Алаш үні

Қызылжардан қуанышты хабар

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

Қуанып отырмыз. Қызылжардың бір топ азаматтары бірімізді-біріміз құттықтап мәз болдық. Республикада «мораторий» болып жатса да, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының мүшелері бас қосып, Қызылжардағы бірнеше мектепке ат қойды.

 

Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан атамыздың, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының, Алаштың жас жолбарысы Смағұл Сәдуақасұлының  ардақты есімдерін орта мектептерге бердік. Осынау тарихи оқиғаға қатысымыз болғанына қуандық. Әлем чемпионы Қажымұқан атамызға Ұлттық спорт мектебіне беруге ұйғардық.

 

Облыстық ономастика комиссиясын басқарып отырған, облыс әкімінің орынбасары Ғани Сақтағанұлы осы ұсынысты ортаға салғанда, әлбетте бірауыздан дауыс бергнендер ішінде кім болды дейсіз ғой: Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ театрының директоры әрі әнші Біржан бауырымыз, облыстық архивтің директоры, ғылым кандидаты Сәуле Мәлікова, облыстың Құрметті азаматы журналист Жарасбай Сүлейменов, журналист Жақсыбай Самрат тағы басқалары бастаған елдің игі жақсылары. Әрине, Республика үкіметі қолдайды, премьер-министр қол қояды деген үмітіміз кәміл.

 

«Аттарын бердік, мектептеріміз сол аттарына лайық болсын дейік. Алаштың қасиетті ұлдарының атындағы мектептерді мақтан қылайық, ескерткіштерін орнатып, маңайын көркейтейік!», деп тарастық.

 

 

 

Зарқын Тайшыбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Abai.kz




Көрілген: 1167    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.09.2021, 18:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31