Алаш үні

Қазақтың "Титанигі": 60-тан аса балықшы ажал құшқан Каспийдегі оқиға жайлы білесіз бе

  • Қазақтың

    Қазақтың "Титанигі": 60-тан аса балықшы ажал құшқан Каспийдегі оқиға жайлы білесіз бе

Қойнауына талай сыр бүккен қазақ даласында біз біле бермейтін талай тарихи оқиға жұмбақ күйінде жабық жатыр. Олардың бірсыпырасының әлемдік тарихпен терезесі тең. Соның айқын дәлелі – қазақ даласындағы тұңғыш, әлемдегі "Екінші Титаник" оқиғасы деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

"Екінші Титаник" трагедиясы Маңғыстау түбегіндегі Ералы ауылында болған.

Тарихқа көз жүгіртсек 1948 жылдың қазан айында балық аулауға шыққан бір топ балықшы ауа-райының қолайсыздығына байланысты, көк айдында көтерілген дауылмен ұзақ күресіп, ақыры 63-ке жуық балықшы кәрі Каспийдің құшағында меңгілік сапарға аттанады.

Артында қалған ел балықшылардың денесі мен бұғазға келіп соғылған бос қайықтарды тауып алады.

Осы оқиғаны жергілікті ақын Есенғали Бөкенбаев жырға қосып, көңілі құлазыған халықты сабырға шақырады. Әрі бұл оқиға болашақта ұмыт болмай, келер жастың жадында сақталуы үшін хатқа түсірген.

"Тәлкегіне тағдырдың,

Аз ғана сабыр етейік.

Айтып жүрер артымыз,

Сөз қалдырып кетейік", - дейді ақынның өзі "Тоғыз қайық" теңіз толғауында.

Бүгін Мұнайлы ауданы әкімдігінің қолдауымен Фариза Оңғарсынова атындағы орталық мәдениет үйінде ақын Есенғали Бөкенбаевтың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді.

Көпшілік біле бермейтін тарихи оқиғаны жырмен моншақтаған ақынның ғасыр тойына ақынның қызы, туыстары, облыстың зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының майталмандары, жыр сүйер қауым қатысты.

"Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ауданымызда жасалып жатқан ең елеулі шара. Есенғали Бөкенбаевтың бүкіл шығармашылығын бірден, бір мезетте, бір ғана қойылыммен, бір сахнамен көрсетіп тауыса алмаймыз. Бұл шара әлі де жалғасын табады. Жаңағы есікке кірер алдын 63 келін өздеріңізге иіліп сәлем берді. Бұл сол көк айдындағы дауылда шейіт болған 63 жігіттің рухына тағзым деп біліңіздер.

Кеше ғана Есенғали Раушанов ағамызға хабарласып, қолқа салдық. Осы "Тоғыз қайық" толғауының желісінде 2 сағаттық спектакльдің сценарийін жазып беруді сұрадық. Бұйырса осы теңіз толғауын, киелі өлкедегі тарихи шығарманы Маңғыстау облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы драма театр сахнасынан тамашалайтын боламыз.

Басымызға бақ, маңдайымызға абырой алып берген тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ұмыт қалған мұрамызды түгендеу бүгінгі ұрпақтың қадірлі міндеті. Сондықтан ел тарихындағы елеулі оқиғаларды жырға қосқан ақын Есенғали Бөкенбаевтың мерейтойын өз деңгейінде атап өту – біз үшін басты парыз", - дейді аудан әкімі Рахат Елтизаров. 




Көрілген: 3984    Пікірлер: 0

жұма, 19.03.2021, 23:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31