Алаш үні

Қазақстанда 11 жұмыс тобы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаумен айналысады

  • Қазақстанда 11 жұмыс тобы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаумен айналысады

    Қазақстанда 11 жұмыс тобы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаумен айналысады

Алматыда онлайн форматта қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен саяси репрессия құрбандарын ақтау мәселесін жан-жақты зерделеп, оны шешу мақсатында құрылған арнайы қалалық комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында 2021 жылға арналған жұмыс жоспары пысықталды.

Қалалық комиссияның төрағасы Ержан Бабақұмаров ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 24 қарашасындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығына сәйкес комиссия жұмысы кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруді көздейтінін атап өтті.

Қалалық комиссияның құрамына танымал тарихшылар, ғылыми институттар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері енген.

«Бұл комиссияның жұмысын дұрыс жүргізу үшін әдіснамалық комиссия құрылды. Нұр-Сұлтан қаласында орталық кеңсе ашылды. Бір апта бұрын Алматыда осы кеңсенің өкілдігі ашылды, оның базасында біздің қаламызда орналасқан сегіз жұмыс тобының өкілдері жиналып, пікір алмасты. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады. Мемлекеттік комиссия төрағасының бұйрығымен қазіргі уақытта республикада он бір жұмыс тобы жұмыс істейді. Сонымен қатар, әр облыс орталығында жұмыс топтары бар», - деді Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов.

Жиынға сондай-ақ, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Хангелді Әбжанов, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақстандық интеллигенцияның мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының төрағасы Ғарифолла Әнес, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі, т. ғ. д. Бауыржан Жанғұтдинов, ҚР Президенті мұрағаты директорының орынбасары Қайрат Әлімғазинов, орталық мемлекеттік мұрағат директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева, Алматы қаласы мемлекеттік мұрағатының директоры Абзал Ботанов қатысты.

Айта кетейік, Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні жыл сайын 31 мамырда атап өтіледі.




Көрілген: 1986    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 10:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31