Алаш үні

Мұстафа Өзтүріктің рухына арналған күй

  • Мұстафа Өзтүріктің рухына арналған күй

    Мұстафа Өзтүріктің рухына арналған күй

Қазақстанның белгілі спорт қайраткері, аты аңызға айналған тұлға өз өмірінде Қазақстанда таеквандо мектебінің негізін қалады, адал ізбасарларын тәрбиеледі. Рухы мықты, өз идеяларына берілген Мұстафа Өзтүріктің бейнесі композитор Шолпан Қорғанбекті "Тарлан" аспаптық туындысын шығаруға шабыттандырды.  Бұл шығармада Мұстафа Өзтүріктің бейнесі кең ауқымды және әсем көркемделген. Домбыра үніндегі лирикалық бастама кейіпкердің туған жері туралы, өзінің барлық білімі мен дағдыларын туған халқына қалай жеткізуге болатындығы туралы ойларын жеткізеді. Бүкіл ансамбльмен орындалатын шығарманың жылдам бөлігі Мұстафа Өзтүріктің ерік-жігер, рух күші, батылдық, адалдық сияқты қасиеттерін аша отырып, жігерлі, екпінді шырқалады.

- Қазақстанның аты аңызға айналған тұлғалары, ерекше тұлғалар мені жігерлендіргендей болды, олар біздің қуатты және бай шежіремізді құрайтын тұлғалар деп айтуға болады. Осылайша Әл-Фарабидің, Абайдың, Сұлтан Бейбарыстың, Шыңғысханның, Бөрте, Кейкі батырдың, Бауыржан Момышұлының, Бекзат Саттархановтың музыкалық портреттері дүниеге келді, Мұстафа Өзтүріктің тұлғасы да мені музыкалық арнау жазуға шабыттандырды. Маған өзім бастан кешірген сезімді, мықты адамның өмір бейнесі мен қызметіне деген қызығушылықты дүйім жұртқа жеткізгім келді. Бұл мақтаныш пен таңдану сезімі. Әрқашан музыка құралы ретінде кейіпкердің адами қасиеттерін, оның бастан кешкендерін, ойлары мен күшті рухын жеткізгім келеді... Тыңдаушы менің музыкалық шығармамды ризашылықпен қабылдайды деген сенімдемін, - дейді  шығарманың авторы Шолпан Қорғанбек.

 

 




Көрілген: 3452    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.11.2020, 17:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...
    5 Қаңтар, 00:04
    Асық ату архаизм бе?
    18 Желтоқсан 2020
    Қыздардың көз жасы
    31 Қазан 2020
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан 2020
    Ақылдың кені
    21 Қыркүйек 2020
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек 2020
    Ташкентте болған той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31