Алаш үні

Максим Споткай: Шетелге бара қалсақ, бізді «қазақстандық» емес «қазақ» деп қабылдайды

  • Максим Споткай: Шетелге бара қалсақ, бізді «қазақстандық» емес «қазақ» деп қабылдайды

    Максим Споткай: Шетелге бара қалсақ, бізді «қазақстандық» емес «қазақ» деп қабылдайды

КӨПҰЛТТЫ ЕМЕСПІЗ


Бізге «көпұлтты мемлекет» деген тіркесті қолдануға болмайды. Бұл тұрғыда Aidos Sarym ағаммен толық келісемін. Бізде жалғыз ғана ұлт және этностық топтар бар.


Қазақтар руға бөлінбейді, рудан құралады. Дәл сол секілді Қазақстан халқы этностарға бөлінбейді, олардан құралады. Бүгін біз – ортақ менталитеттеріміз бен құндылықтарымыздың арқасында біртұтас мемлекет құруға бет алған елміз.


Сондықтан ештеңеге қарамастан біртұтас халықпыз деп айта аламыз. Мысалы, шетелге бара қалсақ, бізді «қазақстандық» емес «қазақ» деп қабылдайды. Шетелдік телеарналар «қазақ Президенті», «қазақ кәсіпкері» деп сөйлейді.


Бізді біріктіруші үш фактор бар. Олар - дастархан, мерекелер және тіл.


Мысалы қазір үлкен мерекелерде, туған күндерімізде біз міндетті түрде ет асамыз. Қай этноста болмасын, қазы-қарта, жал-жая және шұжық әр шаңырақтың сүйікті асына айналған.


Ортақ мерекелер де жетерлік. Бәріміз қаладағы орталық алаңдарда наурыз мерекесін тойлап өстік. Қымыз ішу, алтыбақан құру, концерт тамашалау, қонаққа бару – әр қазақстандық үшін маңызды құндылықтарға айналған іс-шаралар.


Үшінші маңызды фактор – тіл. Біз әлі де біртілдік ортаны қалыптастыра қойған жоқпыз. Дегенмен 5-10 жылдың шамасында қоғамымыз 90% қазақ тілін меңгеріп, тіліміз арқылы рухани біріккен қоғамдық сананы қалыптастыра алатынымызға кәміл сенемін. Тіл табысуымыз керек. Тура мағынада да.


Осы үш қадамды жасағаннан кейін біз тұтас бір ел боламыз. Екі қадам жасалып, үшіншісіне де аяқ басып тұрмыз (тіл).


Бәрі өзіміздің қолымызда.


Фейсбуктегі парақшасынан


 


 




Көрілген: 1186    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.01.2019, 13:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31