Алаш үні

Құпияға толы Берел қорымы

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Берел қорымы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Бұқтырма өзенінің он жағалауында орналасқан. Мыңжылдықтар тарихын арқалаған Берел қорымы – Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары қатарына енген қасиетті мекен.

 

Құнды жәдігерлер мен обалар тарих қойнауынан сыр шертіп, археологиялар зерттеулердің айнымас орталығына айналды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

 

Обаларды жүйелі түрде зерттеу Зейнолла Самашевтың есімімен тікелей байланысты. Оның басшылығымен жүргізілген қазба жұмыстардың нәтижесінде 1998-1999 жылдары қолдан жасалған мәңгі мұздықтағы № 11 "Патша қорғанынан" сақ көсемі мен әйелдің және ер тоқымымен бірге жерленген 13 жылқының мүрдесі табылды, оған қоса патшаның салтанат киімі, мініс аттардың ат әбзелдері, ағаштан, былғарыдан, киізден аң стилінде жасалған мыңнан астам қолөнер жәдігерлері табылды. Кейінірек тағы да мәңгі тоң басқан екі қорған зерттеліп, олардан да жерленген жылқылардың мүрделері табылды.

 

2016 жылы облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен археология сала-сында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты - өңірдің туристік бағытын дамыту үшін мәдени брендін қалыптастыру, Әлемдік ЮНЕСКО қорын толықтыру.

 

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасымен құнды жәдігерлерді келушілердің көруіне мүмкіндік жасау үшін қорғанның үстінен шыны саркофаг тұрғызылды. Қатты шыныдан жасалған саркофагтің аумағы 90 шаршы метр, ал биіктігі жәдігерлер жатқан жерден бастап 8,5 метрді құрайды. Ашық аспан астындағы мұражайды ашу – облыс үшін маңызды мәдени құбылыс болды.

 

BAQ.KZ

 




Көрілген: 1061    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.08.2020, 01:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қазан, 10:38
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан, 10:30
    Ақылдың кені
    6 Қазан, 10:30
    АЛТЫН ОРДА АҚИҚАТЫ
    1 Қазан, 10:39
    ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛАСЫ
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31