Алаш үні

Коронавирус қайдан пайда болған?

  • Коронавирус қайдан пайда болған?

    Коронавирус қайдан пайда болған?

 Жер жаһанды жалмап, шартараптың түкпір-түкпіріне таралған індеттің қайдан шыққаны халықаралық жанжалға айналатын түрі бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жануардан адамға жұққанын мәлімдеген. Басты күдікті – жарғанат немесе жылан. Бірақ Қытай тарапы пандемиялық вирустың сырттан келгеніне сенімді.

Қытай мен АҚШ қарым-қатынасының бұзылғаны бүгін емес. Бұған дейін «Egemen Qazaqstan» газетінде екі ел арасындағы сауда соғысы туралы, оның экономикалық әсері жөнінде талай мәрте жаздық. Коронавирустан туған дау да соның жалғасы іспетті.

Екі тараптың індетке бір-бірін жиі айыптағаны соншалық, бұл алауыздықты кім бастағанын тап басып айту қиын. Әйтсе де, Қытай Сырты істер министрінің өкілі Чжао Лицзянь америкалықтарды кінәлады. Ол туиттердегі парақшасында бірнеше мәрте вирустың шығу тегіне күмәнмен қарайтынын жазған-ды.

«АҚШ-та алғашқы науқас қашан тіркелді? Қанша адамға вирус жұққан? Науқастар жататын аурухана қалай аталады. Уханьға эпидемия әкелген америкалық сарбаздар секілді. Ашықтық сақтаңдар! Деректеріңді көрсетіңдер! АҚШ бізге түсініктеме беруі тиіс!» деп жазды Ч. Лицзянь.

Бұдан бөлек, Қытайдың шетелдердегі елшілері де вирустың таралуына АҚШ-ты кінәлаған сыңайда пікір білдірді. Мәселен, осы елдің Оңтүстік Африка республикасындағы елшісі туиттердегі парақшасына «Эпидемия Қытайда басталса да, вирустың Қытайдан шыққанын көрсетпейді» деп жазды.

Мұндайда америкалықтар қарап қала ма? Әсіресе, туиттерді жетік меңгерген Ақ үй басшысы Дональд Трамп та вирусқа қатысты бірнеше жазба салып, шу шығарып үлгерді. Мәселен, АҚШ Президенті бұқаралық ақпарат құралдарына жасаған мәлімдемесінде коронавирусты «қытайлық вирус» деп атады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да вирустың таралуына Бейжіңді кінәлайтынын жеткізді.

Қытайлық дипломаттардың америкалықтарды айыптауы өздігінен пайда болған жоқ. АҚШ-тың індетті бақылау және таратпау орталығы (CDC) директоры Роберт Редфилд Кәсіпкерлер палатасының отырысында сөйлеген сөзінде бұған дейін Америкада коронавирустың симптомына ұқсас жағдайлар тіркелгенін айтқан-тұғын. Қытайлық шенеуніктер Р.Редфилдтың осы сөзіне сүйеніп отыр. Қазіргі таңда оның сөзі қытайлық желі Weibo-да кең таралып, қолданушылар көптеп бөлісіп жатыр.

Бұған қоса, ақпанның аяғында өткен баспасөз жиынының бірінде танымал эпидемиолог Жонг Нанчан вирустың алғаш Қытайдан шықпауы мүмкін екенін айтқан. Бұл да отқа май құйғандай болды. Әйтсе де, эпидемиолог кейінірек өз сөзіне түсініктеме беріп, вирустың сырттан келгенін кесіп-пішіп айту қателік екенін, нақты шығу тегін анықтауға уақыт кететінін мәлімдеді. Алайда конспирологияға сенетіндер бұған мән берген жоқ.

«Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны» белгілі. Жалпы, Covid-19 вирусының өздігінен пайда болмағанына сенетіндер көп. Осыдан 5 жыл бұрын Nature Medicine журналында коронавирусқа жасалған тәжірибе туралы ғылыми мақала жарияланды. Сол мақалаға сүйенсек, ғалымдар жарқанатта кездесетін SHC014 коронавирусын гендік тұрғыда өзгертіп көрген екен. Нәтижесінде аталған вирус адамның тыныс алу жолдарын зақымдайтыны, жарқанаттан тікелей адамға жұға беретіні анықталған.

Бір қызығы, бұл зерттеуді Солтүстік Каролина университеті мен Уханьдағы биологиялық институт ғалымдары бірлесіп жүргізіпті. Бес жыл бұрын жасалған тәжірибе де вирустың шығу тегіне күмәнмен қарайтындар санын арттыра түспесе, кеміткен жоқ. Енді ше, Covid-19 алғаш Уханьда таралған-ды.

Алайда 2015 жылы жасалған вирустың қазіргі коронавирусқа қатысы шамалы. Ғалымдар Covid-19-дың SHC014-ке мүлдем ұқсамайтынын, керісінше жарқанаттағы коронавирустың басқа түріне ұқсас екенін анықтаған. Сондай-ақ вирустың гендік тізіліміне жүргізілген зерттеу де оның қолдан жасалмағанын, табиғи жолмен пайда болғанын көрсетіп отыр.

Қорыта айтқанда, жаңа коронавирустың шығу тегі біразға дейін дау болмақ. Жоғарыда ғалымдардың жүргізген зерттеуі туралы айттық. Олардың зерттеуі қазіргі Covid-19-ға қатысы шамалы болса да, коронавирус тобына жататын вирустардың адамға қауіпті екенін дәлелдегені анық. Бірақ әдеттегідей ғалымдардың сөзін дер кезінде ешкім тыңдамаған секілді...

egemen.kz




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2020, 09:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 16:22
    Бозбала Бейсен
    19 Мамыр, 16:42
    Өнеге-өмір
    27 Сәуір, 11:11
    Нығымет Нұрмақов
    24 Сәуір, 12:55
    Құнанбайдың мөрі
    23 Сәуір, 10:34
    ТАС ЖҮРЕК
    13 Сәуір, 08:51
    ҚАЗАНТЕПТІ
    4 Сәуір, 23:56
    МҰХАҢНЫҢ МҰҢЫ
    31 Наурыз, 11:36
    Абайдың үш бейнесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31