Алаш үні

Қытайдан қашып келген қандастарға босқын мәртебесі берілді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Қытайдан қашып келген этникалық қазақтар &ndash Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына босқын мәртебесі берілді. Ақмола облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі олардың өтінішін ведомствоаралық комиссияның отырысында қарап шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

16 қазанда ведомствоаралық комиссияның отырысы өткен. Сол жерде Қытай Халық Республикасының азаматтары &ndash 1989 жылы туған Қастер Мұсаханұлы мен 1994 жылы туған Мұрагер Әлімұлының босқын мәртебесін беру туралы өтініші қаралды. "Босқындар туралы" заңның 13-бабы бойынша оларға босқын мәртебесін беруге шешім қабылданды. Дәл осы заңға сәйкес, босқын мәртебесі бір жылға беріледі. Бірақ оның мерзімін ұзартып отыруға болады. Ол үшін бір ай қалғанда тағы өтініш жазу керек.    

 

"Тексеріс кезінде Мұсаханұлы мен Әлімұлының Қазақстан Республикасының шекарасынан заңсыз өткені анықталды. ҚХР-дың ұлттық төлқұжаттары да болмаған. Ал "Халықтың көші-қоны туралы" заңның 49-бабы, 1-тарамағына сәйкес, заңсыз келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ, шыққан елінде қылмыс үшін қудаланып жүргендерге тұрақты тұру құқығы берілмейді. Ал Қазақстан азаматтығын алу үшін тұрақты тұру құқығы болуы шарт", - дейді облыстық департаменттің мамандары.

 

Босқын мәртебесін алған қандастырымыз тұрақты тұруға рұқсат алмаса да, медициналық көмек, еңбек пен кәсіпкерлік қызмет еркіндігі сияқты құқықтардан айырылмайды. Бұл &ndash заңның талабы.

 

Айта кетейік, 2019 жылы қазан айында екі қандасымыз Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан қашып келген. Сол кезде оларды екі айға қамауға алды. Ал ұлттық қауіпсіздік комитеті екеуінің мемлекеттік шекараны қалай кесіп өткені үлкен күмән тудыратынын мәлімдеді. Құқық қорғаушылар олардың 2006 жылы мал ұрлығы үшін қазақ-қытай шекарасында ұсталғанын және қытай шекарашыларына берілгенін де айтқан еді.

 

 




Көрілген: 802    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 15:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қазан, 10:38
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан, 10:30
    Ақылдың кені
    6 Қазан, 10:30
    АЛТЫН ОРДА АҚИҚАТЫ
    1 Қазан, 10:39
    ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛАСЫ
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31