Алаш үні

Мемлекеттік арнадағы түрік сериалдары қысқарады – Аида Балаева

  • Мемлекеттік арнадағы түрік сериалдары қысқарады – Аида Балаева

    Мемлекеттік арнадағы түрік сериалдары қысқарады – Аида Балаева

Жаңа маусымда мемлекеттік телеарналарда сериалдар мен ойын-сауық мазмұнындағы бағдарламалар азаятын болады, олардың орнына қазақстандықтарға мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы көрсетілмек.

Мемлекеттік телеарналарда жаңа маусымда түрік сериалдары әдеттегіден аз көрсетіледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты деп хабарлайды Dalanews.kz sputniknews-ке сілтеп.

Қазақстан президентінің телерадиокешені министр Аида Балаеваның сұхбатын жариялады. Ол жерде министр жаңа маусымда телеарналарда қандай өзгеріс болатынын айтты. Балаева министр лауазымына тағайындалғаннан кейін мемлекеттік телеарналардың жұмысына қатысты көптеген ұсыныс пен сын-пікір айтылғанын мәлімдеді.

“Азаматтардан арналарда ойын-сауық пен сериалдардың көп көрсетілетіні жайлы көптеген шағым түсті. Осыған байланысты жаңа маусымнан бастап шетелдік ойын-сауық мазмұнды бағдарламалар мен сериалдарды сатып алуды 30%-ке қысқартамыз деген шешім қабылданды. Алайда түрік сериалдарын түгелдей алып тастауға болмайды. Бір аудиторияның қамын ойлап, екінші аудиторияны елеусіз қалдыра алмаймыз. Бір аудитория оны қалап, күтіп отырады. Апаларымыз әр сериал кейіпкерінің тілеуін тілеп отырады. Солармен бірге қуанып, бірге мұңаяды. Ол аудиторияның мүддесін таптай алмаймыз”, – деді Балаева.

Министрдің айтуынша, енді телеарнадан отандық өнім көбірек көрсетілетін болады. Елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін, мемлекеттік органдардың қызметін, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалардың іске асырылуы көрсетілетін бағдарламалар көбейеді деп күтілуде.

“Пандемия экономикалық жағдайға әсер етті, сондықтан біз “әл-Фараби” телеарнасын іске қосудан бас тарту туралы шешім қабылдадық. Бұған дейін екі жаңа арнаның іске қосылатыны хабарланды. Бұл бастама жағдай оңалған уақытқа шегеріліп отыр. Қазір қолданыстағы арналардың мазмұнын жақсарту туралы шешім қабылданды. “Еларна” мәдени-білім арнасы ретінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, Kazakh TV арнасына ребрендинг жасалады”, – деді Балаева.

Отандық сериалдар мен деректі фильмдерді экранға шығару мақсатында “Қазақфильмнің” негізгі серіктесі болу да министрліктің жоспарында бар.

Сонымен қатар Балаева министрлікте мемлекеттік тапсырыс жүйесіне талдау жүргізілгенін айтты.

“Қазір мемлекеттік бағдарламаларды кеңірек жария етуге, талдау материалдарын көбірек жасауға бағытталған нақты пікірлер бар. Бұл мемлекет саясатын кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Белгілі бір бағдарламаларға немесе бастамаларға қатысты сараптамалық пікір әрқашан маңызды. Келесі жылдан бастап жаңа форматта жұмыс істейміз”, – деді Балаева.




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.08.2020, 19:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қазан, 10:30
    Ақылдың кені
    6 Қазан, 10:30
    АЛТЫН ОРДА АҚИҚАТЫ
    1 Қазан, 10:39
    ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛАСЫ
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31