Алаш үні

Осыдан кейін қалай ел боламыз?

  • Осыдан кейін қалай ел боламыз?

    Осыдан кейін қалай ел боламыз?

ҚАЛАЙ ХАЛЫҚ БОЛАМЫЗ?


Талантты жас боксшы Садриддин Ахметовтің рингтегі жолбарысша жұлқынған сәттерін біраздан бері байқап жүрмін.


Бірақ... оны өзге жұрттың өкілі деп өзгеше ойлап, өзгерек қызғанбаппын.


Бүгінгі жекпе-жегін асыға күтіп жүрген жанкүйерлердің бірі ретінде салмақ өлшеу кезіндегі бейнебаянын парақшама салғанмын.

Бірақ... ол туралы "осы баламның түбі кім?" деп өзіме өзім одағай сұрақ қоймаппын.


Қарсыласы мексикалық боксшының бойы Садриддинен ұзындау екенін көріп, көңілім кәдімгідей қобалжыған.

Бірақ... өзге жұрттың өкілі деп немкеттілік көрсетіп, бейғамдық танытпаппын.


Бүгін таңертеңмен "Вести.кз" сайтынан Садриддиннің нокаутпен жеңіске жеткен ролигін көріп, ФБ-ның бүкіл "халқынан" сүйінші сұрадым.


Бірақ... ойымда "осының ұлты, ұлысы кім болды екен?" деген сияқты ұшқары ой болған жоқ.


СОЛ ОЙМЕН...

кешке дейін шаруаларымды бітіріп, қазір ФБ-ға кірсем, өсітпесек қазақ боламыз ба, әлемдік кәсіпқой бокс шыңына қарай төтелей тартып келе жатқан сүйікті ұлымызды біреулері "өзбек", екіншілері "қазақ" деп, "көкпар" тартып жатыр.


Не деген сұмдық бұл? Қуанудың орнына мұнысы несі? Неге болмайтын нәрседен күдіктеніп, күмән тудырады?

Қазағының қара сөзімен қасқайып тұрып "Бұл жеңісімді қазақтың көз жасына арнаймын!" деген жас түлек туралы өзгеше ойлап, одағай сөз айтуға қалайша дәттері барады осы жұрттың?


Ата-тегінің шежіресін, тіпті, үрім-бұтағына дейін сызып тұрып жазып кеткен Дінмұхамед Қонаевты да "татар" дегендермен сөз таластырдық-ау кезінде.


Ендігіміз мынау, жасты кеудесінен итергендей ғып, "қазақ емес" деу қалып еді. Оңтүстіктегілердің бәрін сыпыра "өзбек" дейтін ағайындардың бар екенін білеміз.

Өз кезегінде оңтүстіктегілер де олардан қалыспай, "Ой, әдіре қалғыр, өздерінің "орыс" боп кеткенімен істері жоқ" деп салады.


Осыдан кейін қалай ел боламыз?

ФБ деген алаңды ауызбірлікке, біртұтас ел, біртұтас қазақ болуға неге пайдаланбаймыз? "Айтақ!" дегендердің сөздеріне артымызға қарамай шаба бергенше, бір мезгіл ойланып, ақылға салып барып іс қылайық та, ағайын!


Сөздің тоқ етері, Садриддин - Қазақ! Қазақ болғанда да, Қазақтың атын танытып жүрген жүректі Қазақ! Болашағы зор ЖАС ҚАЗАҚ!


P.S. Жасөспірім кезімде оқыған кітаптарымның ішінде тәжік әдебиетінің классигі Садриддин Айнидің "Құлдар", "Дохунда" деген шығармалары бар еді. Содан бері Садриддин есімі маған етене жақын. Өйткені шығармасы арқылы авторын да құрмет тұтатын әдетім.


Бірақ... боксшы балам Садриддинді не тәжік, не өзбек деп ойламаппын ғой. Аты-жөнін алғаш естігелі, оның оң қолын шекесіне апарып, халқына құрмет көрсетіп тұрған суретін көргелі бері қазақтың батыр ұланы деп келемін.


Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 975    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.01.2019, 17:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30