Қазақстанның Мысырдағы елшісі «Қазақстан» атауын өзгертуді ұсынды

04 мамыр 2022, 19:57

Қазақстан Республикасының Мысырдағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама-Шариф мемлекет атауын өзгертуді ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда 193 мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып отыр. Олардың қатарында 7 мемлекеттің атауы «стан» жұрнағымен аяқталады: Afghanistan, Kazakhstan, Kyrgyzstan, Pakistan, Tajikistan,  Turkmenistan және Uzbekistan. Стан – парсы сөзі, ел деген мағына береді. Сөздің шығу төркініне үңілсек, жер (land) деген ұғымға да сай келеді. Ирандықтар провинцияны («Остан») дейді. Остан мен Астана – түбірлес сөздер» деп түсіндірді ол мәселені.

 

Сондай-ақ, қазіргі өзгеру кезеңінде мемлекет атауынан «стан» жұрнағын алып тастап, басқаша атау қоюды ұсынды.

 

«Осы 7 ел, 20 ірілі-ұсақ елді мекендердің атауларына көз жүгіртсек, «стан» ұғымы БҰҰ-ның ресми терминімен айтқанда – «мемлекет» (State) мағынасын бермейді. Сондықтан, менің пікірімше, Ата Заңымызға өзгерістер енгізгенде ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ, КАЗАХСКОЕ ГОСУДАРСТВО (орысшасы), STATE OF QAZAQ (ағылшын тілінде) деп, «тайға таңба басқандай» жазуымыз керек» деді ол.

 

Елші өз ұсынысын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.