Алаш үні

"Метеорит, алып әйел және көзі бар құз". Тарбағатай ұлттық саябағы туристерді несімен қызықтырады?

  • © Shutterstock

    © Shutterstock

Тарбағатай ұлттық саябағы - бұл Қазақстандағы ең жас саябақ. Оның ландшафттары әртүрлі, ал табиғат байлығы таңғажайып. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге, Тарбағатай ұлттық саябағында серуендеп, оның құпияларымен бөлісіп, бұл жердің туристер үшін неге тартымды екенін баяндайды.

Әдеттегідей, тарихына көз жүгіртсек. "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын құру идеясы өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасында пайда болды. Бұл жекелеген қорықтарды құрудан басталды, ал 2018 жылы үкіметтің қаулысы қабылданды, оған сәйкес 204 602 гектар аумақ қорғалатын аймаққа енгізілді.

Негізгі мақсат - табиғаттың биологиялық және ландшафттық алуан түрлілігін сақтау. Мысалы, сирек кездесетін ағаштар мен бұталар түрлері, Сиверс алма ағаштары, Ледебуровский бадамы, Алтай қасқыры және т.б. Мұнда жануарлар әлемінің өкілдері де мекен етеді. Құстардың алуан түрлері: қаршыға, тырна, ләйлек, аққулар. Қызыл кітапқа енген кейбір түрлері туралы толығырақ төменде баяндалады.

Ұлттық саябақты құру туризмдік мақсаттарын да көздейді. Жергілікті Үржар, Емел және Қатынсу өзендері балық аулауға қолайлы болып саналады.

 Сурет "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ

Тарбағатай ұлттық саябағы Алакөл көлі, Ертіс өзені мен Алтай аңғары арасындағы үшбұрышта орналасқан. Мұнда Сауыр-Тарбағатай жотасының жасыл шыңдары мен Қарабастың шөлді тас таулары және Арқалының сары құмды төбелері, Үржар, Қатынсу мөлдір өзендері және Емел өзенінің алтын құмды аймағы бар.

 Сурет "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ

Бұл жерлер құпиялар мен аңыздарға толы. Мысалы, ғалымдар үшін өткен күннің сырын ашатын тасқа салынған суреттерді айтуға болады. Мұнда буддалық петроглифтер де бар, олармен осы тас жазулардың бүкіл тарихы байланысты. Осылайша, Мұрат Рамазанов есімді жергілікті тұрғын, 2010 жылы Доланқара тауларында таңбалар бейнеленгендігін тарихи зерттеулер орталығының ғалымдарына хабарлады. Бірақ әуесқой археолог нақты жерді айтып үлгермеді. Ол осы құпияны өзімен бірге о дүниеге ала кетті. Тек бірнеше жыл өткен соң, 2013 жылдың мамыр айында сарапшылар сол жазуларды 20 метр биіктіктен тапты. Бұл белгілі буддалық мантра - санскрит тілінде жазылған "Ом мани падме хум" екені белгілі болды. Болжам бойынша, жазу XVII ғасырда жасалған.

Қызық дерек

"Ом мани падме хум" мантрасын сөзбе-сөз "О! Лотос гүліндегі інжу!" деп аударуға болады. Аудармалардың біріне сәйкес бұл жазу "Әлем маған гүлдену мен молшылық береді" дегенді білдіреді. Бұл жазудың мағынасы туралы тіпті бір кітап жазылды, оның авторы тибеттік буддизмді зерттеуші Анагарика Говинда.

 Сурет Манаш Қозыбаев атындағы тарихи және әлеуметтік саяси зерттеу ғылыми орталығынан

Тарбағатай тауларынан тасқа салынған суреттер бірінші рет табылып отырған жоқ.

2014 жылы зерттеушілер жаңа петроглифтер тапты және әртүрлі хронологиялық кезеңдегі бұрын анықталған жартастағы суреттерді қайта зерттеп шықты. Олар территориясына қарай алты бөлек аумаққа бөлініп, аталды: Текебай, Молдажар, Еспе, Ақжал, Ақжайлау, Оралбай. Бұл ескерткіштерде әр түрлі жануарлардың бейнелері, антропоморфтық фигуралар және аң аулау көріністері бейнеленген.

Таскескеннің жұмбақ тастары

Тарбағатай ұлттық саябағының аумағында көптеген шағын ауылдар бар. Үржар ауданының батыс бөлігінде Таскескен ауылы орналасқан. Одан жақын бірнеше шақырым жерде өте көркем және жұмбақ орын бар. Міне, жасыл шалғынның ортасында бірден көзге түсетін сұр жынысты тастар жатыр.

Жергілікті тұрғындар бұл тастарға атау берген. Мысалы, Тасбақа тауы арқасында сауыты бар тасбақаға өте ұқсайды. Жартастың барлық жағында дөңгелек тесіктер бар. Оларды "көз" деп атаған. Мамандар бұған желдің себеп болғанын айтады. Алайда, ешкім жарықтардың пайда болуының нақты себебін атай алмайды.

Сфинкс тауы да бар. Оның силуэті ежелгі Мысырдағы мүсінге ұқсамайды.

 Фото Влад Коледаев

Бөрітастаған - "Құдайдың ұмытылған мөрі"

Көз алдыңызға кең жазықта табиғи, желмен және жауын-шашынмен жуылған алып мәрмәр тастарды елестетіңіз. Ол Шығыс Қазақстан облысының шығыс жағында, Ақсуат өңірінде орналасқан. Бұл - Бөрітастағанның мәрмәр жартасы. Бұл тауды "Құдайдың ұмытылған мөрі" деп атайды екен. Атауына қатысты аңыз да бар.

 © Shutterstock

Ертеде бұл жерде қой бағып, жіп иіретін алып қарт әйел өмір сүрген екен. Өзінің сүйікті әндерін шырқап отырып, бақытты өткен шағын жиі еске алатын көрінеді. Бірде осындай тәтті күйде отырған оны қойларына шабуыл жасаған бөрілер бұзады. Қатты ашуланған әйел ұршығын қасқырларға сермеп қалады. Бөрітастаған, аңыз бойынша, осы ұршықтан пайда болған алып тас екен.

  © Shutterstock 

 

Туристер оны Ақсуат метеориті деп атап кеткен екен. Алып тастың оңтүстік жағы тік, ал солтүстік жағы тегіс, оның бойымен шыңға оңай шығуға болады. Осы жерге турлар ұйымдастырылады. Бұл туралы ақпаратты мына жерден таба аласыз.

"Тарбағатайда алып метеорит бар! Ұзындығы 250 метр. Жоғарғы жағынан қарасаңыз, оның құлаған кезінде ойып түсірген жерін көресіз", - деп жазады тасты зерттеушілердің бірі.

Жалынды Қиын-Керіш алқабы

Тарбағатай аймағынан алыс емес жерде Қиын-Керіш алқабы орналасқан, бұл "желден жаралған" дегенді білдіреді. Бұл алқапқтың "Рухтар мекені" деген де лақап атауы бар.

 © Батыр Казыбаев

Мұндағы төбелер мен жартастар қызыл, ақ және сары реңктегі түрлі-түсті саздардан тұрады. Алыстан алқызыл тастар оттың жалынды тілдеріне ұқсағандықтан, оларды "жалындаған" деп те атайды. Алқап Күршім аймағында, Зайсан көлінен кейін орналасқан.

 © Shutterstock 

Саябақтың Қызыл кітапқа енген мекендеушілері

"Тарбағатай" ескі моңғол тілінен аударғанда "суырлар (тарбагандар) көп тау" дегенді білдіреді. Бұл атаудың жануармен байланысты болуы да кездейсоқ емес. Дәл осы жерде жануарлар әлемінің сирек кездесетін түрлері мекендейді. Олардың арасында құстардың 200-ге жуық түрі бар.

 © Shutterstock

Соңғы санақ бойынша Тарбағатай тауларында 600-ге жуық арқар, 20-ға жуық қоңыр аю мен сілеусін мекендейді. Бұл жануарлар Қызыл кітапқа енгізілген. Сондықтан көбінесе шетелдік туристер мұнда арқар, марал және сирек кездесетін құстарды тамашалауға келеді.

Жергілікті тұрғындар кейде аюлардың жаңа іздеріне түсіп қалып жатады. Тарбағатай тауларына бет алған кезде осыны ескеріңіз. Сонымен қатар, ұлттық саябақтың аумағында әсем табиғатын тамашалау үшін міндетті түрде серуендегеніңіз жөн.

Емдік бұлақтар

Бұл аймақ тек тарих пен табиғат сұлулығына ғана бай емес. Аудан орталығы - Үржар ауылына жақын жерде орналасқан Барлықсай алқабындағы бұлақтардың емдік қасиеті бар деп саналады. Мұнда "Барлық-Арасан" шипажайы орналасқан. Жергілікті судың температурасы Цельсий бойынша 20-42 градус, ал химиялық құрамы бойынша олар әлсіз сутекті, сульфатты-хлоридті, натрилі, құрамында кремний қышқылының көп мөлшері бар кальцийлі болып келеді. Ыстық бұлақ жазда тері ауруларын, ревматизм мен буын ауруларын емдеу үшін қолданылады.

Саябаққа бару қатаң қадағалауда, қорғалатын табиғи аумақтарға келушілерге арналған арнайы тәртіп ережелері бар. Ережелермен және табиғи аумаққа барудың бағасымен осы жерден таныса аласыз.

Қалай жетуге болады

Тарбағатай ұлттық саябағына автобуспен немесе көлікпен жетуге болады. Бұл аймақ туристер арасында аса танымал болмағандықтан, аталған барлық әдемі жерлерді табу қиынға соғуы мүмкін. Мұнда өзіңізбен жерді білетін тәжірибелі адамды ертіп алу қажет. Немесе тур сатып алуға болады. Өскеменнен Үржарға дейінгі жол көлікпен төрт сағатты құрайды. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Үржарға ұшақтар Өскемен, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан ұшады.

Үржардың таулы аймақтарына барғанда бұл шекара аумағы екенін естен шығармаған жөн. Барлық жерінде еркін жүруге болмайды. Біріншіден, өзіңізбен жеке куәлігіңіз болуы керек. Екіншіден, рұқсат қағазы да болуы қажет.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.




Көрілген: 2087    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.04.2021, 22:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30