Алаш үні

Орыстар арғы тегінің түркі екенін неге мойындамайды?

  • Орыстар арғы тегінің түркі екенін неге мойындамайды?

    Орыстар арғы тегінің түркі екенін неге мойындамайды?

Ұлы Бұлғар хандығы туралы бір шындық


Ресей тарихшыларының тұжырымынша, Ұлы Бұлғария VII ғасырда үшке ыдырап кеткен, Аспарух хан бастаған бұлғарлар қазіргі Болгария аумағындағы славяндарды бағындырып, Дунай Болгариясы мемлекетін құрды. Бұлғарлардың екінші бөлігі Еділ (Волга) өзені бойында Волжская Булгария княздігін орнатты және бұлғарлардың үшінші бөлігі Қырымда орнығып қалды.


Орыстар орнықтырған осы тарихи деректің толық жалған екенін X ғасырдағы араб тарихшысы әрі географы Әл Масудидің жазбалары әшкерелейді. Оның еңбегінің «Ширван мен Әл Баб тарихы» деген бөлімінде Кавказдағы, Қаратеңіз бен Азов теңізі аймағындағы халықтар мен мемлекеттер жайлы егжей-тегжейлі баяндалады. Ол тарихшы ғана емес, географ та болғандықтан, кімнің қай жерде отырғанын қатесіз көрсеткен. Еуропа ғалымдары соған көз жеткізгендіктен, Әл Масуди еңбектерін сенімді деп бірауыздан мойындайды. Атақты ғалым Ибн Халдун XІV ғасырда оны «Тарихшылар имамы» деп танығаны мәлім. Ресей империясы мен Совет өкіметі аталған жазбаны тарихи катологтар тізіміне енгізбеген. Себебі, арабтық шынайы жазбалар өздері қалыптастырған жалған тарихтың күл-паршасын шығаратынын жақсы түсінген.


Енді сол Әл Масудидің «Ширван мен Әл Баб тарихы» деген жазбасына назар салайық: «Амал, там где теперь живет хазарский царь, состоит из трех частей, на которые его делит великая река, которая вытекает из верхних частей тюркских земель. От нее страны Бургар отделяется рукав, который впадает в Майтас. В верхней части хазарской реки есть проток, вливающийся в залив моря Майтас – море русов, по которому не плавают другие, и они обосновались на одном из его берегов. Среди них есть купцы, которые постоянно ездят к царю бургар. Город Бургар стоит на берегу Майтаса, и я полагаю, что этот народ живет в Седьмом климате. Они род тюрков, и караваны постоянно ходят от них в Хорезм, что в хорасанской земле, и из Хорезма к ним. Хазары имеют челны, на которых они плавают из своего города вверх по реке... вдоль нее живут оседлые тюркские племена, составляющие часть Хазарского царства. Их поселения тянутся непрерывно между Хазарским царством и Бургарами.».


Алдыңғы мақаламызда Амал қаласы (Хазар астанасы) Хазар өзені (Кубань) жағасында болғанын, Кубань өзеніне жоғарыдан Дон (Танайс) өзенінің бір саласы (Егорлык өзені) келіп құйғанын Әл Масуди деректерімен дәлелдегенбіз. Әл Масудидің «Ұлы өзен» дегені – қазіргі Дон өзені, жоғарыдағы бір саласы Майтас (Азов) теңізіне құятыны оған жеткілікті дәлел. «Бұлғар астанасы Майтас (Азов) теңізі жағасында», дейді. Сонымен қатар «Жетінші климат» аймағы да бұлғарлар жері екенін айтады. Осылайша Азов теңізінен қазіргі Москва аймағына дейін Бұлғар хандығының жері екенін айғақтайды.


«Майтас (Азов) – тек рус кемелері жүзетін теңіз», дейді және рус елі теңіздің бір жағасын мекендейтінін жазады. Теңіздің Бұлғар қаласы орналасқан солтүстігі мен батысы (қазіргі Украина жері) Бұлғар хандығына тиесілі екен (төмендегі деректе). Ал теңіздің Кавказ тауына қараған жағасы, яғни Азов теңізінің шығыс жағалауы – Хазар қағанаты жері (жағасында Хазар астанасы орналасқан Кубань өзені бар). Сондықтан Майтас (Азов) теңізі жағасындағы рус елі отырған аймақ Қырым деуден басқа амал жоқ. Рус саудагерлері Бұлғар хандығына қатынасып тұратынын айтады. Яғни, Қырымнан кемелерімен теңіздің жоғарғы жағындағы Бұлғар қаласына саудамен барып тұрған. Хазар қағанаты мен Бұлғар хандығы шекаралас, Бұлғар аймағынан шығып Хазар (Кубань) өзеніне құятын өзенді шекара деп көрсетеді ғалым (Азов теңізінен шығатын – Ея өзені).


Орыстар: «Хазар қағанаты Дағыстанда болды. Батыс Қазақстан аймағы да Хазар қағанатының иелігінде», дейді. Әл Масуди болса, Бұлғар керуендерінің Хорасан аймағына баратын жолы Хазар қағанаты аймағымен өтеді демейді. Керісінше, Хазар қағанатының орталығы қазіргі Кубань аймағында болғанын жазады.


Әл Масуди деректерін әрі қарай зерделеп көрейік: «В настоящее время, когда идет 332/943 год, бургарский царь мусульманин; этот царь совершает походы на Константинополь с войском в 50 тыс. конников и более и рассылает свои грабительские [отряды] вокруг Константинополя в страны Румийа и Андалусии, к бургундцам, галисийцам и франкам. От него до Константинополя около двух месяцев безостановочного пути через обитаемые земли и степи».


Мұнда Бұлғар ханының әскері Византия аймағына және басқа да еуропалық елдерге жорық жасап тұратыны баяндалған. Ол орыстар айтатын «Дунайская Болгария» мемлекетінің әскері болуы мүмкін емес. Өйткені, араб тарихшысы Бұлғар ханы отырған қаладан Византия шекарасына дейін екі айлық жол екенін де көрсетуді ұмытпаған. Осылайша мұсылман дінді Бұлғар патшалығы алып империя екенін айғақтайды. Оның аумағына «Жетінші климатты» қазіргі Москва ғана емес, сонымен қатар Византия шекарасына дейінгі алып алқап та енетінін жазған.


Енді мынаған назар аударыңыз! Қазіргі Ресейдің еуропалық бөлігімен қатар, Беларусь, Украина, Молдова, Болгария аймақтары түгелдей Бұлғар хандығы иелігі болған. Орыс тарихшылары айтқандай, Волжская Булгария княздігі мен Дунайская Болгария мемлекеті болмаған, Великая Булгария VII ғасырда үшке ыдырап кетпеген. Бұл Әл Масуди еңбегінде анық жазылған. Ұлы Бұлғария X ғасырда Византиямен және басқа да еуропалық елдермен тығыз қарым-қатынас жасаған, бұлғар саудагерлері қазіргі Иран (Хорасан) аймағымен тұрақты керуен байланысын орнатқан.


Болгария елі тарихында христиандыққа дейінгі болгар билеушілері «ханасювеги» деп аталғаны көрсетіледі және оның мағынасы белгісіз делінген. Анығында, ханасювеги «хан асүй бегі» деген атау екені көрініп тұр. Болгарлардың аталары – бұлғарлар түркі тілді болғаны баршаға мәлім. Сонда Бұлғар ханының қазіргі Болгария аймағындағы туыстары, яғни ханзадалар «Хан Асүй бектері» деп аталған. Болгар патшалығын орнатқан рудың Асеан деп аталғаны да Болгария тарихында бар. Асүй – Ас династиясы, яғни Бұлғар патшалығын билегендер – Асылұя династиясы өкілдері. Бұлғар патшалығы мен асылұялық Түркі Ашина тобы билеген Хазар қағанатының тату көрші болғаны Бұлғар билеушілерінің де Түркі Ашина тобынан екенін байқатады.


Әл Масуди жазбалары былай жалғасады: «В настоящее время, когда идет 332/943 год, бургарский царь мусульманин; он принял ислам в дни Муктадира-Биллаха после 310/922 года, когда он во сне увидел видение. Его сын уже раньше совершил паломничество, достиг Багдада и привез с собой для Муктадира знамя, савад (Савад буквально значит “чернота”. Барбье де Мэнар переводит это как “черные меха”. Возможно, в подлиннике говорилось нечто об аббасидских “черных знаменах”). У бургар есть соборная мечеть».


Бұл дерек Бұлғар патшалығы ханы X ғасырдың басында мұсылмандық қабылдағанын, оның ұлы одан бұрын мұсылман болғанын айтады. Шамасы, Бұлғар хандығында IX ғасыр соңында мұсылмандық қабылдау белең алған деу орынды. Әл Масуди жазбасы VII ғасырдан християн Аландардың IX ғасырда священниктерді Византияға қуып жіберіп ескі сенімдеріне көшкенін көрсететінін Кавказ қазақтары жайлы мақалада айттық. Армиян деректері Алан елін V ғасырда билеген топ Ас-тұғыр (аш-дигор) деп аталғанын байқатады (асылұяның дербес бір тармағы).


Шамасы, Бұлғар патшалығында мұсылмандық орнауына наразы ханзадалар Кавказға кетіп, ондағы Алан елі билігін Ас-тұғыр (аш-дигор) тобынан тартып алған. Оның дәлелі – екі ғасыр христиандықты ұстанған елдің бір сәтте одан бас тартып ескі сеніміне қайтуы, аш-дигор (ас-тұғыр) тобының Алан елінен бөлініп, Ирон (осетин) еліне сіңісіп кетуі, Алан елінің қарапайым қараша бөлігінің қарашай ұлты болып қалыптасуы. Ал күрделі сословиялық құрамы бар балқар ұлты атауының «бұлғар» сөзіне ұқсастығы, балқар елін осетиндердің «асы» деп атағаны. Сонымен қатар дигор-осетиндер мен қарашайлар даулы мәселелерде кейінге дейін балқар төрелеріне жүгініп келгені де тарихшыларға белгілі. Асылұя руы билеген Хунь (құң) империясы билеушісі «Шыңүй» (шанью) деп аталса, балқар елі билеушісі кешеге дейін «Ұлыүй» деп аталған екен.


Әл Масуди Бұлғар ханының ұлы хажылыққа барып келгенін, халифат билеушісі ол арқылы Бұлғар ханына Қағба жамылғысынан арнайы жыртысты (кисвах) сый ретінде беріп жібергенін айтыпты. Орыс аудармашысы кисвахты «савад» деп аударып, оның не екенін білмеген болады. Мұсылман елі тарихынан хабардар ғалымның Қағба жамылғысы жылда жыртысқа бөлініп, мұсылман елдері басшылары мен өзге де сыйлы, беделді мұсылмандарға сый ретінде таратылатынын, ол дәстүр ертеден бар екенін білмеуі мүмкін емес. Ондай жыртыс сый ретінде біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа да берілген.


Ресейлік тарихшылар Бұлғар ханы Халифтен дін үйрететін адам жіберуін және онымен бірге мешіт салуға қаражат бөлуін сұрағанын, Ибн Фадлан сол Халиф жіберген арнайы өкіл екенін айтатыны мәлім. Волга өзенінен бастап, Византияға дейінгі алып аймақты билеген, әскері Византия мен еуропалық елдерді тітіреткен, ұлы хажылыққа барып келген Бұлғар ханы мешіт салу үшін Халифтің қаражатына мұхтаж болуы және Ислам дінін үйрететін адам таппауы мүмкін бе? Жақын көршісі Хазар қағанатында мұсылман медіреселері мен діндар хадилар жеткілікті екенін Әл Масуди деректерімен алдыңғы мақаламызда көрсеттік. Оның үстіне, әскері Византия мен Еуропа елдеріне жорық жасаған және Иранға дейін керуен қатынататын Бұлғар ханына Бағдатпен байланыс жасау еш қиын емес қой. Демек, Ибн Фадлан саяхаты жайлы жазба да – Ресей билігінің көп өтіріктерінің бірі. Солай екенін Ибн Фадлан жазбасы жайлы мақаламызда анық дәлелдегенбіз.


Әл Масуди деректерін әрі қарай зерделейік: «Город Бургар стоит на берегу Майтаса, и я полагаю, что этот народ живет в Седьмом климате. В стране бургар в течение части года ночи чрезвычайно коротки. Некоторые из них говорят, что человек не успеет сварить горшок [мяса], как настает утро».


Мұнда Бұлғар елінде жылдың кей уақытында түн өте қысқа «Жетінші климатты өлке» де бары айтылады. Москва аймағының ауа райы туралы еңбекте: «Географическим положением Москвы обусловлена продолжительность дня в течение года. Она колеблется от 7 часов 00 минут 22 декабря до 17 часов 34 минут 22 июня. В старой части Москвы, вследствие её более северного положения, летом световой день чуть дольше, чем на присоединённых территориях, а зимой – короче. Неполные ночи на широте Москвы длятся с 6 мая по 8 августа, и полной ночи не наступает», деген жолдар бар. Сонда Москвада кешке күн батқаннан таңертең күн шыққанға дейін 7 сағат уақыт екен. Ақшам намазы кірген сәттен құптан намазына дейін – 1 сағат 30 минут, таң намазы кіргеннен күн шығар сәтке дейінде – 1 сағат 30 минут. Сонда Москвада түнгі уақыт нақты 4 сағат ғана болған (ескі Москва аумағында одан да қысқа болуы мүмкін). Алтын ордада XIV ғасырда болған араб саяхатшысы Ибн Батута Бұлғар еліне барып осы жайтқа көз жеткізгенін алдыңғы мақалаларымыздың бірінде жазғанбыз. Араб тарихшысы Ибн әл Асир XIII ғасырда Шыңғысхан әскері Колхида ойпатындағы Қыпшақ елін бағындырып, сосын көрші жатқан рус елін жаулағанын (рус елінің байлары мен саудагерлері кемелерімен қазіргі Түркия аумағына қашақанын), содан соң Бұлғар еліне жорық жасағанын жазғаны мәлім.


X ғасырдағы Әл Масуди де, XIII ғасырдағы Ибн әл Асир де, XIV ғасырдағы Ибн Батута да «Жетінші климиатты» өлкеде орыс немесе славян деген ұлттарды кездестірмейді. Керісінше үшеуіде ол аймақ халқы мұсылман бұлғарлар екенін жазады.


Шындығында, орыс халқы – мұсылман Бұлғар елінің тікелей ұрпағы. Орыс халқы VII ғасырдан XI ғасырға дейін өмір сүрген алып Бұлғар патшалығын ұлттық мемлекеті ретінде, тіпті Еуропаның жартысын билеген ұлттық империялары ретінде мақтаныш етуіге толық құқылы. Алайда, олай ете алмайды. Өйткені, ол аталары түркі тілді болған және X ғасырдан мұсылмандықты қабылдаған. Бұлғар империясы өздерінікі екенін мойындаса, онда XI ғасырдан кейін қырымдық орыс (рус) тобы билегендіктен бұлғар елі атауы рос болып өзгергенін, мұсылмандықтан христиандыққа өткен рос-бұлғар елі болгариялық «ескі болгар» тіліне (церковно-славянский язык) көшуімен түркі-бұлғарлық ана тілінен айрылғанын мойындауларына тура келер еді. Тит патшаны (Иван Грозный) улап өлтіріп, Ресей империясы билігіне христиан Романовтар династиясын отырғызған иезуид ордені империя халқының жадынан шынайы тарихты өшіруді басты мақсат қылды. Орыс халқының жалған христиандық көне тарихын жазудың ақыры бүкіл түркілер тарихын бұрмалаумен ұштасты, басқаша болуы мүмкін де емес еді. «Өтіріктің құйрығы бір тұтам», дейді қазақ. Жалған тарих қанша шебер жасырылса да, уақыт өте менмұндалап көріне береді. Белгілі ақын Олжас Сүлейменов «Орыс халқы тарихының басты куәгері» деген көне рус жылнамаларының түпнұсқалары (древне-русские летописи) түркі тілді болғанын дәлелдеп берген. Орыстың мықты деген академик ғалымдары оны жоққа шығара алмады. Осының өзі орыс халқы тарихының күмәнді және сенімсіз екенін орыс ғалымдары да жақсы түсінетінін көрсетеді.


Ал қазақ тарихшылары ше?


Бекжан Әденұлы


Abai.kz




Көрілген: 908    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.01.2019, 17:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30