Алаш үні

"Мені сатып кеткендей болды": Ғабит Мүсіреповтің үшінші жұбайы болған Раиса Мұхамедиярова қандай рөлдерімен есте қалды

  • "Мені сатып кеткендей болды": Ғабит Мүсіреповтің үшінші жұбайы болған Раиса Мұхамедиярова қандай рөлдерімен есте қалды

Жас кезінде сымбаты мен дарынының арқасында "қазақтың Лолобриджидасы" атанған КСРО және халық актрисасы Раиса Мұхамедиярова 80 жасында дүниеден озды. Stan.kz ақпарат агенттігі халық жадында "Менің атым Қожа" фильмінде Майқанова апайдың рөлін сомдаған актриса ретінде сақталған өнер иесі жайлы деректерді ұсынады.


КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі 1939 жылдың 11 шілдесінде, Семей облысы, Көкпекті ауылында дүниеге келді. Болашақ актрисаның әкесі Мәжит Мұхамедияров байланыс басқармасында пошта бастығы қызметін атқарған, ал анасы Меңсұлу сатушы болып жұмыс істеген.


Раиса Мұхамедиярова — Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің түлегі. Кино әлеміне қадам баспай тұрып ол 1957-1958 жылдары Қазақстан Компартиясы Сарыағаш аудандық комитетінде хатшы-машинисті болған. Арада екі жыл өткен соң ғана "Қазақфильм" киностудиясының актрисасы атанған.


Ол кино әлеміндегі жолын 1961 жылы шыққан "Песня зовет" фильмінде басты рөлді сомдаудан бастады.Мұхамедиярованың бағы 1963 жылы "Менің атым Қожа" атты фильміне түсіп, Хадиша Майқанованың рөлін мінсіз сомдаған соң жанды. Халықтың ықыласына бөленіп, ел сүйген актриса атанғаннан кейін ол 1964 жылы 25 жасында 60 алқымдаған жазушы Ғабит Мүсіреповке күйеуге тиіп, сегіз жыл бір шаңырақтың астында тұрды. Ол Сергей Азимовтың "Поздняя любовь классика" деректі фильміне берген сұхбатында Мүсірепов оның киноға түскенін қаламағанын айтты.


Фото: camonitor.kz


"Біз Сұлтан Қожықовпен "Қыз Жібектің" сценариін жазатын болдық", - деді маған. "Мен түсемін бе?" деп сұрағанымда, "Түсесің", - деді маған. Мені актерлік сынамаға шақыратын күнді күтіп жүрдім. Артынша сынаманың біткенін естіп, жан дүниемде іштей дискомфорт пайда болды. Мені сатып кеткендей сезім болды. Ал мен сатқындықты жек көремін. Осыдан кейін арамыз жылымай-ақ қойды", - дейді актриса.


Актриса жазушыға Гауһар және Гүлнар есімді екі қыз туып берді. Ол 80 жылдық ғұмырында актриса 30-ға жуық фильмге түсті. 2002 жылға дейін Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеген.


Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 7 қараша күні, сағат 10:00-де Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында болады.




Көрілген: 908    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.11.2019, 15:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша, 15:30
    ҚАЗАҚ ҚҰЛ БОЛМАҒАН…
    28 Қазан, 12:48
    УӘДЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30