Алаш үні

«Отандық медицина жағдайы жоқтар өле берсін деген принциппен жұмыс істейді» – Сәуле Әбілдаханқызы

  • «Отандық медицина жағдайы жоқтар өле берсін деген принциппен жұмыс істейді» – Сәуле Әбілдаханқызы

    «Отандық медицина жағдайы жоқтар өле берсін деген принциппен жұмыс істейді» – Сәуле Әбілдаханқызы

Олар тек ақша жасаудың механизмдерін жақсы біледі...

Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы Алексей Цой басқаратын денсаулық саласын сынап тағы бір пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда денсаулық саласы үлкен бизнеске айналып кеткен. Яғни халықтың трагедиясын пайдаланып, ақша тауып отыр.

«Жергілікті емханаға анализдер тапсыру үшін учаскелік дәрігерің направление беру керек. Ал учаскелік дәрігеріңнің қабылдауына кіру үшін талон алуың керек. Ал ол талоны жақын күндерге жоқ. 4-5-6 күннен кейінге жазыласың. Ол саған анализдерге направление берген соң, келесі күні таң азанмен, ашқарынға барып, анализдерді тапсыруға кірісесің. Олардың кейбірі 5-6 күнде дайын болады...

Сонда бар болғаны, анализ үшін оншақты күн жүресің...

Оған көбінесе уақыт жар бермейді де, амал жоқ, ақылы емхананың қызметіне жүгінесің. Шамамен оншақты анализге 20 мың шамасында ақшаңды қағып алады... Ары қарай дәрі-дәрмегің бар, емің бар... Қысқасы, жағдайы жоқтар өле берсін деген принцип...» - деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында.

Сондай-ақ ол жауапты мекемелердің бұл саланы әдейі қолдан ақсатып отыр дегенді айтқан. Өйткені, Халық трагедиясынан жасап отырған бизнестері жүріп тұрса болды оларға.

«Ақылы емханалардың пайдасы үшін үкімет жергілікті емханалардың жұмысын жақсартпай, халықты осындай әбігерге әдейі салып қоя ма деген сұрақ туындайды. Жергілікті емханаларда дәрігер маман жетіспеушілігі туралы айта-айта шаршадық.

Жергілікті емханалардың жұмысын қадағалап, реттейтін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, министр А.Цой бұл саланы реттейтін реформалар жасауға бейіл емес... Олар тек ақша жасаудың механизмдерін жақсы біледі...

Қазақстан медицинасының осыншалықты сорлы халде екенін, құрған жүйелері арқылы халыққа қастандық жасап отырғандарын үкімет те, билік те беске біледі. Білсе де, түзетейік демейді. Халық трагедиясынан жасап отырған бизнестері жүріп тұрса болды оларға. Халықтың денсаулығына түкіргендері бар...», - деп атап өткен жазба авторы.




Көрілген: 3562    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 19:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30