Латын әліпбиі: міндеттер мен мүмкіндіктер

Латын әліпбиі: міндеттер мен мүмкіндіктер

Елімізде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмысы 2017 жылдан басталғанын жақсы білеміз. Осы уақыттан бері бірқатар жұмыс атқарылды. Ол – ғылыми, әдістемелік және насихаттау жұмысы. 2019 жылғы қазан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма бергеннен кейін Үкімет жанынан құрылған Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобының ғалымдары әліпбиді жетілдіруге байланысты жұмыстар атқарды. Бұл ғылыми топ еліміздің жоғары оқу орындарының ғалымдарынан тұрады. Орфографиялық жұмыс тобының  бірнеше отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа техникалық топтың ІТ мамандары, сондай-ақ терминологиялық, әдістемелік  жұмыс тобының мүшелері де шақырылып, әліпбидегі өзгерістер жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде, бұл әліпбиді Орфографиялық жұмыс тобының 95% қолдады.

 

Жетілдірілген әліпби жобасы республикалық ашық талқылаулардан және апробациялардан өтті. Мәселен, республикадағы бар­лық Тіл орталықтары бекітілген әліпбидегі өзгерістерді сол өңірдегі тіл мамандарының талқысына салды және студенттер мен оқытушылар арасында сынамадан өткізді. Нәти­жесін Орфографиялық жұмыс тобына ұсынып, жұмыс тобы мүшелері сынама қорытындысы негізіндегі ескертпе мен ұсыныстарды мұқият талқылаудан өткізді. Бұған қоса әліпби жобасы бастауыш мектеп мұғалімдері мен әдіскерлер тарапынан да талқыланып, сарапталды. Алдыңғы апостроф акут жобаларына қарағанда қазақ тілінің төл табиғатына негізделген осы жетілдірілген жобаны ашық талқылауға және апробацияға қатысқан ма­мандардың барлығы дерлік қолдады. Сонымен бірге жақында Үкімет жанындағы Ұлттық комиссия мақұлдаған жетілдірілген жоба жалпы әліпби түзудің халықаралық шарттары мен талабына толық сәйкес келеді. Себебі ол Халықаралық фонетикалық әліпбиге және Юникод жүйесіне сай дайындалған.

 

Қазіргі жаһанданудың ең басты ерекшелігі саналатын цифрландыру үрдісінде қазақ әліпбиі де соған сәйкес болуы қажетін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Осы тұрғыдан келгенде қазақ тілінің жаңа латын әліпбиі осы үрдістердің үдесінен шығуы тиіс. Жетілдірілген әліпби жобасының басты ерекшелігі де осында деп ойлаймыз. Оны еліміздегі тілші ғалымдардың, әдіскерлердің және мұғалімдердің барлығы қолдауда.

 

Әліпби мен оның емле ережелері бекітілгеннен кейінгі үлкен жұмыс – осы әліпбиді халыққа үйрететін оқытушылардың өздерін дайындау. Президент әліпби нұсқасын ресми түрде бекіткеннен кейін ең бірінші, оқытушылар даярланады. Яғни, латын әліпбиін үйрететін оқытушыларды даярлау үшін республика көлемінде оқыту курсы ж­реді. Ол курстың арнайы бағдар­ла­масы мен оқыту құралы дайындалып жатыр. Курсқа қатысушылар жаңа әліпби құрамы мен латын әліпбиіне негізделген емле ережелерін толықтай меңгеріп шығады. Осы курстан оқып шыққан оқытушылар өз өңірлеріне барып, латын әліпбиі мен емле ережелерін үйрететін болады. Бұл шараны Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті «Тіл-Қазына» орталығы Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акаде­миясы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы», «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» сияқты ғылыми-әдістемелік мекемелер жүзеге асырады.

 

Әліпби және оның емле ережелерін үйрету курстары онлайн форматта да ұйымдастырылады. Осындай форматтағы оқу құралдары дайындалады және латын әліпбиін үйретуге арналған оқу құ­ралдарын республиканың кез келген тұрғыны пайдаланып, курсқа қатыспай-ақ өз еркімен үйрене алады. Оқу құралдарының барлығы электронды форматта, арнайы сайттарда жарияланады. Латын әліпбиін үйретуге бағытталған нұсқаулықтар, кітапшалар балаларға, егде жастағы адамдарға немесе сала мамандарына лайықталып жасалатын болады. Сонымен бірге смартфондарға арналған мобильді қосымшалар да дайындалатын болады. Мобильді қосымшаға енгізілетін мәтіндер, тапсырмалар, емле ережелеріне қатысты түсіндірмелерді Орфографиялық жұмыс тобы ғалымдары, мамандар даярлап береді. Мамандар даярлаған мәтінді немесе тапсырмалар топ­тамасын ІТ мамандары мобильді қосымшаға енгізеді.

 

Елімізде жаңа әліпбиге көшу 2025 жылға дейін деп қарастырылған. 2018 жылы бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру» жоспарына сәйкес жаңа әліпбиге көшу кезеңдері мынадай: 2021 жылы жаңа әліпби және оның емле ережелер жобасы бекітілгеннен кейін, жұртшылықты жаппай оқыту кезеңі басталады. Сондай-ақ латын графикасы негізіндегі жаңа ортологиялық құралдар, нұсқаулықтар, анықтамалықтар шығатын болады. Яғни, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер, анықтағыштар және т.б. 2022-2023 жылдары жаңа әліпбимен оқу құралдары әзірленіп, 1-сыныпқа баратын оқушылар жаңа әліпбимен мектеп табалдырығын аттайды. Сондай-ақ Қазақстан азаматының паспорттары мен жеке куәліктері, басқа да құжаттар латын графикасы негізінде берілуі көзделіп отыр. 2025 жылы мемлекеттік БАҚ-ты және баспа басылымдарын жаппай латын графикасына көшіру жұмыстары басталуы жоспарланған. Әлбетте, әліпби мерзімінен кеш бекітілуіне орай жоспарда белгіленген мерзімдер бойынша өзгерістер болуы мүмкін.

 

Әліпби ауыстыруда маңызды мә­селенің бірі – бұл әріптерді пер­не­тақтада орналастыру. Бізде пернетақта мәселесіне жауап беретін Ұл­тық комиссия жанынан Техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жұмыс тобы деп аталатын арнайы жұмыс тобы құрылды. Атал­ған топ бүгінде жаңа қазақ әліпбиіне негізделген пернетақта жобасының бірнеше нұсқасын қарап, оларды талқылаудан өткізді. Ұсынылған пернетақта жобаларының бірі бүгінгі қолданылып жүрген Qwerty пернетақтасына негізделсе, енді бірі қазақ тіліндегі әріптердің қолданылу жиілігіне байланысты жасалған. Бұл пернетақтада қазақ тілінде ең жиі қолданылатын әріптер пернетақтаның ортаңғы бө­лігіне орналастырылса, қалған бөліктеріне әріптер рет-ретімен қолданысына қарай орналастырылды. Жаңа пернетақта үлгілері жұртшылықтың назарына әліпби қолда­ныс­қа енгізілген соң ұсынылатын бо­лады.

 

Латын әліпбиіне көшуіміздің себебі туралы БАҚ-та, әлеуметтік желілерде көп айтылды. Соның кейбіреулерін тұжырымдап келтірейік.

 

Латын әліпбиіне көшу, ең алдымен біздің қазіргі жаһандану жағдайында әлеммен графикалық тұрғыдан үндесуімізге мүмкіндік береді. Шетелдердегі қазақ қандастарымыздың да әліпби басын біріктіретін құрал болары сөзсіз. Түркітектес халықтармен де жазуымызда ұқсастық болуы тілдік қарым-қатынасымызды кеңейтуге, түркі әлемін біріктіруге септігін тигізетін болады. Технологиялық тұрғыдан ықпалдасуға берер пайдасы мол. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтуде. Яғни, халықаралық кеңістікте әбден танымал, кең таралған және әлемнің дамыған мемлекеттерінің басым көпшілігі қолданатын латын әліпбиі біздің санамызды, қоғамды жаңғыртуға үлкен мүмкіндік ашады.

 

 

Әлібек АСҚАР,

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық

ғылыми-практикалық орталығыныңбас директоры

 

 

 

 

turkystan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста