Алаш үні

Коттеджде тұруға лайық қазақтың лашықта өмірі өтіп жатыр!

  • Stan.kz

    Stan.kz

Времянкада тұруға тыйым салуы мүмкін дейді. Да ну. Қай гений ойлап тапты мына бастаманы. Нобельге сұранып-ақ тұр екен. "Әлеуметтік мәселені шешудің марқасқасы" деген атақ берсе де болады.


Айналайындар! Қазақ еріккеннен времянкада тұрып жатыр ма? Өз еркімен пеші де, асханасы мен жатын бөлмесі де бірге салынған аядай ғана лашықта отыр ма? Өмірдің жақсылығынан сол времянкада иіс тиіп қырылып жатыр ма? Жоқ! Барлығы да жоқшылықтың, тапшылықтың, кедейшіліктің кесірі.


Астанадағы бес қыздың өртеніп өлуіне времянка кінәлі емес, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы себепкер. Ақшасы бар болса, қағанағы қақ, сағанағы сақ болса, бес періштесін бес бөлмелі үйге отырғызар еді ғой байғұс ата-ана. Бес қызының бұрымын өріп, өмірден ләззат алып отырар еді(


Мәселені шешуде үнемі сырттай күлдіріп, іштей күйіндіретін шешім қабылдау қашан тоқтайды. Ал жақсы. Времянкаға тұруға тыйым салыңдар, сонда басқа қайда тұрады?! Көбінің жағдайы пәтер жалдап тұруға жетпейді. Времянкада тұратын қазақтың көбісі айына 50 мың табыс табады. Әкесі мен шешесі қосарласа тапқан 100 мыңды пәтерге берсе, тамақты қай қаражатқа сатып алады? Жазда топырақ, қыста қар жейді ма әлде?! Киімді қай ақшаға киеді? Жапырақ жабыстырып жүре ма?! Ауырса дәріні неге алады? Әлде өле берсін бе?!


Қазақтың времянкада тұрғанын қаламайсыздар ма? Бәрекелді. Менде қаламаймын. Онда әр қазақ пәтер алуға мүмкіндігі туатын әлеуметтік реформа жасаңдар. Әр қазақтың ресурсты нақты әрі шынайы бөлгенде коттеджде тұруға жағдайы келер еді. Бірақ өкінішке орай "Алтын балық" ертегісіндей аз қазақ сарайда, көп қазақ лашықта тұрып жатыр.


Мәселені шынайы шешуді бастайық. Времянкада тұруға тыйым салу шешім емес. Одан иіс тиіп қырылатын қазақ азаймайды. Керісінше билікке наразы бұқара саны артады. Оданда нақты әлеуметтік бағдарламалар ұсыныңдар. Айына бәленбай мың доллар алатын менеджерлер, әлеуметтанушылар, кеңесшілер ұсынсын.


Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1682    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.02.2019, 12:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31