Алаш үні

МЕН ІСТЕГЕН ЕҢ АЛҒАШҚЫ ҚЫЛМЫС

  • МЕН ІСТЕГЕН ЕҢ АЛҒАШҚЫ ҚЫЛМЫС

    МЕН ІСТЕГЕН ЕҢ АЛҒАШҚЫ ҚЫЛМЫС

Жетінші класта оқып жүрген кезім. Бірде сабақ ортасында біреу келіп, мені мектептің оқу ісін меңгерушісі шақырып жатқанын айтты. Жүрегім зырқ ете түсті. Себебі ондай үлкен бастықтар оқушыларды екі-ақ түрлі себеппен бөлмесіне шақырады.


Біріншісі: Сабақтан табыс шығарып сыйлық алатын болсаң шақырады. Бұдан үміт жоқ, мен сабақтан табыс шығарып сыйлық алмақ тұр ғой қуылып кетпей жүргеніме шүкірлік ететін оқушылардың қатарындамын. Оны өзім жақсы білем.

Ал екіншісі: Қандай бір қылмыс жасап сөгіс еститін болсаң шақырады. Бұл енді түсінікті. Бірақ кластан шығып үлкен бастықтың бөлмесіне жеткенше ойланып қандай қылмыс жасағанымды ойыма түсіре алмадым.

Сонымен не болса ол болсын деп есігін ашсам есік пен төрінің арасына тай шаптырардай үлкен бөлменің ортасына қойылған ұзын үстелдің екі жағына біздің мектептің бір топ ұл-қыздарын тұрғызып қойыпты да үстелдің үстіне үш бұрыштап бүктеген және бүктеуін ашқан оншақты хат тастап қойыпты. Қылмысымның не екенін түсіне кеттім. Өлеңмен қыздарға хат жазамын ғой. Менің тұстастарым да, алдыңғы ағаларым да келіп өздеріне ұнаған қыздарына хат жаздыртып алады. Сосын оны бірінен бірі қотарып алып келесі қыздарға да бере береді.

Меңгеруші ұзын бойлы, мінезі қатал кісі. Сол кісі құлағымнан бұрап тұрып:

- Мына хаттарды кім жазды, айт - деп зекіді. Мен:

- Білмеймін - дедім. Сөйтсем ана тұрған балаларды тергеп менің хат жазатынымды әбден біліп алған ғой.


Қош, сонымен не керек, бұлтаратын еш жағдай жоқ аяқ астынан «Қылмыскер» болып шыға келдім. Меңгеруші басқа балаларды қоя беріп әлгі хаттарды менің қолыма ұстатты да өзі ертіп алып класс аралата бастады. Бұл енді ең ауыр жаза. Бір класқа кіріп менің егжей-тегжейімді аса жиіркенішті етіп таныстырады да: «Оқы» - дейді. Мен әлгі хаттардың екеуін оқимын. Келесі класқа қарай кетеміз. Он жылдық мектеп, класс көп.

Жасымыздан бірге ойнап, бірге өскен бір дос қызым бар еді қатар оқитын бөлімде. Сол бөлімге кіріп қызға арнаған хат оқу біраз қиын болды. Аздап ұялдым. Оның үстіне әлгі қыз мен кіргеннен шыққанша үнсіз жылап отырды. Шамасы өте ауыр халде жүрген жақсы көретін құрдасына жаны ашыған болу керек. Оны түсінген меңгеруші жоқ:

- Жәйінда жүрген бұл қыз неге жылайды, араларыңда қандай қатынас бар. Сен осы қызға да хат берген шығарсың.... - деген сықылды сұрауларды жаудыртып әкетсін. Қыз одан бетер жылады. Қылмыс үстіне қылмыс қосылды.

Меңгеруші бұл қылмысты артынан шыт жаңа қозғайтынын айтып ары қарай жалғастырдық класс аралауды. Өзім жазған оншақты хатты оқи, оқи әбден жатталып соңына қарай хаттарға қарамай-ақ жатқа оқи беретін болдым. 8(а) сы деген класс бар еді. Үлкен үлкен ағалар. Оның сыртында мектеп көлеміне «Тәртіпсіз» атанған бөлім. Енді солардың алдына бардым. Таныстыру бітіп мен екі, үш хатты жатқа оқып шықым. Ең ғажабы әлгі кластың балалары мен хатты оқып біте бергенде әдемі ән тыңдаған тыңдармандардай ду қол шапалақ соғып:

«Қайта, Қайта бірін оқы. Жазып алайық...» - десіп шуылдасты. Меңгеруші не дерін білмей қызарақтап қалды. Есесіне мен күліп тұрдым.


Сол бір істі бүгін ойласам күлкім келеді. Армансыз балалық дәурен екен ғой. Маған жаны ашып жылаған ана бір қыз да бүгін балалы-шағалы кемпір болды. Анда-санда кезіге қалсам болды:

- Байыт, балалырымыз да естісін. Қызық ғой, сондағы жатқа оқыған хаттарыңның бір екеуін оқып жіберші... - деп мазақтайды. Одан бері отыз неше жыл өтіпті, қайдан есте тұрсын. Сол хаттарды сақтап қойған болсам қандай жақсы болар еді ә. Өкініштісі сақталмады.

Ал мектептің бар класын аралатып өлең оқытып шыққан анау ұстазға мен осы күнге дейін риза болам. Өйткені сол істен кейін мектеп көлемінде мен жұлдызға айландым. Былайша айтқанда көпшіліктің алдына шығып өлең оқудың мәнін түсіндірді. Осы күнге дейін ел алдынан түспей өлең оқып келемін.


Менің бір ұрдықшы досым айтып еді: «Бұл қылмысты бір бастап алсаң қайтадан қоюуға мүмкіндік табылмайды. Қоя салайыншы десең де қоя алмайсың, өйткені бұл бастың емес қолдың жұмысы» - деп. Соның айтқаны шын екен. Менің алғашқы қылмысым өлең жазу еді. Қоя алмадым, әлі жазып келем. Бұдан былай да өлең жазуды қойып кетем дегенге сене алмаймын. Ол деген шынында да «Дәмді» қылмыс.


Қайрат Нұрлықасымұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1584    Пікірлер: 0

сенбі, 09.02.2019, 23:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31