Алаш үні

Кенесары ханның басы табыла ма? «Ленорман карталары» бұған байланысты не дейді?

  • Кенесары ханның басы табыла ма? «Ленорман карталары» бұған байланысты не дейді?

    Кенесары ханның басы табыла ма? «Ленорман карталары» бұған байланысты не дейді?

Бүгінде түрлі ақпарат көздерінде, ел арасында қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы туралы айтылып жүрген сөз көп. Шайқаста шейіт болған есіл ердің басын жаулары – қырғыз манаптарының кесіп алып, қожасына адалдығының куәсі ретінде орыс патшасына жөнелткені туралы тарихтан белгілі. Ал ханның бас сүйегінің қазір қайда сақталып тұрғаны, сондай-ақ денесінің қайда жерленгені де белгісіз.

 

Кенесары хан қаза болғалы арада 173 жыл өтіпті. Бірақ елі оны ешуақытта ұмытқан емес. Әсіресе Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері оның іздеуші-сұраушыларының қатары көбейді. Тарихшылардан бөлек, ынталы топтар, қоғамдық ұйымдар, жекелеген адамдар да әрекет етуде. Тіпті Д.Медведев Ресей президенті болып тұрғанда Кенесары ханның бас сүйегін Ресейден іздеп табуға қатысты ресми келісімдер де болды. Алайда, өкінішке орай, осы уақытқа дейінгі ізденістерден оңды нәтиже шықпай тұр.

 

Бірақ қазақ халқы Кенесары ханның басын табудан үмітін үзген жоқ. Ел арасына таралған «Әйгілі болгар сәуегейі Ванга Кенесары ханның басы табылса, ол Отанына жеткізіліп, құрметпен жерленсе, Қазақстанда алтын дәуір орнайтынын айтыпты» деген сөз де үміт отын үрлей түседі.

 

Таяуда қазақтың бір азаматы «Ленорман карталары» деп аталатын картамен пал ашатын орыс көріпкеліне осы тақырыпқа қатысты өтініш білдірген екен, ол пал ашып, оны «Ютуб» арнасында жариялапты. Айта кеткеннің артықтығы бола қоймас деген оймен сол жөнінде назарларыңызға ұсынуды ұйғардық.

 

Кенесары ханның басы расында да шабылған ба, ол алғашында қайда жіберілген, қазір қайда тұр, табыла ма, қай кезде табылады, Қазақстанға қайтарыла ма деген сияқты бірнеше сұрақтар төңірегінде әрекеттенген палшының карталар түсуіне қарап берген түсіндірмесінде мынадай жайлар жөнінде айтылады:

 

«Ханның басы кесілгені рас. Бірақ ол жұрт айтып жүргендей Санкт-Петербургтегі Кунсткамерада емес, ол жерде жоқ, жалпы ол Ресей аумағында жоқ. Ханның басы алғашында Омбы қаласына жіберілген. Ол біраз уақыт сонда сақталған, кейін қандай да бір себептермен басқа жаққа ауыстырылып, ізі жасырылған. Бұл істе құпия көп, құйтырқы әрекеттер бар. Ханның басы бір ағашты жерде, мүмкін орманда ма, тоғайда ма жерленген сияқты. Қырғызстанда, Қазақстанға жақын маңда көмілген болуы мүмкін. Оны жұрт көп іздейді, бірақ табуы екіталай. Бұл бағыттағы ізденістер баяу жүреді, қиындықтар көп кездеседі. Іздеуге қатысты келісімдер, мүмкіндіктер болады, бірақ одан нақты нәтиже аз».

 

Карта көрсетулерін осылай деп сипаттаған палшы өзінің «Ленорманның сиқырлы айнасы» атанған тәсілмен ашқан палдарының көп жағдайда тура шығып жүргенін айтады. Кенесары ханның басын Қырғызстаннан іздеу керек дейді. «Бері дегенде алдағы бес жылдан кейін бір дерегі шығуы мүмкін», -- деп бір үміттің ұшын шығарады. «Бірақ карта бастың табылмайтынын көрсетіп тұр», -- дейді тағы бір түсіндірмесінде. Яғни палға түскен табыт бейнесі соны меңзейтінге ұқсайды. Ал жұлдыздар бейнесі белгісіздікті, үміт пен күдікті білдіреді екен. Яғни Кенесары хан бабамыздың бас сүйегін іздеу алдағы уақыттарда да тынымсыз жалғаса бермек, бірақ оның нәтиже беруі қиындау болмақ. Карталар бастың бертінде жерге көмілгенін көрсетіп тұр.

 

Ерекше тәсілмен пал ашатын орыс көріпкелі осылай дейді. Яғни ханның бас сүйегін Ресейден емес, Қырғызстаннан іздеу керек деп бағыттайды. Бұл расында да солай ма, оны бір Құдай біледі. Пал ашудың астарында қандай да бір саяси мүдде жатуы ықтималдығын да жоққа шығаруға болмас. Өйткені Кенесары ханның бас сүйегін Ресейден іздеу керегін айтушылар да аз емес қой. Мүмкін ол расында да қазіргі Қырғызстан жерінде жатқан болар, кім білген...

 

...Ал Кенесары ханның орыс отаршыларына қарсы бірнеше жыл қол бастап, күрескені, елдің тәуелсіздігін қайтармақ болғаны белгілі. Бірақ бұл текетіресте ел жаулап машықтанған орыстардың күші басым болды. Сосын қазақ ханы күресті қырғыздармен одақ құрып жалғастырмаққа ниеттенді. Алайда бауырлас екі ел арасынада бір себеппен үлкен дау туып, оның соңы жауығып, өштесуге ұласты, ақырында қазақтың соңғы ханының қапияда қаза болуымен аяқталды. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс патшасына тарту етті.

 

Сонау кеңестік кезеңдерде үлкендерден Ленинградтағы музейде Кенесары ханның басы сақталған, оған «Жабайылардың ханы, дала қарақшысының басы» деп, Кенесары ханның атын жазып қойған» дегенді естуші едік. Ол да бекер сөз емес шығар, «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» ғой.

 

Қысқасы, тарихтың шешілуі қиын бір жұмбағына айналған бұл тақырыптың әлі де көп айтылары анық. Қиын болса да бұл бағыттағы ізденістердің жалғаса берері де айқын. Өйткені үміт үзілмейді ғой, өр тұлғалы көсемін қастерлеген халық сол ізденістерден оңды нәтиже шығуын тілейді.

 

Д.НҰРПЕЙІС.

www.zamana.kz




Көрілген: 2389    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.04.2020, 21:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30