Алаш үні

Кенесары ханның қарындасы табылды

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Кенесары ханның патшалық экспансияға қарсы күрескен жорықтарын көпшілік жақсы біледі. Мүрдесі қырғыз жерінде деп, басы өзі күрескен патшалық елдің бір қуысында деп тарихты топшылайтынымыз белгілі. Осы күресті жолға жан аямай дем берген бір тұлған Хан Кененің туған қарындасы Бопай ханша.

 

Абылайдың ұлы Қасымның бәйбiшесi Айкүмiстен алты бала тарайды. Кенесары, Саржан, Есенгелдi, Көшек, Ағатай және Бопай. Бопай бойжеткен шағында Әбілқайырдың Сәмеке деген ұлына ұзатылады. Сәмеке екеуінің шаңырағынан алты ұл өмірге келеді. Кейiн алты ұл ержетiп, анасымен бiрге атқа қонып, Кенесарының сарбаздарының қатарына аттанды.

 

Бопай ханшаны тарихи деректер де, Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романы да батыл, ержүрек, күрес жолындағы тақымының текке қысылмағанын дәлелдеп жазады. Әскерге қажетті алым-салықтарды жинауды Кенесары қарындасы Бопайға сеніп тапсырған. Ол осы әскерді тұрақты ұстап тұруға қажетті дүниелерін түгендейтін 600 сарбаздан тұратын жасақты басқарған.

 

Кенесары хан тағдырының қайғылы аяқталуымен, ен даланы дүбірлетіп өткен жорықтардан бүгінде тек қана аңыздар ғана сол ерліктердің шежіресінен сыр шертетіндей.

 

 

Осынау аты аңызға айналаған қазақтың қызының есімі ұрпақ жадына ұлттық патриотизмнің жарқын үлгісі болып тұұрады. Соңғы жылдары Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында тарихты түгендеп, тұлғалары тірілмесе де, ерлік жолдарын жаңаша насихаттау мақсатында «Қазақстанның киелі жерлері географиясына» жобасы қолға алынып жүр.

 

Ақтөбе облысы бойынша «Қазақстанның киелі жерлері географиясына» республикалық деңгейде енгізілген 10 нысанның қатарына Кенесары ханның қарындасы Бопай ханым жерленген қорымы да енгізілді.

 

Бұл тарихи мекеннің орналасқан аумағы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Кілемжайған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде. Жер атауы да ханшаның атымен Бопай аталады. Жер атаулары сөйлесін.

 

oinet.kz
 

 




Көрілген: 5275    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 14:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қазан, 10:38
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан, 10:30
    Ақылдың кені
    6 Қазан, 10:30
    АЛТЫН ОРДА АҚИҚАТЫ
    1 Қазан, 10:39
    ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛАСЫ
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30