Алаш үні

Көрден қазып алған 11 балам бар

  • Көрден қазып алған 11 балам бар

    Көрден қазып алған 11 балам бар

ӨЛМЕГЕНГЕ ӨЛІ БАЛЫҚ ЖОЛЫҒАР.


Бірде жол түсіп, Байқоңырға жолсапарға шықтым. Пойыздың іші ыстық. Купеде менен басқа жас шамасы 60-тардағы кісі отырды.
- Аға, сіз есіміңізді айтпадыңыз ғой? - дедім.

- Мен атымды айта бермеуші едім, жай сұрадың ба? Менің атым - Өлік, - деді.

- Өрік пе? - дедім.
- Жоқ, Өлік, - деді.
"Мына кісі мені мазақ етіп отыр ма? деп ойланып қалдым да, атының койылу себебін сұрадым.
- Мен атымды айтсам осындай сұрақ туады, сосын атымды айтудан тартыншақтаушы едім, - деді ол. Жол қысқарсын саған айтайын інім. Əкем менің алдымда алты перзент көріп, бəрі де екі, екі жарым жаста көз тие ме, сөз тие ме білмеймін шетіней беріпті, сонан соң жетінші боп мен дүниеге келіппін.
Сонда достары: - Оу, Ілеке,(Ілікбай) сүйінші, ұлды болдыңыз, құтты болсын! - деп қуаныш білдірсе, əкем сол қалпында қозғалмай ауыр күрсінп:
-Əй, ол да бір өлік қой, - депті. Таң қалған достары сəл үнсіздіктен кейін:
《Оу, Ілеке, атын қойсаңызшы адам баласы ғой》 десе, -《Өлік деп қоя салыңдар》 депті. Сонан менің атым Өлік аталып кеткен, ол атты айтқан сайын қиналамын, - деді ол.
-Аға, паспорт алғанда бір əріпті өзгертіп, Өрік деп жаздырмадыңыз ба? - дегеніме. 《 Ол ойда болды, бірақ соған əкем қарсы болып жаздырмады》деп жауап берді.
Сол кезде Тереңөзек станциасынан өтіп бара жатырмыз. 《Міне, мынау менің ауылым. Талай мал іздеп, балық аулаған, балалық шағымның қызығы мен шыжығы қайнап тұнған жерім. Қараөзек бойы жайлауымыз, жылқы сиыр, Құдайға шүкір баршылық. Жалғыз бала демеді, əкем мені аямай жұмсады.
Анам 《тоңып қалады, аттан құлап қалады, суға батып кетеді》- деп шыр- пыр болушы еді. Ойбай-ау, бұл менің 《жеті қазынам》ғой дейтін, сондағы мен жетінші баласымын, анам мені арқалап жүріп, жеті күлшесін таратудан басқа жұмысы жоқ болатын》, -деп көзін алақанымен сүртіп өтті.
Біраз үнсіздіктен соң, жабырқау жанын сергіту үшін 《Əңгімеңіз қызық екен, қазір өзіңіздің неше балаңыз бар?》-дедім. 《Е, Келдібай- жан! Көрден қазып алған 11 балам бар》,-деді. 《Астапыралла! көрден қазып алдымы қалай》деп мен үндемей қалдым. 《Қотырға шиқан қосылғандай болды-ау, өзі》 - деп күлдіріп қойды да, əңгімесін жалғастырып кетті.
-Сонан соң мен 13 жасымда бір үйір жылқымды іздеп ұзап кетіп тұманда адастым. Көктемнің соңы, жаздың басталу шағы. Із кесіп қырға шығып кеткенмін. Ол кезде малшылардың үйіне қонып, түстеніп жүре береміз.
Əкемнің айтқаны есімде 《адасқан адам молаға жақын барып түнесе, бəле-жəледен, қауіп-қатерден əруақтар қорғайды》 деген. Сол есіме түсіп молаға жақын келіп қондым.
Жаздың түні қысқа. Шағал ұлиды, байғыздың дауысы қатты қорқынышты. Оған қоса жылаған адам даусынан қорқып ұйықтай алмадым. Таң бозара моланы араладым. Жылаған адам дауысы жақын жерден шығады, əйел дауысы.
Сонан бір кішкене ғана жерде жаңа көмілген бала қабірі, қамысы да толық жабылмапты. Соның ішінен адам дауысы естіледі. Тездетіп қабірді қаза бастадым, сөйтсем 9 жасар қыз баланың денесі.
Дереу үстімдегі шекпенмді шештім де, қызды орап, атқа мінгізіп, атымды жетелей жөнелдім. Осы маңайда ел бар екенін байқадым.
Бір - екі қыр асқан соң, көл жағалай жайлауға тігілген оншақты үйлерді көріп қуанып кеттім. Жақындап барып атты талға байлап, қызды түсіріп көлеңкеге отырғыздым.
Жаңағы ауылға жаяу келіп, шеткі үйден 《жуырда адам жерлеген үй бар ма?》
-дедім. 《Иə, анау үйдің немересі шетінеп, кеше жерлеп келді》,-деді. Жүгіріп сол үйге бардым. Үйде бір əже мен 30 -дар шамасындағы ер кісі бар екен. Үйге кірдім де: 《Осы үйде біреу қайтыс болды ма?》-деп сұрадым.
(Иə, кеше...) дей бергенде, көңіл айту ойымда жоқ бірден мен ол қызды əкеліп берсем не бересің? - дедім. Сол екен ер кісі ашуға булығып мені теуіп тастады. Əжесі арашалап жанымды аман алып қалды. 《Қалқам-ау, бір ашуыңды маған бер, бұл бала ғой ойында не бар дейсің?》,-деді.
Сонан соң əжеден: 《 Сол немереңіздің үйде киімі бар ма?》-деп сұрадым. 《Қазір қарап көрейін》деп, сандықтан бір көйлек пен қызыл масаты камзолын берді. Уысыма қысып алып, атыма қарай жүгірдім... Қойшы не керек атқа мінгізіп, қызды үйге алып келдім.
Сол ауылдың бар адамы түгел келді-ау деймін, жылап жатыр, қуанып жатыр, ал мен болсам қарным əбден ашқан тамақ жеп жатырмын.
Ол кезде 13 жасар баламын. Жаңағы əжем менің алақанымды сипап отырып:《Рахмет, қалқам, осы баланы Құдай алдында саған телідім, үйіңе алып кет》 демесі бар ма. Шошып кеттім. 《Жоқ, əже, мен мал іздеп адасып елімді таба алмай жүрген баламын》деп атыма міндім де тартып кеттім.
Ол кезде жолда көрген- білгенін айта бермейтін кез. Жаз өтіп күз келді.. Дастархан үстінде сөзден- сөз шығып:《Көке, мен моладан тірілей көміп тастаған адамды қазып алып, үйіне апарып бергенмін》-дедім. Көкем:《Сандалмай тамағыңды іш》деп жекіп тастады. 《Шын айтам. 9 жасар қыз екен》-дедім. Əкем: -《Қайталап айтшы?》
-деді. -《Иə, əке, маған сол қызды сұраусыз саған бердім, алып кет деді, мен атқа міндім де қаштым》деуім мұң екен, əкем біраз жерге апарып ұрысып алды.
Əкем ақыры сұрай-сұрай сол қызды тауып алып үйге алып келді. Екі жыл қызындай бағып, ол 11 жасқа мен 15 жасқа келгенде екуімізді қосты. Содан қазіргі таңда 11 балам бар, 6 балам аяқтанды, бесеуі бойдақ》-деді де əңгімесін аяқтады. 《Өмірде жүре берсең, көре бересің》-деген, ғажап екен!
Ол заманда ұялы телефон жоқ, əттеген-ай! Сол кісіні кейіннен іздеп таппай қалдым деп əлі өкінішпен өзегім өртенеді.


Келдібай Бектұрған.

Maksat Skakov-тың Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4221    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 10:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қазан, 10:30
    Ақылдың кені
    6 Қазан, 10:30
    АЛТЫН ОРДА АҚИҚАТЫ
    1 Қазан, 10:39
    ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛАСЫ
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31