Алаш үні

Мемлекет бөлген ақша тек бизнеске кетсе, қалған жұрт не істейді?..

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

Бізге қазір өзімділік емес, төзімділік керек…

 

Қадірлі ағайын! Құрметті достар!

 

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Баяғыда осыдан 40-50 жыл бұрын біз Наурызды тойламайтынбыз.Өйткені Кеңес үкіметі бізге Наурызды тойлауға тыйым салған. Алайда оқушылар, мұғалімдер 22 наурыздан бастап көктемгі демалысқа шығатынбыз. Сондықтан да біздің көңіліміз көтеріңкі болатын. Қыстай киген етік, құлақшын, пальто, курткаларамызды тастап жаңарып киінетінбіз. Көк шыққанға, шөп шыққанға, күлімдеген күнге қуанатынбыз. Сенбілік жасап, ауламызды, көшемізді тазалап, қоқыстарды өртеп жаңаратынбыз. Көктем ең алдымен көңілімізге келгендей күй кешетінбіз.

 

Ал, биыл өзгеше... Себебі әлемде, табиғатта, адамдар да өзгерді. Ең бастысы бізге Тәуелсіздік келді... Тәуелсіздік бәріне бірдей келген жоқ. Елдің бәрі нағыз тәуелділікке тәуелді болды. Жоқшылыққа, кедейшілікке, кредитке, банкке, жұмыс берушіге, полиция мен прокурорға тәуелді болды.

 

"Самарқанда бір әпкем бар, менен де өткен сорақы" демекші, енді міне мұнайдың бағасы төмендеп қала берді. Әлемдік коронавирусқа тәуелді болдық. Құдай сақтасын дейміз... Бұл індеттің қайдан келгені белгісіз.

 

Адамзат тарихында бұндай ауру көп болған. Сүзек, оба, тырысқақ, шешек... Сонау Ибн Синаның заманынан бері қаншама індет болды. Бірақ, қай кезде де адамзат ол қасіретті жеңе білген. Ал, қазір ше? Заман да, заң да басқа…

 

Менің өз ойымша, бұл ең алдымен адамдардың ниетіне, көңіліне, мейірімділігіне, махаббатына, иманына тікелей байланысты. Басқасын былай қойғанда соңғы 10-15 жылдың өзінде жер бетінде соғыс өрті көбеймесе азайған жоқ. Ауғанстанмен, Югославиядан басталған соғыс Араб елдерін, Сирия, Иран, Ливия,Түркия жұртшылығының берекесін алды. Қаншама теракт болды. Қаншама жұрт туған үйін, мекенін, Отанын тастап, босқын болды...Қаншама сәбидің, жетім-жесірлердің көз-жасы көл болды… Жаңылмасам Ф.Достоевскийдің сөзі бар-тын "Егер бір сәбидің көз жасы төгілетін болса, ол революцияның құны көк тиын", - деген. Қандай Ұлылық десеңші… Ал қазір бір емес, миллиондаған сәбилердің көз жасы көл емес, теңізге айналған. Ал адамзат есін жияр емес… Бұл біздің - адамгершілікті, мейірімділікті, жанашырлықты, адамды құрметтеуді ұмытқанымыз болар…

 

Бүгінде не көп? Сәуегейлер мен әулиелер көп заман болды. Күні кеше ғана бір әншісымақ "бұл коронавирустан қорқудың керегі жоқ", - деп оттап отыр. Біреулер "осы індетті емдейтін дұғам бар, анау-мынау қасиетім бар", - дейді. Неткен топастық… Неткен арсыздық… Менің білетінім бұл әзірге емі табылмай тұрған індет. Яғни сынақ. Бұл тек біз ғана үшін емес, адамзат үшін үлкен сынақ. Өйткені біз мәңгүрттеніп кеттік. "Адамға табын - Жер енді", - деп Жер - Ананы табындырмақ болдық. Сатпақ болдық. Бәлкім содан да болар, неше түрлі апаттардан көз ашпай қалдық. Сібірдегі, Италиядағы, Португалиядағы, Австралиядағы өрттен миллиондаған жан-жануарлар опат болды. Естуімше осы індеттің өзі лабораториядан басталып, содан жер-жерге тараған. Оны дәлелдеп жатқан да ешкім жоқ, дәлелдеудің де қажеті шамалы.

 

Кеш, тым кеш. Бір асқанға, бір тосқан. Адамдар есін бір сәт жиғандай. Адам үшін де, тіршілік үшін де ең үлкен бақыт ол - Өмір. Ол - атқан таңға, батқан күнге куә болу, кеудең тола дем алу, сүйген ісіңмен айналысу, жақындарыңмен бір болу. Бұл Алланың адамға берген ең үлкен сыйы. Иә, қазір - карантин. Үй қамақ... Далаға да, қалаға да, қалаған жеріңе де бара алмайсың. Бәріміз - бір сәт үй қамақтың не екенін енді түсініп жатырмыз. Адамға ең керегі еркіндік екені есімізге енді түскендей. Қуанатыным ақшасы көп халықтың арқасында байып алған байшыкештер бір сәт тәубесіне түскендей. "Жалмауызға да жан керек", - деген осы шығар. Ал менің - алаңдайтыным қарапайым халыққа қиын болатын болды. "Арық атқа - қамшы жау",- дегендей, биылғы қыстың қарлы боранынан ілдәлдалап шыққан жұртқа оңай болмасы хақ. Үкімет - Үкімет боп қалғысы келсе, ертеңінен үміт күтетін болса, дәл қазір халыққа жәрдемдесу керек.

 

Мен экономист те, финансист те емеспін. Мен тек руханиятпен, мәдениетпен айналысам… Яғни адам жанымен… Менің ұққаным - қазір халқымыз қиын кезеңді басынан кешіруде. Мемлекеттен бөлінген 10 млрд. доллар тек бизнеске кетсе, қалған жұрт не істейді? Бюджеттегі елмен, зейнеткерлерді қайтеміз? Ал ауылдағы жұрт не істейді? Міне, мәселе қайда? Осындай қиын - қыстау кезеңде ауылды қалай аман сақтаймыз? Дәл қазір халық көшеге шығып кетпесін десек - Елбасынан бастап, Үкімет мүшелері бар, әкімдер бар халықпен бірге болғаны дұрыс. Ел ішін, ауыл ауылды аралауы керек. Менің ұққаным қазір елдің еңсесі түспеуі тиіс. Еңсеміз биік болса - бізге ештеңе қорқыныш емес.

 

Көппен көрген ұлы той. Жүрек төрінен орын алған теңдессіз Мұхаммед (с.а.с) кітабында (Ғ.Тобышевтың аудармасы) Құрайыштардан қорлық көрген Мұхаммед(с.а.с) пайғамбарымыз өзіне де, өзге муминдерге де тек төзімділік тілеген екен. Бізге де дәл қазір тек қана төзімділік керек. Бізге өзімділік емес, төзімділік керек...

 

Соңғы қосарым өз басымнан, барша дос жарандарымның атынан ақ халатты абзал жандар дәрігерлерге, санитарларға, осы індеттің алдыңғы шебінде жүрген батырларға басымды ием.

 

Талғат Теменов

Abai.kz




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.03.2020, 12:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:42
    Өнеге-өмір
    27 Сәуір, 11:11
    Нығымет Нұрмақов
    24 Сәуір, 12:55
    Құнанбайдың мөрі
    23 Сәуір, 10:34
    ТАС ЖҮРЕК
    13 Сәуір, 08:51
    ҚАЗАНТЕПТІ
    4 Сәуір, 23:56
    МҰХАҢНЫҢ МҰҢЫ
    31 Наурыз, 11:36
    Абайдың үш бейнесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31