Қазақтың қызы көп, тек қазақ қыз аз

Қазақтың қызы көп, тек қазақ қыз аз

«Гүл өссе – жердің көркі; қыз өссе – елдің көркі» деген ғой қазекем. Қалт айтпағанына дәлел жетіп артылады.

 

Көне дастандарымызда, кешегі-бүгінгі ғасырларда қымбат жаратылысты қыз шіркіннің сұлу бітімін сүйіне, қызыға, құмарта жырламаған жырау, ақын жоқ шығар: қара жібектей шаш... білектей бұрым... қарлығаштың қанатындай қиғаш қас... қарақаттай, мойылдай қара көз... ақ маңдай... оймақ ауыз... үлбіреген қызыл ерін... аққутөс... қыпшабел... мінсіз мықын... – құлынмүсін!

 

Махаббат жыршыларының бұрынғы-кейінгісін тізімдемей-ақ, Абайға тоқталсақ, ғашықтық мәнді небары бес-алты өлеңінде бейнеленген қыз келбеті көңілімізді көктем-жаз етпей ме?!. Жүрегіндегі сүйіспеншілік сәуле-сезім ояна бастасымен «Айттым сәлем, қаламқас» пен «Көзімнің қарасын» жаттап алмаған қазақ бозбала-жігіт жоқ-ау! Қазақ қызының нәзік те сұлу жаратылысына тәнті болған Абекеңнің ғашықтық жырлары ешқашан ескірмейді, ұрпақтарымыздың махаббат әні бола береді.

 

Замандасымыз, махаббаттың бұлбұлы атанған ақын Тұмаштың – Тұманбай Молдағалиевтің – жігітшілігінің бірінші белесінде ғашық қызы Күлтаймен тіл табысқан сәтін:

 

«...Екеуіміз тұңғыш рет қосылып айттық

 

Абайдың «Қаламқасын», елжіреп бір», - деп 2011-жылы, 76 жасында еске алғаны тегін бе?!

 

Тұмаштың:

 

«...Аңсауменен келем жазды,

 

Күннің бәрі алтын қыздай», - дегені ше?!. Бұрын-соңды мұндай теңеу айтылған жоқ. Тұмашқа айтқызған күш – қазақ қызының көркемдігі, ол көркемдікті зерлеген әдепті сөзі, әдемі үні, сыңғырлаған қоңырау күлкісі, биязы жүріс-тұрысы – жан сұлулығы!

 

Па, шіркін, қазақтың: «қаламқасы... көзінің қарасы... алтын қызы...».

 

Осыдан он жыл шамасы бұрын қазақтың қызы: шашын шашып тастап, омырауын ашып тастап, қасын қассымаққа айналдырып қырып, көзінің асты-үстін бірі көкпен, бірі жасылмен бояп, тіпті жиегін қарашеңберлеп, кірпігіне ұзын қайқы кірпік жалғап, ернін шиқандай етіп шыға келді. Бірінің беті сопақ, бірінің жүзі дөңгелек болса да, құдды бір қалыптың кірпішіндей. Іле-шала денесіне жабысқан көкшіл-сұры жарғақ шалбар мен кеудеше киіп, быртиып-тыртиғандары пайда болды. Ол өзгерістері мұхиттың о жағы мен бұ жағынан ресейлік қыз-қырқындар алып келген «заманауи мода» екен. Егде жастағылар сол құбылыстарды ұнатпай, таңдандық. Ал енді бірер жылдан соң кеудешенің етегі қысқарып, кіндігі ашық алабелдер ойқастады. Одан кейін жарғақ шалбардың балағы қуыққа ұқсап, не дізе, не жіліншік тұсы ит жұлмалап жыртқандай жалбыр тесікпен «сәнделді». Ал керек болса!.. Мысалы, мен еріксіз ашуға булығып жүріп, көшеде сондай «модашыл» қыздардың қарсы келе жатқан екі тобын тоқтатып: «Қарақтарым-ау, шырақтарым-ау, мына сиықтарың не? Ешқайсыңа жараспайды да ғой?» дегенімде, олар ду күлісіп, жүгіре басып кете барды. «Есті сөз-ау» деп елегені болмады.

 

Келесі кезек шашыраған шашын бұзаудың тоңғағындай сары түске бояғандарға тиді. Иә, қалалық әйел әулетінің не екі иығын, не кеудесін, не бетінің жартысын жаба жалбыраған, саудыраған сабан шаштыларға. Жасқа жасамыс, егдеге кемпір еліктеп дегендей, сабаншылдар егіз-сегіздеп өріп жөнелді. Баяғы Батыстан «байғазы». Ресейлік, өзіміздік теларналардың қайсысын ашсаң да, сан-сапалақ сабаншаштыларсыз көрініс аз.

 

Бірде, Достық даңғылындағы аутобус аялдамасында жан-жақтарына қарап қойып, қазақ-орыс сөздерін шалаптап сөйлесіп тұрған төрт қызға жақындап: «Ә, қыздарым, сәлеметсіңдер ме? Қазақ бола тұра қара шаштарыңды сарыға бояп, бұларың қалай?» дегенімде, біреуі: «Мен өзім білем» деп, екіншісі: «Да, это вас не касается» деп, басқалары жырқылдап күлді. «Е, мейілдерің» дедім де, бұрылып кеттім. Әрекетімді аңдап, құлақ түріп тұрса керек, қарапайым бір әйел: «Сайтандар сөз ұғушы ма еді?» деп күңк етті. Әрине, ұқтыратыны болмаған соң, ұғып әуресі не?

 

Біздің балалық шағымыз пионердің, комсомолдың ғибратты мектебінде өтті. Мектепте сабақ үлгеруімізді қадағалауы өз алдына, сөйлеуіміз, киім киюіміз, демек, бүкіл жүріс-тұрысымыз сынып жетекшіміздің, мұғалімдердің ықпалында болды. Ұқыпты киініп жүрдік. Қыздар боянбады, жылтырақ оны-мұны тақпады, шашын бір бұрым, қос бұрым етіп өріп қояды. Әдемі-ақ!.. Біздің қайсыбіріміз тақырбас болдық, өзгелеріміз шашымызды қысқа, ықшам етіп қидыратынбыз. Сол тәртіптен зиян шеккеніміз жоқ. Ал бүгінде ше? Көбі керісінше. Мәселен, Комсомолды алмастырған Жастар ұйымы бар сияқты. Пәлен де түген партияның Жастар қанаты бар деседі. Мемлекеттік, үкіметтік бір жиындар кезінде «Жастар ұйымы әйтті-бүйттіні» естігенім болмаса, немерелерім оқыған, шөберелерім оқып жүрген мектептерде болғанымда, шәкірт жастардың тірлік тамырын ұстап, тағдырын бағып, белсене игі іспен шұғылданып жүрген жастар ұйымын көрген емеспін.

 

«Келешек – жастардікі» дейміз. Қағидалы сөз бар, қажырлы іс шамалы. Осындай ой кешкенімде Америка Құрама Штаттарының қумүйіз саясаткері Аллен Даллестің 1945-жылы: «Американың соғыстан кейінгі Совет Одағына қарсы саясатын іске асыру туралы ой» деген сөз-жобасының орыс тіліне аударылған нұсқасын бертінде оқығаным есіме түседі. Онда мынадай көсілу бар-ды:

 

«...Олардың шенеуніктерін ұр да жық болуға белсене, бірақ біртіндеп, сездірмей ыңғайлаймыз, парақор, тұрақсыз етеміз. Тоңмойындық пен бөстекі сөз бел алатын болады. Адалдық пен әділдік өткеннің қалдығына, күлкіге айналып, керек болмай қалады... ұлтшылдықты және халықаралық жаулықты, ең алдымен, орыс халқын жеккөрушілікті жымын білдірмей қоздырып, аздыра асқындырамыз. Өйтіп отырғанымызды біреулерінің сезуі, білуі мүмкін, бірақ оларды оқшаулап, қауқарсыздыққа ұшыратамыз... Ұрпақтарының бірінен соң бірін шатастырамыз. Оларды бала күнінен, жасөспірім кезінен нысанаға аламыз. Негізгі мақсатымыз – ЖАСТАРЫН әбден адастыру, оларды кінәмшіл керауыз, берекесіз, намыссыз бейбақ ету...».

 

Ал Джон Кеннеди 1961-жылы АҚШ президенті болып сайланған күнгі сөзінде Совет Одағын енді қару күшімен жеңу мүмкін емес, біз оларға қарсы идеологиялық қаруды қолдануға тиіспіз деген-ді.

 

Қаржысы есепсіз, айла-шарғысы зымиян халықаралық сионизмнің Совет Одағын ыдыратпай тынбайтынын 1939-жылы дипломат А.Коллонтаймен сұхбатында айтқан И.Сталиннің даллестік жоспарды болжаған мына пікірін оқылық (түпнұсқасынан үзінді):

 

О современной западной музыке:

 

Есть классовая подоплека и у так называемой западной популярной музыки, так называемого формалистического направления. Такого рода, с позволения сказать, музыка создается на ритмах, заимствованных у сект «трясунов», «танцы» которых, доводя людей до экстаза, превращают их в неуправляемых животных, способных на самые дикие поступки. Такого рода ритмы создаются при участии психиатров, строятся таким образом, чтобы воздействовать на подкорку мозга, на психику человека. Это своего рода музыкальная наркомания, попав под влияние которой человек уже ни о каких светлых идеалах думать не может... музыка тоже воюет.

 

В 1944 году мне довелось прочитать инструкцию, написанную одним офицером английской разведки, которая была озаглавлена: «Как использовать формалистическую музыку для разложения войск противника».

(Выступление на встрече с творческой интеллигенцией, 1946 г. Том 16.).

 

Даллестің мұрагерлері, халықаралық сионизм ұйымы ельцын-горбачевтарды сатып алып, Совет Одағын ыдыратты да, ең алдымен, Ресейді нысана етіп, идеологиялық майдан ашты. Оның дүмпуі бізді де шалып, даллестердің «жастарды адастыру» саясатының салқыны шалған қазақ қыздардың кеми бастағанына еріксіз, дәрменсіз куә болып жүрміз. Болашақ отанасының азаюы халықтың өсімін баяулатуға әсер ететіні түсінікті. Ал қосылғандарының жылға жетпей ажырасуы көбейіп тұрса, ол – махаббат, сүйіспеншілік атты асыл сезімнің арзандағаны.

 

 

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ 

egemen.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста