Алаш үні

Мәйіті 41 жыл бойы бұзылмай сақталған екен

  • Мәйіті 41 жыл бойы бұзылмай сақталған екен

    Мәйіті 41 жыл бойы бұзылмай сақталған екен

Атақ-даңқы алты алашқа жайылып, әулие атан­ған қасиет иесі – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлын бәріміз жақсы білеміз. Ғұламаның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеумен келе жат­қан өз ұрпағы Әсет Пазыловтың еңбекте­ріндегі мынадай мәліметтерді оқырманға ұсынудың реті келген сияқты. 


Қазір тылсым дүниелердің құпиясын ашу ашық ғылымға айналып, сана мен жан өресі өрлеген сайын бізді қызықтыратын көненің кереметтері көбейіп кетті. Енді қараңыздаршы, бұрынғы бабаларымыз қандай шешен, көсем, ата жолына адал, таза болған? Сондықтан олар әулие болмағанда қайтсін… 


Ал біз ше? Біз тіпті сол бабалар ізін, жолын, танымын, нанымын жадымыздан жойып алдық та, ессіз күй кешіп жүрміз. Өзіміздің кім екенімізді, қайдан келгенімізді, қайда баратынымызды білмей далмыз. 


Иә, Жаратқаным, жарылқай гөр Алаш балаларын! 


Сонымен, мақалаға көшейік. 


Мәшһүр Жүсіптің денесінің 21 жыл ашық жатуы – әлі күнге дейін жұмбақ. Мәшһүр Жүсіп үлкен баласы Шәрәпиденге: «Мен өлгеннен кейін қырық бір жылға дейін денем бұзылмайды. Тірі адамның көзі көреді, оған серт етем! Тек жаздың ыстық айларында ақыретімді айырбастап отырыңдар. Қыста керегі жоқ. Сонда көздерің жететін болады», – деп өсиет етеді. 


Біреулер оның денесін шірітпейтін арнайы дәрілік шөптер ішкенін айтады. Ондай дәрі болса, басқа әулиелер немесе бақсылар, тіпті байлар неге қолданбады екен? Тіпті топырақтың құнарлылығын да алға тартатындар бар. 


Қалай десек те Мәшһүрдің денесін қойған жерге күн сәулесінің қаншалықты көлемде түсетіні мен зиратының басынан шығатын биіктігі бір жарым, ені бір кезге таяу, қалыңдығы 20-30 сантиметр жалпақ ақ тасты қабырғаға ілгізуі жұмбақ күйінде қала бермек. 


1927-жылы дүниеге келген Қалиұлы Қаратай Ескелді деген жерде Мұхаммед Фазылды көргенін баяндап берген болатын. 


«Мен және 1926-жылы дүниеге келген Ермек, Қанапия деген екі бала жаяу Ескелдіге келдік. Келсек, мұғалім (Мұхаммед Фазыл) күрең биесін жегіп келіп, үйіне енді кіріп жатыр екен. Есіктен кіргенде бұрышта пеш тұр. Мұғалім құран оқыды. Берген ақшамызды алмады. «Біз әдейі келдік қой, атамыздың жат­қан жерін, түрін көрейікші», – деп өтіндік. Сонда мұғалім: «Әй, болмадыңдар ғой, көңілдерің қалмасын», – деп адам бойы қазылған төменгі жаққа сатымен түсіп, шам жақты. Ешқандай да қақпақ көрмедік, шаммен төмен түсетін жер, ортада тұрса керек», – деп Қаратай ақсақал сыр шерткен болатын.


Ал 1921-жылы дүниеге келген Серік Аманжарұлы: «Сатымен төмен түсіп, шамның жарығымен атаның үстіне ақ жаптық. Мен көрейінші деп өтіндім. Содан бірінің үстіне бірін жаба берген ақ маталарды дененің ортан беліне дейін көтердік. Сонда алғашқы жабылған ақ маталардың қурап жерге түсіп жатқанын көрген Мұхаммед Фазыл: «Күнә болар, жерден жинап алайық», – деді. Біз солай істедік. Жарықтық, атамыздың бет-бейнесі сол қалпы жатыр. Бейне ұйықтап жатқан жан тәрізді», – деп сөзін аяқтаған болатын. 


Сөзіміз дәлелді болуы үшін Мәшһүр Жүсіптің немересі Қуандық Пазылұлының әңгімесіне құлақ түрелік. 


«Бала кезден есімде, 1947 – 1948-жылдар болар. Бейіт ауыз үйден, төр үйден тұратын. Төр үйінің есігі қылуеттің қақпағындай. Қақпақты көтеріп ашып, сатымен түсетін. Қараңғы. Екі қария дәретін алып түсіп, денесіне ақ жабады. Мен баламын. Алдын-ала жағып, дайындап қойған шамды маған «алып бер» дейді. Апарып берем. Бала болсам да құлағымда мына сөз қалып қойыпты: Уәли деген ауылдық кеңестің төрағасы бар еді, сол мәйіттің қарын тұсын саусағымен басып көріп: «Былпылдап, жұмсақ жатыр. Тек бақайының тырнақтары түсіп қалған екен», – дейді». 


...Мәшһүр Жүсіптің немересі Сүйіндік Көпеев марқұм да өз естелігінде: «1946-жылы Сәбит Мұқанов келіп, қабірдің ішіне түскен еді. 1950-жылы өзім де түсіп, денесін сипаған едім. Сонда жадағай жерде жатса да біртүрлі хош иіс шығып тұрды. Ешбір құрт-құмырсқа, көрді жайлап алатын сасық күзен, тышқанның ізі білінбеді», – деп жазған болатын. 


1930 – 1932-жылдары Қазақстанды әйгілі ұлы жұт, аштық жайлағаны мәлім. Осы аштықты болжай білген Мәшһүр Жүсіп өлерінен бір жыл бұрын өзінің асын бергізіп, жаназасын оқытып, жоқтау айтқызған екен.


Зәуре ДӘУЛЕТОВА


www.zamana.kz




Көрілген: 2259    Пікірлер: 0

сенбі, 23.02.2019, 20:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31