Алаш үні

Қонаевтың өмірінде 2 санының қандай құпиясы бар?

  • Қонаевтың өмірінде 2 санының қандай құпиясы бар?

    Қонаевтың өмірінде 2 санының қандай құпиясы бар?

Бүгін 12 қаңтар – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. «Көрнекті тұлғалар өз елінің не бағына не сорына туады», — дейді ескі мақалда. Қазақтың қарапайым Қонаевы – құт қонған елдің көсегесін көгертуді қызметтік борышы еткен қайраткер ретінде ел есінде қалған еңселі тұлға. Оқырман назарына Qamshy.kz ақпарат агенттігі қаңтарда туған қайсар тұлға туралы қызықты деректер ұсынады.


Қонаевтың өмірінде 2 санының қандай құпиясы бар?


Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен қызметінде 2 саны тылсым сырын бүгіп жатқандай. Ол 1912 жылы 12 қаңтарда дүниеге келді. 82 жасында 22 тамыз күні өмірден озды. 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 1972 және 1982 жылдары Социалистік Еңбек Ері атанды. 200 шаршы метрлік шағын пәтерде 20 жылдан астам уақыт тұрды. Бүгінде сол үй Қонаев атындағы мұражайға айналды. 1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды.


Қонаевтың Алматыға қосқан үлесі


Дінмұхамед Қонаев ел басқарған тұста Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты, Оқушылар сарайы, Республика сарайы, Спорт және Мәдениет сарайы, "Медеу" спорт кешені, Ұлттық кітапхана, цирк ғимараты, авто, аэро және темір жол вокзалдары, "Алматы", "Достық", "Қазақстан" қонақүйлері ғимаратының салынуына мұрындық болды. Алматыда 12 ықшамауданы ашылды. 1967 жылдың күзінде "Алматинка" өзенінің жағалауындағы жартасқа зарядтар қойылып, қолдан жарылыс жасалды. Сөйтіп, селден қорғайтын бөгеттің негізі қаланды. 1973 жылы араға уақыт салып екі дүркін соққан алапат селге осы бөгет тосқауыл болды.


Ел басқарған тұстағы ерекшеліктері


Дінмұхамед Ахметұлы билікте болғанда елімізде 43 қала, 68 жұмысшылар кенті пайда болған.


Қонаевтан сұхбат ала алмай кеткен журналистердің қатарында BBC, Washington Post сынды ақпарат құралдарының тілшілері бар. Ол журналистермен кездесуге қарсылық білдірмеген, алайда сол жылдары билік өкілдері сұхбатқа кедергі жасаған. Бұл туралы Қонаевтың өзі 80 жылдық мерейтойы кезіндегі сұхбатында айтты.


Сондай-ақ Қонаев "Академик" дәрежесі үшін төленетін төлемақыдан бас тартып, оны балалар үйі мен жас ғалымдарға беріп отырған.


1962 жылы Қонаев Павлодардың атауын Хрущевоград деп өзгертуге ұсыныс жасағандарға қарсылық білдірді. Ол осы жайттан кейін Мәскеуге танылды. Алпысыншы жылдардың басында Хрущев Қазақ Советтік Социалистік Республикасының астанасын Ақмолаға көшіруді және оның атауын Целиноград деп өзгертуді ойлады. Қонаев оған қарсы тұрып, Алматының статусын сақтап қалды.


Қазақстан өнеркәсіптік өндірісте – 8,9 есе, ауыл шаруашылығында – 6,2 есе, құрылыс саласында – 68 есе, халық саны жөнінен – 2,5 есе өсті.


Қазіргі Абылай хан – Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысындағы үш қабатты үйде тұрған Қонаевтың таңертең Үкімет үйіндегі жұмысына жаяу аяңдап бара жатқанын халық жиі көрген.


1986 жылы 16 желтоқсандағы Қазақстанның КП ОК Қонаевты Қазақстанның КП ОК бірінші хатшысы қызметінен босату туралы шешім қабылданған пленумы 18 минутқа ғана созылған.


Қонаевтың қайраткерлігі


Дінмұхамед Қонаев өнер мен мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсеткен. Мысалы, 1965 жылы жазушы Сәбит Мұқанов Дінмұхамед Ахметұлына баспана керектігі туралы хат жазып, 5 бөлмелі пәтер алады. Осы жылдары Қонаев Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевке де арнайы үй салдырады. Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевті баспанамен қамтамасыз етеді. Айта кетейік, бүгінгі таңда 3 үй де мемориалды музей үйге айналған.


Жазушы Әлжаппар Әбішев Қонаевты ең жиі сынаған адамдардың бірі. Қонаев басқа пәтерге көшкенде 3 бөлмелі пәтерін басқаға емес, сол Әбішевке қалдырған.


Дінмұхамед Қонаев Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше жақсы көрген. Тіпті, Дінмұхамед Ахметұлы 70 жылдық мерейтойында дастархан кезінде Нұрсұлтан Назарбаевты "балам" деп атаған.


Қонаевтың өте қарапайым болған 


«Советский Казахстан» хабарының шығарылымы алдын ала Орталық Комитеттің бақылауынан ай сайын өтетін. Бір күні Қонаевтың өзі қоңырау шалып: «Мені осы жолғы хабарда екі рет көрсетіпті, қысқартыңыздар, бір рет көрсетсе де жетеді», — деген.


Өте қарапайым өмір сүрген. Қонаевтың үйіне алғаш келген Брежнев бір бөлме, ас үй және жеке кабинетін көріп «Иә! Біздегі политбюроның мүшелері де бұдан жақсы тұрады!», — деп таңданысын білдіріпті.


Қонаевтың «хоббиі»


Оның сүйікті істерінің бірі - аңға шығу болған.


Коллекциялық қару-жарақ жинаумен айналысқан. 80-жылдардың соңында қуғындала бастаған кезде коллекциясындағы қару-жарақтар тәркіленген. Тәркіленген қару-жарақтардың кейбіреуі әлі күнге дейін қайтарылмаған. Қайтарылғандарының басым бөлігі қазір Алматыдағы Қонаев мұражайында. Бұл қару-жарақтарды кімдердің сыйлағаны туралы нақты құжаттар сақталған.


Сонымен қатар, оттық жинаумен де айналысқан. Коллекциясындағы 476 оттықтың біразын Жапония премьер-министрі Ясухиро Накасонэ, АҚШ Президенті Джон Кеннеди, Египет президенті Гамаль Абдель Насер, Ирак премьері Саддам Хусейн сынды әйгілі саяси тұлғалар сыйға тартқан.


Музыканы ерекше жақсы көрген, үйінде музыка қосылып тұрғанын қалаған. Лондонға барған сапарында Майкл Джексонның, "BeeGees" тобының пластинкаларын сатып алған.


Өмірінің соңына дейін коммунистік идеяларға адал болғанына қарамастан, кітапханасында Солженицынның «Архипелаг ГУЛАГ» тарихи-көркем шығармасы болған.


Қонаевтың «құрметіне»


Нұрғиса Тілендиев Дінмұхамед Қонаев пен оның жары Зухра Шәріпқызын аса құрметтегендіктен, өзінің қызына Дінзухра деген ат береді. Бүгінде Дінзухра Тілендиева “Отыраз сазы” фальклорлық-этнографиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері.


Қонаевтың құрметіне Алматыдағы Карл Маркс көшесінің атауы өзгертілген. Көше бойындағы фонтаны бар сквер жанында қола кеуде мүсіні қойылған. Астанада да Қонаевтың атында көше бар.


Орал қаласында шағын аудан, Таразда орталық көше, Талдықорған төрінде сәулетті кешен, Жоғарғы оқу орыны мен көше бар. Алматыдағы университет, Ташкенттегі орталық көше Қонаев атымен аталса, Шымкенттегі орталық гүлзәр Қонаев құрметіне әрлеген.


Қызықты мәлімет:


Дінмұхамед Қонаев пен Мұхтар Әуезов құда болған. Мұхтар Әуезовтың қызы Ләйлә Дінмұхамед Қонаевтың інісі Асқар Қонаевпен шаңырақ көтерген. Екеуінен тараған Дияр Қонаев бүгінде Мұхтар Әуезов тұрған мемориалды музей үйде ғылыми қызметпен айналысады.


Қонаевтар әулетінен үш академик шыққан, олар: өзі, інісі Асқар, әпкесі Әминаның баласы Едіге Түркебаев. Әр түрлі ғылым саласындағы оннан астам ғылым кандидаты шыққан. Ол әулетіндегі 11 баланың төртіншісі.


Еңселі тұлғаның бойы -198 см, аяқ киімінің өлшемі – 46.


Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.


«Қамшы» сілтейді




Көрілген: 759    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.01.2019, 14:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30