Алаш үні

Қолдайтын елің барын сезініп жылағанның айыбы жоқ...

  • Қолдайтын елің барын сезініп жылағанның айыбы жоқ...

    Қолдайтын елің барын сезініп жылағанның айыбы жоқ...

Кеше уақытша тергеу изоляторында жатқан бес Батырымызға кіріп шықтым. Бұдан былай оларды солай атаймын. Жағдайлары жақсы. Қазақтың намысты нар жігіттері бар екен, Аллаға шүкір! Изоляторда жұмыс істейтін қазақ жігіттерінің қазақ деп соққан жүректерінен айналдым. Есіктен кіргеннен сырттағы күзет қызметінен бастап, "Қызылағаштағы бес жігітке келдіңіз бе, бауырларымызды ақтап шығыңыздаршы"-деп шығарып салғандарына қалай толқымайсың... Жігіттерді бір-бірлеп кіргізді (заң талабы солай) Әр қайсысы бөлек-бөлек камерада жатыр екен, соттан кейін бір-бірін көрмепті. Айналайындар-ай, жап-жас, тепсе темір үзетін жігіттердің "біздің мамашкадан хабар алыңызшы, жүрегі нашар еді, ауырып қалмап па, үйде көмір жоқ еді, балалар кішкентай, соларды уайымдап, ұйықтай алмаймыз"- дегенде, жүрегің еріксіз шаншып кетеді екен..Бесеуі де ең алдымен аналары туралы сұрады. АНА сыйлаған адамның жаман болуы мүмкін емес. Неше күннен бері ешкім хабар алмағанға, жапанда жалғыз қалғандай сезініпті. "Тәте, ішіміз қайнап барады"-дейді.."Бәріміздің ішіміз қайнап жатыр, тек РУХ-тарың сынбасын, қалың қазағың қолдап жатыр, бүкіл қазақ тілеулеріңді тілеп отыр" - дегенде, көз жастарын жасыра алмады..

Оны көріп, мен қосылып жыладым(бізге сылтау болса болды ғой) "Слабый деп ойлап қалмаңызшы, енді сотталып кетсек те, ризамыз. Бізді қолдап жатқан барлық бауырларымызға сәлем айтыңыз, алғысымызды жеткізіңіз, біз өзіміз үшін емес, қазақтың намысы үшін шықтық, туған ауылымызда бізге шекелерінен қарап, тайраңдап жүрген қытайлардың бір бауырымызды жабылып ұрғандарын естіп, одан ары шыдай алмадық"-дейді. Қуаныштан, қолдайтын елің барын сезініп жылағанның айыбы жоқ деп, өзімді де, оларды да жұбатып қойдым. "Сендер слабый емессіңдер, батыр да жылайды, ол да адам, сендер қазақтың намысты халық екенін басқаларға танытқан азаматсыңдар. Енді бүкіл ҚАЗАҚ сендер үшін аянбайды"-дедім. Туған -туыстары да уайымдап, неше күннен бері бір хабарларын ала алмай, Талдықорғанға келгенмен, не кіре алмай, бастарын тауға да, тасқа да ұрып жүрген ғой. Тым болмаса, қоғамдық қорғаушы ретінде кездесуге баруға болатын жақындарына тергеуші неге қаулы шығарып бермеді деп, таң қалдым..Ешкім не қамалғандарға, не туыстарына заң талабын түсіндірмеген ғой. "Біз қару алып шыққан жоқпыз, керісінше қытайлықтар арматура алып, автобустың ішінде дайындалып отыр екен" - дейді біздің жігіттер. Туыстарының айтуынша, қару қолданып, күш көрсетті деген айып тағылған. Сарқыт деген жігіттің көлігін (сонымен барған) қамалған кезде арестке қойған. Қару - жарақ сол мәшинеден табылған деп құжат толтырылған және жауап алу кезінде қастарында адвокат болмаған дейді. Естіп отырсам, істе шикіліктер көп сияқты. Алдын-ала паника жасамай-ақ қояйық, істегі құжаттармен толық танысып болған соң, заң шеңберінде әрекеттер жүргіземіз. Тергеу құпиясын жариялауға заңмен тиым салынғандықтан, істің мән-жайымен тергеу амалдары аяқталғаннан кейін, хабардар етеміз. Алаңдап отырғандарыңызды түсінем, қолдауларыңызға көп рахмет, тілеулес бауырлар! Әр қайсыңыздың қолдауыңыз, бір ауыз жылы лебіздеріңіз батырларымыз үшін де, басқалар үшін де өте маңызды! Іс материалдарымен танысуға ДВД-ға шығып бара жатырмын.

P.S Қастер мен Мұрагердің жайына келсек, шекара аймағында тергеу амалдары әлі жүріп жатыр екен.


Ләззат Ахатова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 868    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.10.2019, 10:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша, 15:30
    ҚАЗАҚ ҚҰЛ БОЛМАҒАН…
    28 Қазан, 12:48
    УӘДЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30