Алаш үні

Мемлекеттік сайттар мемлекеттік тілді менсінбей ме?

  • Мемлекеттік сайттар мемлекеттік тілді менсінбей ме?

    Мемлекеттік сайттар мемлекеттік тілді менсінбей ме?

«Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр» деген жұмбақ бар. Хакім Абай мұның шешуін: «қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық» деп тарқатады. Еркімізге салса, бұл тізімге қазақ тілі мен мен орыс тілін қосып, «батырлар» санын онға жеткізіп дөңгелектер едік. Өйткені осы екі тіл әлі күнге дейін итжығыс түсіп келеді. Неге екені сізге жұмбақ па? Бізге &ndash жұмбақ. Негізі, қайсы мықты болса да, қазақ тілінің конституциялық мәртебесін ескеруіміз керек еді. Бірақ кейбір мемлекеттік органдардың ресми сайттары заңды елемейді екен.
Қазақстанда 18 министрлік жұмыс атқарады. Бәрінің ресми сайтын бір сүзіп шығайық.
18 министрліктің тек бесеуінің домені қазақ тілінде жасалған:

Әділет министрлігі (adilet.gov.kz), Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (qogam.gov.kz), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (enbek.gov.kz), Денсаулық сақтау министрлігі (dsm.gov.kz), Ішкі істер министрлігі (qriim. gov.kz).

11 сайт халықаралық стандартқа сай ағыл­шын тілінде жазылған:

Қазақстанда eGov.kz сайты жұмыс істемей тұр
Этносаралық бірлікті сақтауда мемлекеттік тілді білу аса маңызды
Қазақ тілі этнос жастарының ортақ тіліне айналды
 
Білім және ғылым министрлігі (edu.gov.kz &ndash Ministry of Education and Science), Қорғаныс министрлігі (mod.gov.kz &ndash Ministry of Defense), Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (mdai.gov.kz &ndash Ministry of digital development, innovations and aerospace industry), Сыртқы істер министрлігі (mfa.kz &ndash Ministry of Foreign Affairs), Ұлттық экономика министрі (economy.gov.kz &ndash Ministry of National Economy of RK), Энергетика министрлігі (energo.gov.kz &ndash Ministry of Energy), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (miid. gov. kz &ndash Ministry of industry and infrastructural development), Ауыл шаруашылығы министрлігі (moa.gov.kz &ndash Ministry of Agriculture of the Kazakhstan Ministry of Agriculture), Сауда және интеграция министрлігі (mti.gov.kz &ndash Ministry of Trade and Integration), Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (ecogeo. gov. kz &ndash Ministry of ecology, geology and natural resources), Төтенше жағдайлар министрлігі (emer.gov.kz &ndash Ministry for Emergency Situations).

Қалған екеуі орыс тілінде:

Қаржы министрлігі (minfin.gov.kz &ndash Ми­нистерство финансов) мен Мәдениет және спорт министрлігі (mcs.gov.kz &ndash Министерство культуры и спорта).

Бірақ ресми сайтының доменін орысша жасаған мемлекеттік органдар мұнымен шек­телмейді:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (knb.gov.kz &ndash Комитет национальной безопасности), Жоғарғы сот (sud.gov.kz &ndash Верховный суд), Президенттің іс басқармасы (udp-rk.kz &ndash Управление делами Президента), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (enpf.kz &ndash Единый накопительный пенсионный фонд); Қаржы мониторингі коми­теті (kfm.gov.kz &ndash Комитет по финансовому мо­ни­­торингу). Міне, осы мекемелер орыс тілінің ық­палынан шығуға асықпайтын сияқты.

Бас прокуратура (prokuror.gov.kz) ресми до­менін бейтарап қылса, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігі (anticorruption.gov.kz) мен Ұлт­тық банктің (nationalbank.kz &ndash National bank of Kazakhstan) сайт атауы ағылшын тіліне не­гізделген.

Сонымен қатар Қазақстандағы 16 облыстың екеуі орыстілді доменді пайдаланып келеді. Олар&ndash Қарағанды облысы әкімдігі (karaganda.gov.kz) және ШҚО әкімдігі (akimvko.gov.kz).

Шенеуніктер бұдан дабыл қағатындай мәселе көрмейтін шығар. Алайда бір нәрсе анық: кіш­кентай ғана доменнің өзі &ndash қазақ тілінің ресми мәртебесін білдіретін үлкен мысал.

Тағы бір мәселе бар. Интернет-ресурстың көбінде алдымен орыс тіліндегі ақпарат жария­ланады. Қазақшасы кем дегенде 1-2 сағаттан кейін бір-ақ шығады. Оның өзі әлгі орысша мәтіннің шалағай аудармасы екенін аңғару қиын емес. Мұны Президенттің ресми сайтынан бастап об­лыстық, қалалық әкімдіктердің сайтынан бай­қаймыз. Әйтеуір орыс тілінің ахуалына қатты алаңдайтын шенеуніктер қазақ тіліне салғырт қарайтын әдеттен арылмай қойды.

Әрбір мемлекеттік мекеме бірінші кезекте мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге міндетті. Біз Қазақстан азаматтары ретінде әрі қазақтілді газет ретінде бұл кемшіліктердің түзетілуін талап етуге толық құқылымыз!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы Жолдауында: «Тілге деген көзқарас шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мә­нінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде елімізді «Қазақ мемлекеті» деп атайтын боламыз» деген. Содан бері табаны күректей сегіз жыл өтті. Осы тұрғыдан алғанда қазір «Қазақ мемлекеті» деген атауға лайықпыз ба?

Еркебұлан НҰРЕКЕШ




Көрілген: 1142    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.11.2020, 17:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қазан, 10:38
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан, 10:30
    Ақылдың кені
    6 Қазан, 10:30
    АЛТЫН ОРДА АҚИҚАТЫ
    1 Қазан, 10:39
    ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛАСЫ
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31