Алаш үні

Қазақстан тарихы емес, Қазақ тарихы деген дұрыс - Сапар Ысқақ

  • © baq.kz

    © baq.kz

Қазір мектепте оқылып жүрген Қазақстан тарихы оқулығын Қазақ тарихы деген атаумен қайта жазып шығу керек. Бұл ойды Астанада "Ұлы даланың жеті қыры" еңбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар" тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында саяхатшы, қоғам қайраткері Сапар Ысқақ білдірді.


Қоғам қайраткерінің пікірінше, оқулықты Қазақстан тарихы деп атау үшін онда Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тарихы қамтылу керек. Ал қазіргі оқулық қазақ тарихының өзін дұрыс түсіндіре алмайды.


"Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихымызға ерекше көңіл бөліп отыр. Біз ендігі жерде өз тарихымызды мектеп жасындағы балаларымыздан бастап дұрыс оқытуымыз керек. Мен бірнеше сыныптардың Қазақстан тарихы оқулығын оқып шықтым. Түрік қағанаты туралы мағұлмат тым аз, жоқтың қасы деп айтуға болады. Тоныкөк, Дешті қыпшақ туралы да сондай. Сонда бұл қандай тарих", - дейді Сапар Ысқақ.


Сондай-ақ Сапар Ысқақ қазақ тіліндегі оқулық пен орыс тіліндегі оқулықтың да арасында айырмашылық бар екендігін айтты.


"Мен мектепте оқытылып жүрген Қазақстан тарихы оқулықтарын қарап шықтым. Бір байқағаным қазақ тіліндегі оқулықта тарихты үстірт, өте аз деректермен берген. Ал орыс тіліндегі деректер қазақ тіліндегіге қарағанда көбірек берілген", - деді қоғам қайраткері.


Ол сонымен қатар Дүние жүзі тарихы оқулығанда да қазаққа қатысты маңызды тарихы деректердің жазылмағанын айтты.


 baq.kz




Көрілген: 1075    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.01.2019, 20:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30