Алаш үні

«Менің бай әкем жоқ»: 28 жастағы әкім мемлекеттік қызметке қалай келгенін айтты

  • «Менің бай әкем жоқ»: 28 жастағы әкім мемлекеттік қызметке қалай келгенін айтты

    «Менің бай әкем жоқ»: 28 жастағы әкім мемлекеттік қызметке қалай келгенін айтты

«Жас шенеуніктің кабинеті шағын, ешқандай қымбат кресло, теледидар, демалыс бөлмесі, тіпті хатшы деген атымен жоқ. Қыпшақовтың сөзінше, көбінесе ауыл ішінде болатындықтан, оған мұндай жайлылықтың қажеті жоқ», - дейді басылым.


Түркістан облысында «Қоғалы» ауылдық округін 28 жастағы әкім басқарып отыр. Тағайындалғанына бірнеше ай ғана болған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.


Төле би ауданындағы «Қоғалы» ауылдық округін Қайрат Қыпшақов есімді жас әкім басқарады. Бірақ ол өзін әкім емес, менеджер деп есептейді.


Бұған дейін ол Төле би аудандық әкімдігінде түрлі қызметте болған. Үлкен дайындықтан өткенін тілге тиек етті.


«Жас шенеуніктің кабинеті шағын, ешқандай қымбат кресло, теледидар, демалыс бөлмесі, тіпті хатшы деген атымен жоқ. Қыпшақовтың сөзінше, көбінесе ауыл ішінде болатындықтан, оған мұндай жайлылықтың қажеті жоқ», - дейді басылым.


Ол өз сұхбатында «аға-көкесі» жоқтығын, отбасында мемлекеттік қызметте еңбек ететін жалғыз өзі екенін алға тартты.


«…Менің бай әкем жоқ, менің қызығушылығымды қолпаштайтын тіреуішім де жоқ. Оның кімге керегі бар. Мен бәріне өзім қол жеткіздім, әкім креслосы – арманымның шегі емес. Мектептен соң бірден ЖОО-ға түстім, одан кейін жастар саясатынан өттім, сол кезде осы бағытта өсемін деп шештім», – деді Қайрат Қыпшақов.


Халық пен мемлекет арасындағы байланысты жақсартуға тырысып жүрмін деген жас әкім отандастарының сенімін ақтау үшін барын салатынын айтты.


«Мен өзімді жоғары категориялы шенеунік деп есептемеймін, мен халық пен мемлекет арасындағы байланысты жақсартуы тиіс қарапайым менеджермін. Мен қолайлы жағдай жасауым керек. Әзірге осыған тырысып жатырмын», – деді әкім.


sn.kz




Көрілген: 2076    Пікірлер: 0

жұма, 29.11.2019, 21:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Желтоқсан, 17:55
    Желтоқсанның батырлары
    6 Қараша, 15:30
    ҚАЗАҚ ҚҰЛ БОЛМАҒАН…
    28 Қазан, 12:48
    УӘДЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31