллион теңгені қиналмай ұсына салыпты. Әрине, еңбексіз келген, жанын қинамай жинаған дүниенің қаншалықты қадірі болсын, біздің қалталылар да сараңдық танытпапты.

Алайда, миллионерлер мен миллиардерлердің тауы шағылып қалған сыңайлы. «Бәрін ақшаға сатып алуға болады» деп келте ойлайтын біздің «aтымтай жомарттардың» маңдайы тасқа тиіп, тауы шағылыпты. София ханымның жауабы қысқа болған. Оның концерт жөнініндегі директоры Сергей Лавровтың Ресей баспасөзіне берген сұхбатында 72 жастағы әншінің кез-келген шақырған жерге бармайтындығын, алдымен өзінің денсаулығын күтететіндігін ашық айтқан. Ол тіпті бір кезде немістер 100 мың евро ұсынғанда да бас тартқан көрінеді.

Міне, осылайша біздің байшыкештеріміздің Ротарудың әндеріне бір сусындап және оны қомақты сыйақымен жарылқап, оңаша бір рахатқа батамыз деген қулықтары іске аспай қалған көрінеді.

Олардың мұндай «мырзалығын» Софияның әлгі продюсері айдай әлемге жария қылып, беттерін шиедей етіпті. Әйтсе де, біздің жуанбет байлармыз мұны тіпті, шыбын шаққан құрлы көрмеген болар...

Айтпақшы, София ханымды көрші Ресей де қолқалаған көрінеді. Тіпті, біздікілер ұсынған сомадан екі есе аз қаражат ұсыныпты. 23 миллион теңге.

Түйін. Бұл далақбайлық, дарақылық емес немене?.. Осы біз қазақи дарақылықтан қашан құтылар екенбіз?.. Әлде бұл біздің «ұлттық ерекшелігіміз» бе екен?

Жайберген Болатов

Abai.kz




Көрілген: 1135    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.12.2019, 13:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин
    26 Мамыр, 16:22
    Бозбала Бейсен
    19 Мамыр, 16:42
    Өнеге-өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31